Президент жарлығымен Антикорға бірқатар қосымша құзырет берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет беретін Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Жарлыққа сай, Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігіне мына функциялар берілді:
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдепжөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;
- ҚР Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
- сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және
бекіту.
Жарлық алғаш ресми жарияланған күннен, яғни 20 шілдеден бастап күшіне енді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz