Өлім жазасын қолдану қажет пе?

Өлім жазасын қолдану қажет пе?

Соңғы жарты ғасыр ішінде әлем елдері ара­сын­да өлім жазасына кесу мен оны қолдану аясы шектеліп келеді. Қыл­мыс­кер­ге қатысты аса қатал үкім қазір тек Қытай, Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясы мен АҚШ секілді бес елде ғана нақты орындалып келе жатыр. Қалған мемлекеттерде заң жүзінде өлім жазасы кү­шінде болғанымен, ондай үкім іс жүзінде орындалып жатқан жоқ. Мұндай жал­пы­әлем­дік трендтен Қазақстан да шеттеген емес. Дегенмен Бас прокуратура әзірлеп жатқан жаңа Қылмыстық кодекс жоба­сында өлім жазасын қалдыру қажет пе? Кеше Парламент Мәжілісінде дәл осы мәселе талқыға түсіп, депутат­тардан бастап сарап­шы­ларға дейін мәселенің қыр-сырына үңілді, әлемдік тә­жірибені тағы бір сүзгіден өткізді.
Қазақстанда өлім жазасының ең соң­ғы үкімі осыдан дәл он жыл бұрын орын­­дал­ған екен. 2003 жылдың жел­тоқ­санынан бе­рі елімізде өлім жазасын орындауға мо­ра­торий жарияланып, ең қатал үкімнің іс ­жүзінде орындалуына шектеу қойылған. Ал бұған дейінгі жағ­дайымыз қалай еді? Мәселен, са­рап­­шылардың мәліметіне сүйенсек, 1990 жыл­дан 2003 жылға дейін 536 қазақ­стан­дық өлім жазасына кесіліпті. Оның ішінде 1996-1998 жылдары өлімге бай­ланғандар саны жылына жүздің тө­ңі­ре­гінде болған. Кейіннен Кон­сти­туциялық ре­форма һәм заңнамалық ізгілік ша­ра­ларының жағдайды бірша­ма тү­зеткен сыңайы бай­қалады. Тоқтала кететін жайт, КСРО құ­рамында тұрғанда Қазақстандағы өлім жа­засы 59 қыл­мысқа қатысты болса, Тә­уелсіздіктің алғашқы жылдары олардың саны 50-ге, кейінгі реформалардан соң 18-ге дейін қысқарды. Яғни заңнамада өлім жазасына қатысты арнайы норма бол­ға­нымен, он жыл бойы өлім жазасын орын­дау практикада іске аспады. Бұдан бө­лек, Мемлекет басшысы мұндай жаза тү­рін қолдануды сатылап шектей отырып, кейіннен мүлдем тыйым салуға дейінгі ба­ғытты да айқындаған болатын. Қазақ­стан­ның Құқықтық даму тұжы­рымдамасында да ондай жоғары жа­заны мейлінше тарыл­ту құпталады. Ен­деше, былтырдан бері елі­міз­дің Бас прокуратурасы қолға алған Қыл­мыстық кодекстің жаңа жобасында жа­заның осы түріне деген көзқарас қалай қа­лыптасуы шарт? Түптеп айтқанда, жаңа кодексте өлім жазасын сақтап қалу ке­рек пе? Жиын барысында талқ­ыланған осы мә­селеге екіұшты пікірлер айтылған бо­­латын. Тіпті үкіметтік емес, адам құқы­ғын қор­ғауды мақсат еткен ұйым­дар әрнеге сіл­теме жасап, жаңа жобада өлім жа­за­сының қолдану аясының ке­ңею мүм­кін­дігіне қарсылық танытқан еді. Алайда Бас прокуратура өкілі мәсе­ленің мәнісін ашып айтты. «Қол­да­ныстағы Қылмыстық кодексте 18 қылмыс құрамы үшін өлім жа­засы қа­рас­тырылған болса, әзірленіп жат­қан жо­бада олардың саны – 16.  Жалпы, елі­мізде өлім жазасын алып тастау мә­се­лесіне келсек, оның құқықтық қана емес, саяси сипаты да бар. Ал ондай саясатты өзгертуге кез келген мем­лек­еттік органның шамасы жетпейді. Ең бастысы, өлім жаза­сын алып тастауға ниетіміз болғанымен, он­дай шешімді қабылдауға Конституция бабы кедергі бо­лып табылады», – дейді Бас проку­ра­тураның Қылмыстық кодекс жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының са­рапшысы Руслан Тоқтағұлов. Оның ай­туынша, жаңа жобада өлім жа­засы бұ­рынғыдай адам өлімімен бай­ла­ныс­ты болып табылатын террористік ак­тілер ұйымдастырған қылмыстар үшін және соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін қарас­ты­рылған.
Әлбетте, жаңа Қылмыстық кодекс әзір­ше тек нобайы ғана сызылған жоба кү­йін­де тұр. Ал ондай жобалардың тіпті Пар­ла­­ментке дейінгі кезең-кезеңдегі тал­­қы­лаулар барысында мың құбы­ла­тыны да белгілі. Дегенмен қыл­мыстық жа­уап­кершілік ахуалын айқындайтын басты жо­бадағы нормаларға ертерек араласқанның еш әбестігі болмас. Ал соның ішінде өлім жа­засына қатысты  дүниелердің парламенттік деңгейде талқылануының өзі жақ­сы нышанды білдірсе керек-ті. Әмсе «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегенді айтқың келеді...
Рақмет МҰҚАШЕВ, ҚР Парламенті Мә­жілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы:
– Қазақстанда өлім жазасына бала­ма ретінде өмір бойғы бас бостан­ды­ғынан айыру жазасы қолданылып ке­леді. Қазір мұндай жазаға кесілген жүз шақ­ты азамат бар. Дегенмен сондай жа­заға ке­судің мақсаты мен мәні неде, мі­неки, осыны дұрыстап шешетін уақыт жет­ті. Өмір бойына кесілген аза­мат­тарды бейімдеу, оларға пси­хологиялық тұр­ғыдан баға беру­ге мұқият болған аса қажет. Өйткені әлгі үкімге ке­сіл­геннің кейбірі шартты түрде мерзімінен бұ­рын босауға жататын болса, кей­бі­рінің жазасында шартты түрде мер­зі­мінен бұрын босату құқығы қа­рас­ты­рылмаған. Өйткені өлім жазасы оларды өмір бойғы бас бостандығын алмас­ты­руымен тағайындалып отыр. Бұл – бір­неше дүркін көтерілген, көптеген са­рап­шылар мен заңгерлер кемсі­ту­шілік деп бағалаған норманың бірі. Ендеше, дәл осы норманы қайта қарау, те­реңірек сараптау қажет. 

Грег КУИИН, Астанадағы Ұлыбритания елшісінің орынбасары:
– Өлім жазасы ешқашанда қыл­мыстық жаза үшін лайықты деп қа­р­ал­­мауы қажет. Сол үшін жал­пы­адам­зат­тық деңгейде оған тыйым керек-ақ. Мұн­дай үкім адамгершілік қасиетті ада ететіндіктен, оны орындауды ешқашан ақтап алуға келмейді.  Сондықтан да Қазақ­стан­ның жаңа Қылмыстық ко­дек­сінде өлім жазасын кеңейтпей, ке­рі­сінше кеміткен орынды деп санаймыз. Әри­не, Қазақстанда адам құқын қор­­ғау бағытында ілге­рілеушілік айтар­лықтай. Өлім жазасына мора­торий мен оған балама ретінде өмір бойғы бос­тан­дықтан айыру жазасы да сол – ілге­рі­леушілік. Дегенмен бір­қатар мә­се­леде әлі де қолға алы­натын дүниелер баршылық. Оның ішінде өмір бойы бостандықтан айы­рудан бөлек, ондағы ұсталатын адамдардың жағ­дайына да назар аударған орынды.

Жеміс ТҰРМАҒАМБЕТОВА, «Адам құқы үшін хартия» қорының басшысы:
– Кейбір сарапшылар «Қазақстанда террористік актілер үшін өлім жазасын қалдыру керек» дегенді алға тартады. Менің айтқым келетіні, Ұлыбритания мен Испания секілді лаңкестік акті­лерден талай жылдар бойы таяқ жеп келген мемлекеттер өрелік танытып, өлім жазасын мүлдем алып тастады. Не­ге сол елдерге қарап бой түземеске?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста