Моноқалаларда жұмыссыздық «өршіп» тұр

Бұдан бір жыл бұрын Қазақстанда моноқалаларды дамыту жұмысының қолға алынғаны белгілі. Осыған орай арнайы мемлекеттік бағдарлама да қабылданған болатын. Оған «моно» деген қосымшасы бар 27 қала еніп еді. Бүгінгі ресми ақпаратқа сәйкес, бағдарлама аясындағы бірқатар шаралар былтырдан бері атқарылып келгенімен, моноқалаларды дамытудың нақты жұмысы ағымдағы жылдың басында қолға алына бастаған. Осыған орай кеше кезекті мәжілісте жиналған Үкімет мүшелері осы уақытқа дейін атқарылған шараны қарап, өздері үшін негізгі мәселелерді анықтап алды.
Алдымен мемлекеттік бағдарламаға енген 27 моноқаланы атап өтейік, олар – Степ­­ногорск, Хромтау, Текелі, Күлсары, Ақ­сай, Қаратау, Жаңатас, Балқаш, Жезқаз­ған, Қаражал, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шах­тинск, Абай, Арқалық, Жітіқара, Ли­саковск, Рудный, Жаңаөзен, Ақсу, Екібас­тұз, Зыряновск, Курчатов, Риддер, Сере­брянск және Кентау. Міне, бағдарлама аясында нақ осы қалаларды дамытудың бірнеше жолы қарастырылған. Біріншіден, инженерлік-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарланған болатын. Былайша айтқанда, моноқалада халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті жағ­дай жасалуы шарт. Ол үшін жергілікті билік апаттық баспананы бұзып, қаңырап тұрған тұрғын-жайларды жөндеп шықпақшы. Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде Жаңатас, Абай және Арқалық қала­ла­рында апаттық тұрғын үйлерді бұзу жұ­мыс­тары басталып та кеткен. Алайда мо­но­қалалардың қазіргі жағдайы мәз емес. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұ­ры­лым 70 пайызға тозыпты. Апаттық жағ­дайда тұрған тұрғын үйлердің басым бөлігі Арқалықта (84,7 пайыз), Абай қаласында (36,7 пайыз), Жаңаөзенде (10,9 пайыз), Қаратауда (8,4 пайыз) және Жаңатаста (7,1 пайыз) орналасқан. Бүгінде осының барлығын жөндеп шығуға қажетті қаржы бар. Дегенмен сол үйлердің бәрін жөндеп шыққаннан кейін ел азаматтары ол жерде тұрып, коммуналдық қызметтерді төлей ала ма? Жоқ. Себебі бүгінде моноқалалар­дың басым бөлігінде жұмыссыздық мә­селесі «өршіп тұр». Соның салдарынан ха­лық өздігімен жұмыс іздеп, нан табуға қаладан жыраққа қарай көшкен. «Шыны керек, моноқалаларда жұмыссыздықтың деңгейі республикадағы орташа көрсет­кіш­тен жоғары болып тұр. Мәселен, Арқа­лық­та – 9,4 пайыз, Кентауда – 8,7 пайыз, Ақсу қаласында жұмыссыздардың саны 7,9 пайызға жеткен. Бұдан басқа, көптеген моноқалаларда экономикалық белсенді, яғни еңбекке қауқары бар халықтың үштен бір бөлігінен астамы өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың санатына жатады. Осы көрсеткіш жағынан Қаратау (49,7 пайыз), Арқалық (49,3 пайыз), Жітіқара (47 па­йыз), Жаңатас (37,1 пайыз) және Құлсары (30,7 пайыз) көш бастап тұр», – дейді ви­це-министр Қ. Өскенбаев.
Моноқалаларды дамыту бағдарлама­сы­ның тағы бір бағыты – экономиканы әр­тарап­тандырып, шағын және орта бизнесті дамыту. Дәл осы бағытты іске асырудың арқасында халықты жұмыспен қамтып, тұрақты жалақымен қамтамасыз етуге болады. Ол үшін моноқала әкімдері кем дегенде бір жобаны іске асыруға міндетті. Әрбір жоба аясында 100 жаңа жұмыс орны ашылуы шарт. Қазіргі кезде жалпы сомасы 600 млрд теңгеге бағаланған 47 жоба бар. Оның барлығы іске асатын болса, 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Алайда бұған жауапты әкімдер­дің бәрі бірдей тиісті жобаларын бастама­ған­ға ұқсайды. Айталық, бүгінде барлық 47 жобаның ішінен Степногорск, Хромтау, Жезқазған, Арқалық және Екібастұз қала­ла­рында тек 14 жоба пайдалануға берілсе, 32 жобаның құжаттары әлі күнге дайын­да­лып жатыр. Ал Жітіқара және Лисаковск қа­ла­ларында қаржыландыру және инвес­тор іздестіру жұмысы аяқталмай отыр. Сәт­ба­ев, Шахтинск, Рудный және Серебрянск қала­ларында да қаржы жетіспеушілігінен төрт жоба тоқтаған. Әкімдер болса, алды­мен осы мәселемен айналыспай, апаттық тұрғын үйлермен әлек болып жүргені де жиын барысында сөз болып, Үкімет бас­шысы Серік Ахметов те осы мәселеге баса на­зар аударды. «Әкімқаралар, көбінесе инженерлік әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмысымен айналысып жатады. Ал моноқалаларды дамыту бағдарла­ма­сының негізгі мәселелеріне көп көңіл бөл­мейді. Ол – моноқалалардың экономи­ка­сын әртараптандыру және кәсіпкерлікті да­мыту. Міне, дәл осы мәселелерді ше­шуд­ің арқасында жаңа жұмыс орындарын ашуға болады. Осының нәтижесінде бюд­жетке салық та түседі. Бұл ақшаны біз мо­но­қалаларды дамыту жұмысына жұмсай­мыз ғой», – дейді С. Ахметов. Осыған орай Пре­мьер-министр өңірлік даму министр­лігі мен облыс әкімдеріне моноқалаларды да­мыту бағдарламасына тиісті өзгерістерді енгізуді тапсырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста