Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына арналған жиын болды

Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына арналған жиын болды

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
– Биылғы жыл – біздің мемлекеттік рәміз­деріміздің 20 жылдығы. Бұл айтулы оқи­ғаны Қазақстанның жарқын әлеумет­тік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәде­ни-гуманитарлық жетістіктері тұрғысынан зерделей келгенде, Елбасының, Тұңғыш Президентіміздің «Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Отанға деген сүйіс­пен­шілікті, патриотизм мен ұлттық сана-сезімнің биік рухын бейнелейтін халықтың аса маңызды рәміздері» деген ойлары өзіміздің ұлттық мемлекеттілігімізді қалып­тастыру мен нығайтуға деген жауапкерші­лік деңгейін терең сезінуге жетелейді. Әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы – біздің Тәуелсіздігіміздің осынау шын мәніндегі қасиетті құндылықтарына терең құрметпен қарау, – деді Мемлекеттік хат­шы отырысты аша отырып.
Осы мерейтойға арналған кешенді іс-шаралар еліміз көлемінде іске асырылды. Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет пен мақтаныш сезіміне тәрбиелеуге бағытталған көптеген акциялар барлық өңірде өткізілді және өтіп те жатыр. Биліктің барлық тармағының тығыз өзара іс-қимы­лы­ның нәтижесінде мемлекеттік рәміздер жөнінде нақты тексерілген нормативтік құ­қықтық база құрылды. Жақында ҚР мем­ле­кеттік қызметтің жаңа моделі туралы Тұ­жы­рымдама бекітілді. Ережеге сәйкес, мем­лекеттік қызметші мемлекеттік рәміз­дер­ге үнемі құрметпен қарауға міндетті.
Мемлекеттік хатшы отырысқа қатысу­шы­лардың назарын мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы бұзушылыққа жол бер­меу қажеттігіне аудара келе, әрбір жағым­сыз факт ең қатал шараны талап ететінін атап өтті.
Комиссияның отырысында ҚР Мем­ле­кеттік қызмет істері агенттігі төрағасының, Ішкі істер министрінің, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қостанай облыстары әкім­де­рінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі жұмыстар туралы есептері қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар мен ұсынымдар бе­рілді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста