Қазақстандағы аштық туралы өзімізден гөрі, Батыс ғалымдары көбірек біледі

Қазақстандағы аштық туралы өзімізден гөрі, Батыс ғалымдары көбірек біледі

Өткен жолы Елбасы қазақ халқының 40%-ын жалмаған ашаршылық зұлматының 80 жылдығын атап өту қажеттігін еске салып, арнайы тапсырмалар берген-ді. Осы шара шеңберінде кеше Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты «1930 жылдары КСРО-дағы ашаршылық пен террордың ауқымдылығы мен ықпалын түсіндірудегі жаңа көзқарастар» атты жиын өткізді. Басқосудың ерекшелігі, бұған Еуропа мен АҚШ-тың беделді төрт бірдей ғалымы қатысып, қазақстандық тарихшылармен диалогқа түсті.
Расында, Тәуелсіздіктен бері қайта қаралып, қайта түзіліп жатқан ұлт тари­хының әр кезеңіндегі ақтаңдақтарды аршу – үлкен, ауқымды шаруа. Оның үстіне бұл бағыттағы жұмыстың шеңбері халықаралық деңгейде талқылауды да талап ететіндігі айқын. Ал сондай әлі де айқындай түсетін ақтаңдақтардың біріне 1928-1933 жыл­дары орын алған аштықты жатқызуға бо­лады. Тарихшылар осынау ұлт басындағы ұлы зұлматтың ең шарықтау шегі 1932 жы­лы болғанын айтады. Сондықтан да Ел­басы ашаршылықтың 80 жылдығын биыл атап өту керектігін еске салған-ды.
Зерттеу демекші, Батыс тарихшылары КСРО мен Қазақстандағы ашаршылық туралы ертерек әрі тереңірек зерттеген. Тіпті Батыс ғалымдары бұл туралы том-том кітап жазып, сталиндік басқару тұсындағы түйткілдерге көп шүйліккен екен. Цен­зу­раның салдарынан Қазақстан тарих­шыла­рының бұл мәселеге тек 80-жылдардан бері қарай ғана мойын бұра алғаны белгілі. Сондықтан да Мемлекет тарихы институты Еуропаның белгілі ғалымдарымен пікір алмасуды жөн санапты. Ал ашаршылыққа қатысты пікір алуандығына келсек, мұнда да, расымен, проблемалар жеткілікті. Мә­селен,  Ресей ғалымдарының Қазақстандағы ашаршылықты мойындағанымен, оны көбінесе сол кездегі саясатшылардың қателіктеріне орайластырып, солай болуы керек секілді қабылдайтыны белгілі. Қыр­ғынға ұшыраған халықтың санына қатысты да ортақ көрсеткішті  айта алмайды ешкім.  Ал одан да маңызды сұрақтардың бірі  ашаршылық әдейі ұйымдастырылған саясат па, әлде бұған басқа себептер бар ма дегенге саяды. «Қазақстандық тарих­шылардың көзқарасына салсақ, аштық қолдан жасалып, әдейі ұйымдастырылды. Әрине, оған табиғи факторлардың да себебі болды. Бірақ негізінен қырғынға ұшыратудың биліктің әрекетінен болғаны айқын», – дейді Мемлекет тарихы инсти­тутының басшысы Бүркітбай Аяған.
Ал ұзақ жылдар бойы Ресейдің өңірлеріндегі, Украинадағы ашаршылықты тиянақты зерттеген австралиялық профес­сор Стивен Уиткрофт негізінен Қазақстан­дағы ашаршылыққа қатысты пікірді сол кездің статистикасымен саралап, билік­те­гілер ұстанған саясаттың ұстынымен байла­ныстырады. Яғни, оның айтуынша, Қазақ­стан­да аштықтың орын алуына себепші негізгі екі фак­торды алға тартуға болады. Оның бірін­шісі – сол кездегі КСРО билігіне келген большевиктердің топастық саясаты. Екінші маңызды фактор – қуаңшылық. «Расында да, негізгі мамандығы экономист болып табылатын Стивен Уиткрофт Қазақстандағы ашаршылықтың мән-жайын бізден әлде­қайда бұрын айтып, баяғыдан бері зерттеп келеді. Сосын профессордың бір басым­дығы: ол тарихи зерттеулерін негізінен сол кездің статис­тикасымен үйлестіріп қарайды. Сондықтан да оның тұжырымы шындыққа жақындау саналады. Дегенмен Батыс ғалымдарының арасында да тарих­тың осы мәселесіне қатысты алауыздық бар­шылық. Біреуі аштық әдейі ұйымдасты­рылған десе, енді бірі қуаңшылықты меңзейді, үшіншісі алдыңғы екеуінен гөрі, сауатсыз саясаттың салдарынан халықтың жапа шеккенін  растайды», – дейді тарихшы Бүркітбай Аяған.  Айтпақшы, жиын бары­сын­да ашаршылықтың 80 жылдығына орай жақында Астанада ұжымдастыру құр­бандарына арналған ескерткіш ашы­ла­тыны, сосын  Мемлекет тарихы институ­ты­ ғалымдары жазған «Ашаршылық шын­дығы» атты кітап жарыққа шығатыны бел­гілі болды. 
Стивен Уиткорфт, Мельбурн университетінің профессоры, Австралия академиясының академигі:
– Мен өзімнің зерттеу бағытымды Кеңес Одағының экономикалық, әлеуметтік, демографиялық тарихы­мен үйлестіріп алған едім. Ал осы бағытты қарастырғанда 1928-1933 жылдар аралығындағы ауқымды зұлматқа тоқтамай кету еш мүмкін емес. Мұншалықты ашаршылықтың орын алу себебіне келсек, бұған ең алдымен партия басшылығының, сол кездегі биліктегі большевиктердің сауатсыз әрі топастық саясаты себеп болды деп ойлаймын. Оған көптеген тарихи деректі келтіруге болады. Бұл зұлмат әлемдік қауымдастықтан жасырылып, Сталин өзінің саясатының дұрыстығы­нан танбай, ашаршылыққа көз жұма қарауға болады деп санады. Сонымен қатар КСРО басшылығы сол кездері жұртшылықпен еш санаспады. Өз мақсатына жету үшін бар ауыртпа­шы­лықты шаруалардың мойнына артты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста