Қазақстандық блоггерлердің ықпалы қаншалықты?

Қазақстандық блоггерлердің ықпалы қаншалықты?

Қоғамда «блог» ұғымы кең таралып келеді. Батыста басталған бұл дәстүр қазіргі таңда инфрақұрылымдық жүйесі жедел дамып келе жатқан мемлекеттердің көпшілігіне қолжетімді дүниеге айналды. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Жуырда өткен кезекті бір жиын барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Антон Морозов «қоғамдық пікір қалыптастыруда журналистерден гөрі блоггерлер қауіпті» деген пікір айтты. Бұл көзқарасқа айтар уәжіміз бар.
Біздіңше, белгілі бір ақпараттан қоғам­дағы азаматтардың көпшілігі құлақтанып, сол оқиғаны талқыға салып, көпшілік ара­сына тараған кезде ғана қоғамдық пікір қа­лыптасады. Ал біздің қоғамда пікір қа­лыптастыратындай блогосфера әлі да­мыған жоқ. Шыны керек, ортамызда қо­ғам­дық пікір қалыптастыруда үрей ту­ғыз­бақ түгіл, блог жайында қарапайым тү­сі­нік бере алмайтындар көп. Бұл жерде қа­зақ­тілді блоггерлердің саусақпен санар­лық екенін айта кеткен жөн. Себебі қазақ­тардың көпшілігі интернеттің иісі мұрны тұрмақ, төңірегіне де бара бермейтін ауыл-ай­мақ­тарда күнелтіп жатыр. Ал елімізде мем­ле­кет құраушы ұлттың басым екенін және күн санап көбейіп келе жат­қанын ескерсек, орыс­тілді блоггерлер қоғамды жарып жі­бе­ретіндей пікір қалыптастырып, ой туғызады дегенге сену қиын.
Батыста блоггерлердің ықпалы неге күшті?
Себебі виртуалды күнделік Батыс өр­ке­ниетіндегі мемлекеттерде пайда болды. Батыс­тың белді басылымдарының бірі Was­hington Profile ең алғашқы блог ашып, оны жүргізген Тим Бернес-Ли деген азамат деп көрсетеді. Аталған блоггер виртуалды күн­делігін 1992 жылы жүргізе бастаған. Ал интернетті өзгелерден ертерек меңгерген мемлекеттерде блог жүргізу 1996 жылдан бас­тап кең таралды. Одан бері 15 жыл өтіпті. Әр сағатта таңдай қақтырарлық та­лай жаңалық ашылып жатқан уақыт пен кеңістіктің қазіргідей өлшеміне қарап, 15 жыл деген мерзімнің мүмкіншілігі қан­шалықты екенін сана таразысына тарта бе­ріңіз. Әлбетте, батыста блоггерлердің беде­лі де, ықпалы да жоғары болуы –  заң­­­­ды­лық. Себебі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты мемлекеттерде блогпен жұмыс істеу әлдеқашан жал­пықоғамдық іске айналып кеткен. Жыл ада­мы ретінде Facebook әлеуметтік желі­сі­нің негізін қалаған Марк Цукербергті таң­да­ған қоғамда интернетке жақын жанның бе­делі қандай екенін аңғару аса қиын емес. Айтпақшы, 23 жасында миллиардер атанған Цукербергтің ақтық сында ақпа­раттық технологияның тағы бір өкілі – атышулы Джулиан Ассанждан асып түс­кенін де айта кет­кен жөн шығар. Джулиан Ассанжды қазір өзі өмірге келген Авс­тралияның Квинс­ленд штатының тұр­ғындары ғана емес, тұтас әлем жазбай таниды. Бізден 15-18 жыл бұрын ин­тер­нетке икемделген мемлекеттерден шыққан блоггерлердің әлемдік саясатқа қалай ықпал етіп отырғанын байқаймыз.
Саяси сарапшылар «Қазақстандағы блог­­герлер журналистерді ақпарат кеңіс­тігінен ығыстырады» деген пікір айтады. Бірақ қазіргі отандық блоггерлердің дені – журналистер. Жуырда оn.kz атты қазақ ті­лін­дегі тұңғыш әлеуметтік желі іске қо­сылған-ды. Аз уақытта біршама қолда­ну­шымен толыққан желіге бас сұғып, жалпы блоггерлердің қандай тақырыпқа қалам сілтейтінін зерделеген едік. Аталған әлеу­меттік желіде жеке блогпен жұмыс істеп жүрген журналистердің дені жеке шығар­машылықпен айналысады. Әнші, әртістер сахнадағы жаңалықтарымен бө­ліседі. Қазіргі қазақ журналистикасында, қазақ шоу-бизнесінде түрлі проблемалар бол­са да, блогшылар тереңге бара бермей­ді. Бір сөзбен айтқанда, шағын аудиторияға ар­налған тақырыптар көтеріледі. Ол ақ­параттарды газет-журналдар мен теле-ра­дио жаңалықтарынан да естіп-біліп, көріп жүр­міз.
Артур НЫҒМЕТОВ, журналист-блоггер:
– Қазақстандықтартың 20-30 пайызы ғана интернетпен қамтамасыз етілген деген статистикалық деректер бар. Ал оның ішін­де блогпен жұмыс істейтіндер некен-саяқ. Қазақстандық блоггерлер қоғамдық пікір қалыптастыратындай әлеуетке ие деп айта ал­маймын. Мысалы, Ресейдің жастары блог мәселесіне үлкен көңіл бөліп жатыр. Олар қоғаммен араласып жүріп, келеңсіз­дік­­терді бейнекамераларға түсіріп, таспа­ны блогтарына дер кезінде қояды. Яғни қо­ғамға ортада не болып жатқанынан бүк­песіз, шынайы ақпараттарды жеткізіп оты­ра­ды. Ресейдің облыстарында тіпті мемле­кет­тік деңгейде блог арқылы қоғамдық пікір қалыптасып отырады. Бізде саясат, экономика, коммуникация салалары бо­йынша батысқа жету үшін бірнеше жыл керек деген қасаң пікір қалыптасқан. Біз басымыздан кешкен алғашқы қауымдық құрылыс, құлиеленушілік, феодалдық ке­зеңдерді батыс елдері де өткерді. Бірақ қа­зір­гі даму көрсеткіштеріміз жер мен көк­тей. Меніңше, қазір блогты ойлап тапқан елдер мен біздегі блогосфераның дамуы деңгейін салыстыруға келмейді. Бірақ батыстағыдай ықпалды күшке айналдыру үшін, баз біреулер айтып жүргендей, бір­неше жыл керек емес. Тек қана ашық қоғам құру­ға, интернетке қолжетімділікке жағдай жа­сау керек. Ал енді «блоггерлер қоғамдық пі­кір тудыруда қауіпті» деген пікірмен тіпті де келіспеймін. Мұны мен блоггерлерге тұ­сау салайық деген ұсыныс деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста