Мемлекет пен дін арақатынасы қандай болуы керек?

Мемлекет пен дін арақатынасы қандай болуы керек?

Әлемдік тәжірибеде мемлекет пен дін арақатынасының, негізінен, үш үлгісі қалыптасқан. Біріншісі – дін мемлекеттен бөлек. Әлем елдерінің көпшілігі зайырлы ел болып табылады. Екінші үлгі бойынша, дін мен мемлекет біріккен, мәселен, араб елдері, Сауд Арабиясы. Ал үшінші үлгі бойынша, дін мемлекеттен автономды түрде бөлек, бірақ мемлекет тарихи қалыптасқан дәстүрлі дінге басымдық береді. Оның мысалы – орыс православиесі.
Мемлекет-дін қатынастарының ең тиім­дісі – мемлекеттен дін бөлек, яғни за­йырлы мемлекет үлгісі. Бұл үлгінің ар­тық жері – демократиялық қағидаттары ба­рынша сақталады, ар-ождан бостан­дығына кедергі аз. Дінаралық тыныштық пен тұрақтылыққа жағдай жасалады.
Алайда бұл үлгінің кемшін тұсы – сырт­тан ағылған теріс пиғылды миссио­нерлердің әрекетіне кең өріс ашылады. Сан алуан конфессияларға жіктелу үрдісі тоқтаусыз дами береді. Мемлекет пен дін біріккен екінші үлгінің қатқыл және жұмсақ типін ажыратуға болады. Қатқыл типі – теократиялық мемлекет. Бұл, әсі­ресе, араб елдеріне тән. Ал жұмсақ типі Еуропа, Латын Америкасындағы хрис­тиан­дық-католиктік елдер. Мешіт немесе шіркеулер кейбір елдерде мемлекеттің ресми ұйымы болып есептеледі. Олай болса, мемлекеттік діннің белгілері қан­дай? Онда, біріншіден, діни мекеменің бар­лық шығынын мемлекет көтереді, екіншіден, мемлекеттік шенеуніктер діни мекемені басқару ісімен айналысады, үшіншіден, тек мемлекеттік діннің өкіл­дері ғана ресми мемлекеттік шараларға шақыртылады, төртіншіден, діни мекеме­нің ішкі қызметін реттеу үшін актілер бе­кітеді, яғни діни мекемеге мемлекеттің кейбір функцияларды, яғни неке, бала туу, өлуді тіркеу құқығын береді, бесін­ші­ден, мемлекеттік діннің басшысы мем­лекет ісіне белсенді түрде араласады. Осын­дай сипаттағы мемлекеттік дін Бри­танияда (англикандық), Швеция, Норве­гия, Дания, Исландияда (лютерандық), Испания, Парагвайда (католицизм), Гре­цияда (православие), Иордания, Иран, Мароккода (ислам) қалыптасқан. Атал­ған елдерде мемлекеттік діндер ғасырлар бойы халықтың дүниетанымы және өмір салтымен біте қайнасқан дәстүрлі діні болып есептеледі. Ислам Пәкстанда, Иранда, Сауд Арабиясында, Мысыр, Иор­данияда мемлекет дін ретінде ата заңымен бекітілген. Бұл үлгілердің Қазақ­стан жағдайына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сол секілді мұсылман елдерінде дін ел өмірінде және саясатта маңызы қандай болу керектігі өзекті мәселеге айналды. Бұл арада екі сцена­рий бар: біріншісі – зайырлы мемлекет. Екіншісі – діни мемлекет. Мұсылмандық әрі зайырлы мемлекеттің типтік үлгісі ретінде Түркияны алуға болады. Бірақ бұл елде болмашы мәселелер саяси си­пат алып жатады. Мысалы, хиджаб мә­селесі. Араб елдеріндегі қоғамдық қаты­нас­тарда шариғаттың рөлі үлкен. Алайда бұл діни мемлекеттер тұрақсыздық жай­лап, лаңкестік топтардың ошағы болып қа­лып отыр. Орталық Азия елдерінде оқтын-оқтын жарылыс жасап, лаңкестік әрекеттер ұйымдастырып отыратын ис­лам атын жамылған саяси топтардың бас­ты ұраны аймақта ислам халифатын құ­ру екені баршамызға мәлім. Сондықтан бұл үлгі Қазақстан жағдайына мүлде тиім­сіз.
Әлемде кең тараған мемлекет дәс­түрлі дінге басымдық беретін үлгінің ой­ланатын тұстары баршылық. Дін мемле­кет­тен бөлек десек те, мемлекеттік сая­сат бөлінбеуі тиіс. Діни ағымдар мен секта­лардың шабуы­лынан сақтану үшін мемлекетімізге үшінші үлгіні саралау ке­рек сияқты.

Ойтүйін
Сөз соңын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік белес­тері» кітабында жазылған­дай: «Діннің тұтастығы – қашанда елдің тұтастығы. Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа соқтыратыны та­рих­тан белгілі... Қазақ даласын­да ислам дінін орнықтырғандар­дың бірі – данышпан бабамыз Ахмет Йассауи осы жағдайларды ескере отырып, түркі жұртындағы ислам дәстүрлерін қалыптастыра­ды. Осы дәстүрмен, мінеки, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы өздерінің ұлттық сана-сезімдерін қалыптастырып келеді. Сондықтан ұлттық сипатқа айналған дәстүр мен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келетіндер­ге жол бере алмайтынымызды ашық айтамыз» деген ойларымен аяқтағымыз келеді.

Керек дерек
Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері 2000-дай мешіт, 170-тен астам православтық приход, 30-дан аса католиктік костел, 1000-нан астам протестанттық ғибадат орындары ашылған. Егер 1991 жылы Қазақстанда бір ғана еврейлік синагога болса, қазір олардың саны 20-ға жеткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста