Қазақстан Республикасының Президенті халық пен елдің асқан бірлігі мен тұтастығының кепілі

Ұлт көшбасшысы, Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының, Конституцияның мызғымастының, мемлекеттік билік және халық бірлігінің кепілі әрі символы, қазақстан мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің негізін қалаушы.
Қазақстанның жаңа тарихы оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл күрделі тарихи кезеңде елді заманауи көзқарастағы жалпы ұлттық көшбасшы бастады. Кеңес империясының ыдырап Еуразиялық кеңістікте жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы жаңа басымдықтар мен нақты істерді, қуатты ерік-жігер мен патриоттық рухты талап етті. Дәл осы сындарлы шақта әлемдік деңгейдегі көшбасшымыз Республика халқын бір арнаға тоғыстырып, қоғам дамуының негізгі міндеттерін тізгіндей алды.
Қазақ елінің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесімен 1990 жылдың 24 сәуірінде сайланған еді.
Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті тікелей сайлау жолымен тікелей өкілеттілік алып, осыған байланысты мемлекет басшысы өз әрекетін халықтың қалауы ретінде дәйектей алатын саяси құқыққа ие болды.
1995 жылдың 29 сәурінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Н.Ә.Назарбаевпен Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін ұзарту туралы алғаш рет Қазақстанда республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуға дауыс беруге қатысқан барлық азаматтардың 95,46 пайызы немесе 7 932 834 адам (91,2 пайыз немесе 8 309 637) дауыс берді. Осылайша Қазақстандықтар төрт жылдан кейін өз Президентіне қайтадан сенім білдірді.
1993 Конституциясымен қарастырылмаған төтенше жағдай институты айтарлықтай деңгейде өкілеттілікті ұзартуды қамтыды. Қазақстан халқы ассамблеясының І сессиясында сайлау емес референдум өткізу үшін дәлел ретінде республиканың күрделі экономикалық және саяси жағдайда реформалар курсының сабақтастығы мен қазақстандық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, халықтың көп ұлтты құрамы, сайлау кампаниясының қымбаттылығы және тағы басқалары аталды. Аталған жағдайда сөз сайлау туралы емес дауыс беру Президент үміткерлігі бойынша өткен жоқ. Азаматтардың қарауына тікелей ерік білдіруі едәуір жоғары саяси-құқықтық беделі бар мәселе қойылды.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз елдің Президенті ретінде әуел бастан-ақ өзінің саяси қызметінде егемен мемлекетті құрудың, ұлттық мемлекетті қалыптастыру және нығайту, елдің экономикалық дамуы, өмір сүру деңгейінің артуы және азаматтардың әл-ауқаты, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа лайықты еніп және оның халықаралық тепе-теңдігін қамтамасыз етудің жақтаушысы болды.
Мемлекет басшысының елдің саяси егемендігін нығайту, экономикаға нарықтық қатынастарды құру, қоғамда әлеуметтік әділдік пен саяси ырықтандыру, халықаралық саяси серіктестермен едәуір терең және мықты байланыс орнату бойынша қызметі мұның бәрі біздің Елбасымыздың нақты мысалдары екеніне дау жоқ.
Оның барлық идеялары жыл сайынғы Елбасының халыққа Жолдауында айқын көрсетілген, онда барлық ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық басымдықтары, саяси жүйенің түрленуі, әлеуметтік-экономикалық және сасяи тұрақтылықты қалыптастыру, азаматтық қоғамның ұлттық өзін-өзі тану деңгейінің өсуі, елдің халықаралық беделінің артуы жүйелі түрде ашылып көрсетіледі.
Жоғарыда келтірілгендердің бәрі өзінің тұрақты және ажырамайтын бірлігінде халық, табиғат кешені бар аумақ пен өндірістік әлеует, Қазақстан Республикасының Конституциясы шеңберінде әрекет ететін азаматтық қоғам институттары, түрлі ұйымдар мен мемлекеттік билік органдарының жиынтығы ретінде мемлекет Қазақстан елін құрайды. Ол әлемдік қауымдастықпен танылды, өзінің бет-бейнесі мен өсіп келе жатқан беделі бар. Ол адамдарды өзінің бауырына тартып, жүрегіне жол нұсқайды. Әрі көптеген адамдар үшін өзінің Отаны болып табылады.
Дәл сол халық пен елдің асқан әрі мызғымас бірлігінің кепілі –Қазақстан Республикасының Президенті.
Президенттің Конституциялық міндеті әскерилендірілген қалыптастыру заңнамасымен қарастырылмаған сословиелік және рулық бөліну, діни, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік арыздықтар, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, республиканың тұтастығын бұзу, конституциялық құрылыстың бұзуға бағытталған кез-келген әрекеттің алдын алу және жою болып табылады.
Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтардың бірігуі, ұлтаралық қатынастардың президенттік мемлекеттік саясатын азаматтарға жеткізудің барлық мүмкіндіктерін қолданады.
Мемлекеттік биліктің жалғыз көзі 3 баптың 1 тармағымен халық болып бекітілген. Референдум және еркін таңдаулармен қатар халық оны мемлекеттік органдармен табыстау жолымен жүзеге асырады. Қазақстан конституциямен мемлекеттік аумақтық құрылысы бойынша унитарлы және президенттік басқару түрінде құрылған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси және экономикалық дамудың бірегей үлгісін құрған, бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін өзінің барлық күші мен ерік-жігерін беретін ұлт көшбасшысы, қазіргі заманның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері. Сондықтан оның стратегиялық ойлауы мен көреген саясаты әлем көшбасшыларын таңдандырып, адамдардың ерекше құрметін туғызады.
Тұңғыш Президенттің жеткен жетістіктеріне халық тарапынан шын ниетпен аса ірі, құрмет пен сенім білдіреді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Парламент Сенатымен Республика алдындағы Тұңғыш Президенттің ерен қызметі танылып, заңнама жобасы қабылданды.
2012 жылдың бірінші желтоқсанында Қазақстан тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін атап өтті.
Осыған байланысты барлық қазақстандықтарды осы атаулы мереке – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен» құттықтаймын. мықты көшбасшы - әрқашан табысты ел болғандықтан Біздің Елбасымызға ұзақ өмір, қызметіне табыс тілегім келеді!
Біздің аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз».

Анатолий Дермановский
Ақмола облысы
әділет департаментінің басшысы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста