Қазақстан Президенті ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларымен кездесті

Жиынға Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттің өкілі ретінде Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов пен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты деп хабарлайды akorda.kz.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі кездесу геосаяси ахуалдың өте қатты ушығып тұрған кезінде өтіп жатыр.

 

– Біздің экономикалық одағымыз белгілі себептерге байланысты санкциялық қарсылықтардың салдарынан туындайтын саяси  текетірестердің күшеюіне және оның елдеріміздің экономикасы мен қаржы жүйесіне кері әсеріне алаңдаушылық білдіреді. Валюта бағамына, төлем жүйесіне, екінші деңгейлі банктерге қатысты тәуекел-қатерлер күшейе түсті. Біз Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл тек басы ғана, алда өте күрделі жұмыстар тұр. Бұл жұмыстарды Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестерімізбен келісе отырып жүргіземіз деп ойлаймын. Экономикалық, қаржылық және өнеркәсіптік жүйелердегі тығыз ықпалдастықты ескере отырып, тәуекел-қатерлерді бағалауға және жағдайдың кері әсерін төмендетуге бағытталған экономикалық шараларды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру керек, – деді Президент. 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы реттеушілерін қатыстыра отырып, экономикалық ведомстволар деңгейіндегі аталған жұмыс тобын ұйымдастыруды ұсынды. Үйлестіру жұмыстарын Еуразиялық экономикалық комиссия өз қолына алуға тиіс. Оның пікірінше, сыртқы макроортадағы күрделі жағдайға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық көрсеткіштері оң қарқын көрсетуде.

 

– 2021 жылдың қорытындысы бойынша Одақтың сыртқы саудасы 34 пайыздан асты, ал ішкі сауда көлемінің көрсеткіші одан да жоғары, яғни 67 пайызға жетті. Бұл – Еуразиялық одақтың ішкі сауда-экономикалық байланыстарының нығайғанын білдіретін жақсы көрсеткіш. Ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімі – 4,4 пайыз. Бұл болжанған көрсеткіштен едәуір жоғары. Өзара сауда-саттықты кеңейту, экономика салаларындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі бағытымыздың дұрыс екеніне қуаныштымын, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

Премьер-министрлердің сөзін тыңдаған Қазақстан Президенті соңғы оқиғаларға байланысты ауқымды жұмыстар атқару керек екенін атап өтті.

 

– Елдеріміздің үкіметтері аса күрделі проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табуға тиіс. Бұл өте маңызды. Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысынан зор нәтиже күтеміз. Біз бар күш-жігерімізбен және еңбегімізбен мемлекеттеріміздің стратегиялық мүдделеріне сай келетін Еуразиялық экономикалық одақтың абыройы мен беделін сақтауымыз қажет. Шын мәнінде, азаматтарымыз бұл Одақтан нақты нәтижелер күтеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Кездесу соңында Қазақстан Президенті үкіметтер басшыларына ортақ мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру ісінде табыс тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста