ОСК: Президенттікке үміткерлердің саны 24 адамға жетті

ОСК: Президенттікке үміткерлердің саны 24 адамға жетті

2015 жылдың 14 наурызына дейін Орталық сайлау комиссиясына келіп, кандидат ретінде өтініш берген азаматтардың саны 24 адамға жетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше «Табиғат» экологиялық одағының көшбасшысы Мэлс Елеусізов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін өтініш берген. М.Елеусізовтен басқа, Қазақстан Спорт және туризм академиясы президентінің кеңесшісі Қожа-Ахмет Хасен Кәрімжанұлы да өз кандидатурасын ұсынып, өтініш берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

Сонымен, бүгінгі күнге дейін ҚР Президенттігіне кандидат ретінде өтініш берген азаматтардың тізімі мынадай:

1.Сырғабаев Асқар Жорабайұлы, 1959 жылы туған, жеке кәсіпкер, Астана қаласы. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

2.Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы, 1962 жылы туған, уақытша жұмыссыз, өзін-өзі ұсынған.

3.Қойшиева Лимана, 1969 жылы туған, «Рухани қоғам әлемі» Қоғамдық қорының президенті, өзін-өзі ұсынған.

4.Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, 1977 жылы туған. Құрылыс компаниясында инженер, өзін-өзі ұсынушы.

5.Мырзашев Сухраб, 1984 жылы туған, құрылыс компаниясында жүргізуші. Өзін-өзі ұсынушы.

6.Өктешбаев Есенбек Жапарұлы, 1958 жылы туған. Қоғам қайраткері, өзін-өзі ұсынушы.

7.Жүнісбеков Якобжан, 1946 жылы туған, зейнеткер. Өзін-өзі ұсынушы.

8.Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы, 1947 жылы туған. «Қазақстан коммунистер партиясының» хатшысы. Осы партия атынан ұсынылған.

9. Жұман Қанат Тоқтарұлы, 1969 жылы туған, «Астана мұнай Груп-2007» жанармай құю бекетінің басшысы. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

10.Серғазин Ержан Мерекеұлы, 1971 жылы туған. Әскери адам. Өзін-өзі ұсынушы.

11.Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, 1965 жылы туған, «Кенесары хан» қорының президенті. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

12. Майышев Қайрат Әлембайұлы, 1975 жылы туған, «Жас қанат-2006» ЖШС директоры. Сайлауға өзін-өзі ұсынушы.

13.Естемесов Бақтияр Өксікбайұлы, 1972 жылы туған, жеке кәсіпкер. Өзін-өзі ұсынушы.

14. Төрегелдиев Қанат Сыбашұлы, 1962 жылы туған, уақытша жұмыссыз. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

15. Құрсабаев Мұхамедрахим Қадырбайұлы, «Тұран-Астана» университетінің оқытушысы. Сайлауға өзін-өзі ұсынған.

16. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, 1940 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Президенті. «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған кандидат.

17.Өтепова Айгүл Дүйсенбайқызы, 1970 жылы туған. Уақытша жұмыссыз. Өзін-өзі ұсынушы.

18.Телібеков Мұрат Айтжанұлы, 1958 жылы туған. Уақытша жұмыссыз. Сайлауға өзін-өзі ұсынушы.

19.Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы, 1952 жылы туған. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы. Сайлауға өзін-өзі ұсынып отыр.

20.Мұқаш Серік Тасқараұлы, 1950 жылы туған, «Экологиялық тұрақтылық» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы. Сайлауға өзін-өзі ұсынып отыр.

21.Асылбек Амантай Хантемірұлы, 1942 жылы туған. Сайлауға өзін өзі ұсынушы.

22.Қалыбай Жарылқап Сейділәұлы, 1959 жылы туған. «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы. Сайлауға өзін-өзі ұсынушы.

23. Мэлс Елеусізов, 1950 жылы туған, «Табиғат» экологиялық одағының көшбасшысы.

24. Қожа-Ахмет Хасен Кәрімжанұлы, 1949 жылы туған, Қазақстан Спорт және туризм академиясы президентінің кеңесшісі. Сайлауға өзін-өзі ұсынып отыр.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста