Нұрлан Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Нұрлан Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Нұрлан Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысы әкімінің өкіміммен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрлан Ерғалиұлы 1980 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы "Қайнар" университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесін алған.

 
Еңбек жолын 1999 жылы "Джакубаев Д.М." ЖК аға заңгері болып бастаған.

Әр жылдары "Астанаэнергосервис" ААҚ тұтынушылармен жұмыс жөніндегі қызметтің жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің №2 абоненттік учаскесінің бақылаушысы, "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" ЖАҚ тағылымдамашысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, директорының орынбасары, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры, Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрі кеңесшісінің міндетін атқарушысы болып қызмет атқарған.

2012-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

"Құрмет" орденінің иегері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста