Орталық Азияны кiм билесе, әлемдi сол билейдi

Орталық Азияны кiм билесе, әлемдi сол билейдi

Баяғыда Мағжан Жұмабаев ақынның «Түркiлер еншi алып тарасқанда, қазаққа қарашаңырақ қалмап па едi» деп жырлағанындай, Орталық Азиядағы қарашаңырақтың заңды иесi һәм көшбасшысы Қазақстан екенiн алпауыт державалар әлдеқашан мойындаған. Алайда тарихи тағдырлас өзекеңдердiң Орталық Азияның көшбасшылығынан дәмесi зор.
Қазақ пен өзбек арасындағы бақталастық сонау Шыңғыс қағанның ұлдарына еншi бөлiп берген заманынан басталады. Қазақ пен өзбекке Жошы ұлысы мұраға қалды. Өзбек хандарының шежiресi Жошының төртiншi баласы Шайбаныдан тарқатылса, қазақ хандарының атасы Жошының үлкен баласы Орда Ежен болып келедi. Демек, сол кездегi Дештi-Қыпшақ даласының мұрагерi қазақтар, қарашаңырақ та, көшбасшылық та Қазақстанға еншi болып қалды деуге толық негiз бар. Пысықтық қылып, Алпамыс батыр мен Әмiр Темiрдi «ұялмай» иеленiп алған өзекеңдер осы арқылы Орталық Азияның қожайыны болуға идеологиялық-тарихи негiз жасап алғысы келедi. Тарихи кезең және қазiргi геосаяси ахуал таразы басының қай жаққа ауып тұрғанын тайға таңба басқандай анық аңғартып тұрса керек. Бұған дәлел жетiп-артылады. Қазақстан әу бастан Орталық Азияның жүрегi һәм басты тiрегi. Алайда Американың көрнектi саясаттанушысы Збигнев Бжезинский өзiнiң «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбегiнде Қазақстанды Орталық Азияның «қалқаны», ал Өзбекстанды оның «жаны» деп атапты кезiнде. Збигнев Бжезинскийге сол кезде АҚШ-тың одақтасы болған Өзбекстанды осылайша асыра мақтауға тура келген шығар. Бұл – шындыққа қиянат. Қазақстан тарихта Орталық Азияның «қалқаны» әрi «жаны» болып келдi, солай қала бередi. Қазақстансыз Орталық Азияны елестету мүмкiн емес.
Орталық Азияның тарихи-геосаяси орнын тереңiрек бағамдау үшiн оның ғылымда қалыптасқан геосаяси маңызына тоқтала кеткен жөн сияқты. ХХ ғасырда өмiр сүрген ағылшын геосаясаттанушысы Хэлфорд Макиндердiң «Хартленд», яғни «Құрлық кiндiгi» дейтiн тұжырымдамасы Орталық Азияның геосаяси орнын асқақтата түседi. Бұл тұжырымдама бойынша, Еуразия кеңiстiгi Хартленд деп аталып, оны айналдыра Батыс елдерi, мұсылман әлемi, Оңтүстiк-Шығыс Азия аймағы енетiн «Римленд», яғни iшкi жарты ай белдеуi болып қоршап тұрады. Оның сыртында Солтүстiк Америка және Латын Америкасы елдерiн қамтитын «Әлемдiк Исленд», яғни сыртқы жарты ай белдеуi бар. Жоғарыда аталған «Хартленд» аймағына қазiргi ТМД, ашып айтқанда, Орталық Азия елдерi жатады. Жарықтық Макиндерге сенсек, «кiмде-кiм Шығыс Еуропаны (Римленд) алса, Хартлендтi билей алады, ал кiмде-кiм «Хартлендтi» билесе, бүкiл әлемдi уысында ұстайды. Хартленд – Еуразияның жүрегi, Орталық Азия қашан да ғаламдық үрдiстер орталығы болып келдi. Демек, бұл тұжырымдама бойынша, Хартлендтiң кiндiгi Ресей де, Өзбекстан да емес, Қазақстан болуы керек. Өзбекстан Қазақстан көтерген өмiрлiк маңызды бастамаларды қолдамақ түгiлi, ашық қарсылық бiлдiру арқылы аймақтық интеграцияның iлгерi басуына тұсау салады. Қашан да кежегесi керi тартады да жүредi. Қазақстан белсендi интегратор болса, Өзбекстан дезинтегратор. Соның кесiрiнен аймақта игi интеграциядан гөрi керi тартқан дезинтеграция құбылысы күштi болып тұр. 2002 жылғы «Орталық Азия ынтымақтастық» ұйымын құру туралы бастама ақыры сиырқұйымшақтанып кеттi. Оның орнын ЕурАзЭҚ басып едi, өзекеңдер одан да ат құйрығын үзiп тынды. Жақында Ташкен барған Медведевке Ислам ака Әмiр Темiрдiң даңқымен бiраз мақтанып алды. Әншейiнде Арал мәселесiне мүлде бас ауыртпайтын өзекеңдер Құрбанқұлы Бердiмұхаммедовпен сегiз басты құжатқа қол қойысып, Аралға алаңдайтынын бiлдiрдi. Баяғыда қайда қарап қалды? Оған да шүкiр дейiк. Орталық Азияны жалғыз Қазақстан құра салмайды. Әсiресе, дағдарыс кезеңiнде «бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығару» керек-ақ. ЕуроОдақ бағзыдан бақталас немiс пен француздың ынтымағымен ұйып едi. Ендеше, 1950 жылдардағы Франция мен Германияның «көмiр мен болаттың» бiрлестiгi бүгiнгi Еуропалық одақтың негiзiн қалаған болса, Қазақстан мен Өзбекстан «мұнай мен судың» бiрлестiгi негiзiнде Орталық Азия одағының алғышартын қалауға болар едi. Табиғи ресурстарға бай Орталық Азия мемлекеттерiнiң мұхитқа шығар жолы жоқ. Бұл әлемдiк саяси-экономикалық белсендi ойыншыға айналуына кедергi келтiретiн фактор. Қазақстан, Өзбекстан және Түрiкменстанда әлемдiк газдың 4,3 пайызы шоғырланған. Арал да, аймақ та, су да ортақ. Алайда ортақтастықтан гөрi одыраңдаудан аса алмай келемiз. Қазақ қол созса да, өзекең өзеуреуiн доғарар емес. Тайталасатын дәрменi болмаса да, тырбанып бағады.

Орталық Азия гегемондығына тайталас
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҮМКIНДIКТЕРI ҚАНДАЙ?
Артықшылығы:
Елдегi саяси-этникалық тұрақтылық. Жағрапиялық жағынан Орталық Азияның басым бөлiгiн алып жатыр. Пайдалы қазбаларға аса бай, транзиттiк мүмкiндiгi мол,инвестиция тартуға өте қолайлы климат жасалған. Қазақстан қалайы, мыс, мырыш, хром, алтын, висмут, молибден, алюминий, темiр, марганец, көмiр, фосфорит қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Уран қоры бойынша әлемде екiншi орын алады. ЖIӨ көлемi 133 726 млрд доллар, ал жан басына шаққанда 11 000 доллардан келедi.
Геосаяси-экономикалық амбициясы:
Қазақстан мұнай өндiрудi 2015 жылға қарай 150 млн тоннаға, экспортты 125 млн тоннаға, ал табиғи газ өндiрудi    40 млрд м/кубқа дейiн ұлғайтуды көздеп отыр.
Кемшiлiгi:
Көпұлттылық пен көпдiндiлiк ахуалдың қауiпке айналу ықтималдығы, тiл мәселесiнiң күрделi күйiнде қалуы. Импорт тұтынуға тым тәуелдiлiк. Нақтылы өндiрiстен алыпсатарлықтың басымдығы сақталып отыр.

ӨЗБЕКСТАННЫҢ МҮМКIНДIКТЕРI ҚАНДАЙ?
Артықшылығы:
Ең бастысы, демографиялық доминанттылық. Халық саны 27 миллионға жеттi. Халық саны жағынан ТМД бойынша Ресей, Украинадан кейiнгi үшiншi орынды алады. Ел халқының 80 пайызын өзбектер құрайды. Табиғи өсiмi 1 шаршы метр жерге 59,4 адамнан келедi. Алтын, мұнай-газ қоры бар. Мақта өндiрiсi жақсы дамыған. «УзДэуАвто» шетелдiк көлiктердi шығарады.
Геосаяси-экономикалық амбициясы:
Өзбекстан мен Түрiкменстан табиғи газ өндiрудi 40 млрд м/кубқа дейiн арттырмақ.
Кемшiлiгi:
Елдiң халықаралық беделiнiң төмендiгi. Елде дiни экстремистiк топтар мен есiрткi барондары мемлекеттiк билiкке үлкен қауiп төндiредi. Оппозицияның тоз-тозы шыққан. Экономикасы реформаланбаған. Халықтың жалақысы төмен, елде жұмыссыздық жайлап, еңбекке жарамды азаматтар гастарбайтер болып шетелге ауып кеттi. Астық импортына тым тәуелдi. ЖШӨ көлемi 26,325 млрд доллар, ал жан басына шаққанда 950-ақ доллар.

ОЙ-Тұздық
Тарихта тайталассақ та, жаһандану заманы интеграцияны талап етедi. Алты алаштың баласы Орталық Азияға еге болса, Макиндер меңзегендей әлемдi билемей ме? Бәлкiм, өзекеңдер бергi тартысты қойып, алысқа апаратын одақтастық туралы ойлана жатар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста