Мемлекетшіл сана қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?

Мемлекетшіл сана қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?

«Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады»  деген даналар ұлағатымен өмір сүрген халқымыз үшін бүгінгі таңда бабаларымыз­дың қалдырып кеткен рухани мол мұрасын зерттеу ерекше маңызға ие болып отырғандығын қоғамда орын алған келеңсіздіктерден көруге болады.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назар­ба­ев төмендегідей ой білдіреді: «Біз ел бо­лып шаңырағымызды құрдық, керегемізді кердік, енді ортақ үйіміздің ішін ретке келтірейік». Осы толғамды ойға ала оты­рып, іргемізді қалаудың сапалы кезеңіне өткен­дігімізді сезінесің. Аға буын мен өске­лең ұрпақ арасындағы ұрпақтық са­бақ­тастықтың әлсіреуі, қазақ халқының бүгін­ге дейін сақталып келген тарихи-мә­дени құндылықтарының тек деклара­тив­ті мазмұннан аса алмауы, жастардың бо­йын­­дағы ертеңгі күнге деген сенімділіктен гөрі, қорқыныш пен басқан әр қадамына де­ген ерік-жігерінің төмендеуі, ер-азамат­тың өзінің отбасысы, одан басқа қоғам алдын­дағы, мемлекет алдындағы жауап­кер­шілікті түсінудегі қабілеттілігінің төмен­деуі – осының бәрінің зиялы қауымды, қо­ғам­ды толғандырмай қоймайтындығы бел­гілі. Елдің ертеңін толғандырған бұл сұ­рақ біз үшін де тағдырлы.
АҚШ-тың бетке ұстар тұңғыш мемлекет басшысы Бенджамин Франклиннің «бүгінгі бір күн ертеңгі екі күнге татиды» де­ген сөзі XVIII ғасырдың бейнесін көрсет­се, ХХІ ғасы­р­да бүгінгі бір күн жеті күнге, мем­ле­кеттің тағдыры үшін онжылдыққа татитын дәре­же өлшеміне өтті. Ғалымдар­дың ай­туынша, технологияның дамуы  шешім қа­былдауда уақыттың наноөлшемін ту­дырды. Тарих тағдырында нәрестенің жасынан балғын жастық шағына өткен Қа­зақ елі үшін әр секундтың, әр күннің қан­ша­лықты маңызды екенін осыдан біле беруге болады. Өзімізді әлемдік өрке­ниет­те түркілік жолды қалдырып кеткен ұлы бабалардың ұрпағы ретінде тани отырып, тіл, дін, ұлттық сана-сезім, діл секілді ката­ли­заторлардың негізінде ұлттың ренес­санс­тық кезеңге өтуінің, яғни ұлттық дамудың бел­сенді кезеңіне бастау алуымыздың мем­лекеттік дәрежеде төрт бағытта: ұлттық қауіп­сіздік пен мемлекеттік идеология, эконо­микалық қауіпсіздік пен өндірістік алға жылжу, интеллектуалдық өрлеу мен интел­лигентті сана, өркениет­тілік кеңістігінде­гі өзіндік позицияны қалып­тастырғанда ғана еліміздің алдыңғы қатар­ға шығуына іргетас болып қалана­тын­дығы – ақиқат.
Ертеңгі күнді орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялық бағытсыз, тактикалық қадамдарсыз елестету мүмкін емес. Еліміздің 1997 жылы қабылдаған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының бірінші жолы халқымыздың «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген мақалымен басталған. Тәуелсіз елдігіміздің 20 жылдық кезеңі мемлекеттіліктің негізгі институттары мен құндылықтарын анық­тауға арналған кезең болғандығын көрдік. Бірақ мемлекетшіл сананы қалыптастыру­дың алдыңғы уақыттың негізгі құнды­лық­та­рының бірі болуы үшін біз не істеуіміз керек? Осы сұраққа қоғамның әр саласын­да жүрген азаматтардың бар­лығының белсенді ой-пікірі мен еңбегі керек. Осыны ескере отырып, мен өзіндік пікірім мен жастарға үн қатуымды білдіргім келеді.
Еліміз 2030 жылы Орта Азияның бары­сы боламыз деген мақсатта 2020 жылға дейін маңызды құжаттамалық база бола­тын бірнеше ірі бағдарлама қабыл­да­ды. Бірақ қағазда жазылған қара сияның берекесі тек көз көріп, қол ұстаған кезде ғана нәтижесін берері – бесенеден белгілі нәрсе. Осы тұста аталмыш бағыттың бәрі бір ғана нәрсеге, яғни қуатты мемлекетті құруға арналғанын тілейсің. Бірақ оның атқарылуына қоғамымыздың бүкіл тобының атсалысуымен ғана құжаттың көркейген жерлерге, санасы мен рухы өскен халыққа айналары анық. Ендігі кезек­те орындау­шылардың жауапкерші­лігін арттыру керек­тігін баса айтамын.
Шығыс даналығында «адамға абырой әперетін үш іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш» деген сөз бар. Қазіргі күннің тілімен айтсақ, таза сумен қам­тамасыз ету, жол және көлік, коммуни­кация­лар инфрақұрылымын дамыту, қалалар өсіру дегенге саяды. Біз бүгін тек елордамыз Астананың дамуымен ғана емес, әр аймақ өсіп-өркендегенде ғана мақтанышқа лайықты болатындығы­мызды ұмытпауымыз керек. Осының бәрі­не қол жеткізу үшін елге деген махаббат, дамуға деген ниет, мақсатты еңбек керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және халқымыз­дың ардақты азаматтарының еңбегі ертеңгі күнгі жастарға негіз болған­ның өзінде, жастар әлеуеті елге, мемлекет­ке деген махаббатына ұш­таспайынша, берері мар­дым­сыз болары анық. Осы тұста жастарға, өскелең ұрпаққа, аға буын өкіл­де­ріне «ісің – сөзіңнің қорғаны, ал сөзің ісің­нің дә­ле­лі болсын» деген ойды айтамын.
Өмір – әділетті құрылым, үндестікпен келіскен ағза тәріздес. Әр қадамың, әр үнің, әр сөзің, әр уақытың, әр ісің үшін  тек өзің ғана жауап берумен қатар, үмітің­нің ақталуына ұрпақ алдында жауапты­сың. Соны ұмытпау шарт. Ке­шегі күнге тек тарих арқылы бабала­рымызды жауап­ты десек, бүгінге – біз, ертеңгі күнге сен жа­уап­тысың, өске­лең ұрпақ! Тек бұл күн­нің нәрлісін – ұрпақ­тың уысында, қа­сиет­тісін – ұрпақтың жүре­гінде, берекелісін ұ­р­пақ­тың қолын­да қалдыру – бізге парыз.  
Қорытындылай келе, еліміздің сапалы дамуы өткенді саралау, бүгінге инвести­ция салу, ертеңге сенімді келешек қалдыру­мен анықталады. Құлан жортса, тұяғы тоза­тын, қыран ұшса, қанаты талатын ата-ба­ба­мыздан қалған ұланғайыр ұлы дала­ға, дархан кеңістікке қалқан болар ұрпақ тәр­биелеу  бабалар аманатының орында­лып, келер ұрпақтың алдындағы мойны­мыз­дағы ауыр жүктің жеңілдеуімен пара­пар.

Бұл даланы жұмыр жердің бетінде,
Алла берген қазағымның ниетіне.
Ата жауым кеткен талай тентіреп,
Жете алмастан шегі менен шетіне.

Сол даланы ардақ тұту – арманым,
Арманыма өмірімді арнадым.
Бабаларым ұрпағының бағы үшін,
Қанын шашып, сүтпен сызған аумағын.

Соны ойласам, жүрегімді өрт алар,
Бұл далаға қай құдірет жете алар?!
Отаныма көзі түскен жау болса,
Сүйегімді аттап қана өте алар.

Ту көтеріп намыс атын, ар атын,
Ар мен намыс – менің екі қанатым.
Мені саған жүрексіз деп кім айтты,
Сүйегінен аттаттыра салатын?!

Аттатпаған ақ білектің күшімен,
Тот баспаған ақ найзаның ұшымен,
Асқақтаған өр рухты мысымен,
Сақтап қалған қыран қабақ сұсымен.

Ұлы далам, ұлы бабам, ұлығым,
Ұрпағына дән ғып сепкен ұрығын.
Ту ғып ұстар Тәуелсіздік тұғырын,
Азат елдің Қазақ деген ұлымын!

Бірліктің тоғысар сәті осы кез екенін ұмытпаған жөн.
Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының төрағасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста