Қазақстанға «креативті тап» келе жатыр

Қазақстанға «креативті тап» келе жатыр

Бүгінде Батыс елдерін­де креативті тап жиі талқы­лана­тын тақырыпқа айнал­ды. Бұл ұғым Қазақ­станда бар ма? Болса, қай деңгейде? Оны қалай сипаттаймыз? Бұл сауал­дарға жуырда Саяси шешім­дер институтының ұйым­дас­тыру­ымен өткен отырыс барысында қазақстандық сарапшылар жауап іздеді.
Креативті тап теориясын америкалық экономист Ричард Флорида ұсынған бола­тын. Ол экономиканы өрлету үшін креативті сана керек екенін айтып, түрлі қызмет­терде жүрген амери­калықтардың 30 па­йызы креативті класқа жататынын айтқан болатын. Ол креативті таптың негізгі күшіне ғылым, техника, архитектура, дизайн, бі­лім, өнер, музыка және басқа да шығар­ма­шы­лықты қажет ететін салалардың мамандарын жатқызды. Сондай-ақ осы ұғымды бизнес, қаржы, заң, денсаулық сақтау салаларында жүр­ген мамандар да толық­тырып отырады екен.
Бұл бастаманы Британия мемлекетінің ға­лымдары іліп әкетті. Олар «креативті тап» ұғы­мына салмақты қарап, мұндай тапты құрауға се­бепкер болып отырған ма­мандық иелерін де жариялап үлгерді. Олардың тұжырымына сәй­кес, архитектура, кинематография, БАҚ, киім үлгісін құ­рас­тырушылар, музыка және компьютерлік бағдарламашылар жатқызылды.
Соңғы жылдары Ресейде де «креативті тап» ұғымы жиі сөз болып, бірқатар зерттеулерге арқау бола бастады. Дегенмен өткен жылы Мәс­кеудің Болотная алаңын­дағы билікті қол­даушылардың митингінен кейін бұл ұғымның беделі айтарлықтай түсіп кетті. Себебі Владимир Путин алаңға жиналғандарды «қоғамы­мыздағы креативті тап» деп атаған болатын. Нәтижесінде аталған ұғым Ресейде «билікті қолдау­шы­лар» деген түсінікпен астасып, қолда­ныс­тан қалып барады.
Ал Қазақстанда қалай? Әзірге елімізде бұл тақырыпты тереңірек қозғап, ғылыми, әлеумет­тік зерттеу жасағандарды атай алмаймыз. Дегенмен отандық сарапшы­лар­дың қай-қайсысы да креативті қауым туралы бір ауыз пікір айтуға бар. Қазіргі әлемде Қазақстан қоғамында «зия­лы қа­уым» (интеллигенция) ұғымы келмеске кет­ті десе де болады. ХХ ғасырда қоғамдық қаты­настарда беделді рөл ойнаған «зиялы қауымнан» айырылып қалғымыз келмей, оның жұрнақтарына көп жармастық. Осы күнге дейін еліміздің БАҚ беттерінде «бізде зиялылар бар ма, зиялы қауым қайда кетті, зиялы қауым неге үндемейді» деген сыңайдағы тақырыптарда жарық көрген мақалалардан аталған тапқа деген қимас­тық сезім байқалды. Алайда қазір интеллигенцияны «жоқтаушылар» тынышталып қалды, яғни көндігіп келеміз.
Бір кездері кеңестік қоғамда жиі ай­тылған «жұмысшы тап» қазіргі қоғамда мүл­де айтылмайды. Белгілі бір сала ма­мандарының наразы­лығы туындап жатса, оларды жеке-жеке бөліп қа­рас­тыра­мыз, мә­селен, мұнайшылар, құрылыс­шылар, ди­қандар дегендей. Ал біртұтас тап ре­тіндегі жұмысшылар қазір жоқ. Сол сияқты бір кездері еңбеккерлер дедік, артынша ақжаға­лы­лар мен көкжағалылар көп айтылды. Қуатты күш буржуазия болды, енді қазір менеджерлер мен топ-менеджерлер келді. Қазір олар жоқ. Ұғым­дар алмасуда. Арасындағы өзгешелік тек атауларында ғана деп айта алмаймыз, заты да бір-біріне келіңкіремейді. Сол секілді «креативті тап» ұғымын да бір кездегі таптардың еш­біріне дәл сыйғызуға болмайды. Атал­ған тақы­рыпты қозғап жүрген әлемдік сарап­шы­лардың көбінің пікірі бір мәселеде түйі­седі. Алдағы уақытта «креативті тап» өкіл­дері дегеніміз интеллигенттіліктің баламасы болып шығады. Дегенмен ол бір кездегі «зиялы қауым» деген ұғымнан бөлек.
Осы күнге дейін жинақталған белгілер бойынша креативті тап өкілдеріне сипаттама бе­рер болсақ, былай болып шығар еді: олар­дың алғашқы сипаты – бастама­шыл­дық. Кез келген істе, кез келген саладан жаңалық іздеуге әуес болатын, адам ізін салмаған жаңа жол­дарға түсуден қо­рық­пайтын адамдар. Екіншіден – еркіндік. Еңбек етіп, табыс көргісі келеді. Соған қа­рамастан, жұмыс берушінің, биліктің ыр­қына көнгісі жоқ. Біреулер мұны батыстық ин­дивидуализмнен туындаған сапа деуі де мүм­кін. Алайда еркіндікке ұмтылу – кез келген қауымның табиға­тында бар нәрсе. Үшіншіден – ұйым­шылдық. Шұғыл түрде ұйымдасу қабі­леті – бұларға интернет ар­қылы дарыған қа­сиет. Әлемнің әр нүк­те­сінде отырып, бір бастаманы бірдей игеріп әкету, тәжірибе алмасу заманауи ақпарат­тық техноло­гиялардың арқа­сын­да ғана мүмкін болады. Батыс елдерінің са­рап­шылары әлемнің әр нүктесіндегі «оккупайшыл» митингтерді ұйымдастыру­шы­ларды осы креативті топқа жатқы­за­ды.
Дегенмен «креативті тап» ата­уының дұрыс­тығына қосылмайтындар да кездеседі. Олар «креативті тап» дегеннен гөрі «креативті топ» дегенді қолдайды. Вisam Central Asia ЖШС басшысы Леонид Гуревичтің айтуынша, «креативті тап» ұғымы ғылымда уақытша ғана тұрақ­тайды. Бұл жай ғана сән қуғандардың үрдісі болуы мүмкін. «Жеке басым «креативті тап» деген ұғымды зерттегеннен гөрі, бізде креативті бағытта дамуға мүмкіндік бар ма деп мәселе қояр едім немесе креативті қауымдастық бар ма дер едім. Оны тапқа жатқызғаннан гөрі, қауымдастық дегеніміз дұрыс болады», – дейді ол.

Сарапшы пікірі
Юрий ДОРОХОВ, Insight коммуникациялық агенттігінің директоры:
– Меніңше, «креативті тап» ұғымын Батыс басқаша, Ресей басқаша, Қазақстан басқа­ша түсінеді. Аталған ұғымды ұсынған Ричард Флорида оның негізгі анықтаушысы ретін­де үш «т»-ны ұсынады: технология, талант және толеранттылық. Бізде әзірге технология­ның деңгейі біршама төмен. Ал толеранттылықтың деңгейін Флорида біржыныстылар­дың индексі бойынша анықтайды. Оның ойынша, қоғамның жаңашылдықты қалай қар­сы алатыны біржыныстыларға деген көзқарасымен анықталады. Дегенмен бұл – оның жеке көзқарасы. Тағы бір америкалық саясаттанушы Адам Пшеворск осыдан 20 жыл бұрын «демократия табалдырығы» деген ұғымды ұсынып еді. Сол бойынша, адамдар­дың табыс көзі белгілі бір деңгейден асқаннан кейін олар демократия мен еркіндікті талап ете бастайды.

Ринат ШАЯХМЕТОВ, RBK Bank банкі төрағасының кеңесшісі:
– «Креативті тап» деген ұғымға синоним жоқ. Өйткені бұл термин жастардікі, оны жаңа ұрпақпен ғана байланыстыруға болады. Ғалымдар алдағы 10 жылдың ішінде болатын өзгерістер бұған дейінгі 200 жыл уақытта болатын өзгерістермен тең дейді. Менің түсінігімдегі «креативті тап» дегеніміз – батыл адамдар. Бастамасын батыл түрде ұсына алады. Дегенмен мұндай тап әзірге Қазақстанда жоқ дер едім. Мұны қоғамдағы жағдай көрсетіп отыр. Мәселен, қазіргі жастарды Марк Цукербергтің замандастары деп те атайды. Оларға 1984 жылдан кейін туылғандарды жатқызуға болады. Қазақстанда да осындай жаңашыл әрі бастамашыл жастар пайда болып келеді. Алайда әлі тап құрай алатындай деңгейде емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста