Мектеп оқушылары өлімінің көбеюі: депутат Бас прокурор мен Премьер-министрге үн қатты
Депутат, журналист Нартай Аралбайұлы мектептердегі әлімжеттік мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.
Депутат ресми сауалында кейінгі кездері жиілеп кеткен оөушылардың өлімі мен әлімжеттік туралы айтты.
Түркістан облысында 11-сынып оқушысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
"Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты: "Тағы бір назар аударатын мәселе - жас ұрпақтың қауіпсіздігі. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатыр. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек" деді. Ендеше бұл мәселені дереу шешетін кез келді. Әлімжеттіктің көбеюінің бір себебін мамандар пандемия уақытында онлайн оқыған оқушылардың кейін ортаға еркін бейімделіп кете алмауы. Қазір соның салдарын көріп отырмыз", - дейді Нартай Аралбайұлы.
Жаңа айғақтар шықты: Түркістанда ауыл шетінен табылған 9-сынып оқушысының денесі жер қойнына тапсырылды
Ол жақын күндері болған сұмдық оқиғалардың бірқатарын айта кетті.
"Сәуір айының басында Түркістан облысы Төрткүл ауылында су каналынан 15 жастағы қыздың өлі денесі табылды. 9 сыныпта оқыған жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды. Біреуі марқұммен бір мектепте оқитын 11-сынып оқушысы, екіншісі 19 жастағы сол ауылдың тұрғыны. Күдіктілер жасөспірім қыздан 1 миллион теңге бопсалағаны белгілі болды. Алматы облысындағы Саты ауылында орын алған қайғылы оқиға төбе шашымызды тік тұрғызды. Алдымен 10 сынып оқушысының көз жұмғанын естідік. 11-сынып оқушысы 10-сынып оқушысына әлімжеттік жасап ұрғаны белгілі болды. Салдарынан бала тіл тартпай кетті. Марқұм болған 10 сынып оқушысының жерлеуінен кейін оның досы, сыныптасы өз өзіне қол салып қайтыс болды. Соңғы хатында ол: "мені досымның қасына жерлеңдер" депті. Күдікті ретінде танылған 11 сынып оқушы қазір үйқамақта екен. Бұл жайтта марқұмның туыстарының наразылығын тудырып отыр.
Өскеменде 17 жасар колледж студентін мектеп оқушылары бірнеше рет жабылып ұрған. 15 сәуірде Семей қаласында жаттығудан шыққан кәмелет жасына толмаған қызды бір топ қыз жабылып сабаған. Қызылорда облысында 9 сынып оқушысын 5 бала аяусыз соққыға жыққан. Ауыр жарақат алып миы шайқалған оқушы аудандық аурухана жатқызылды", - дейді депутат.
Түркістанда ауыл шетінен 9-сынып оқушысы өлі табылды
Нартай Аралбайұлы бас прокурор Берік Асыловтан жоғары аталған істерді қатаң бақылауға алып, айыптылардың жазадан құтылып кетпеуін қадағалауын сұрады.
"Сонымен қатар, әлімжеттік фактілерін біле тұрса жасырып қалған қызметтегі азаматтардың да жазаға тартылуы керек. Оған қоса, балаларды қорлап жатқан кезде араша түсудің орнына сол әрекеттерді бейнетаспаға түсіріп жариялаған адамдарды да жазалау қажет. Және айыпты оқушылардың ата-аналары да тиісті жазасын алуы керек", - дейді депутат.
"Досымның қасына барамын" деген хаты бар". Алматы облысында екі оқушы қатар өлді
Сондай-ақ Нартай Аралбайұлы премьер-министрге ұсыныстар айтты.
"Мектептерде оқу мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ететін жүйе қалыптасуы тиіс. Әрбір пәннің тәрбиелік функциясы, әрбір мұғалімнің тәрбиелік жауапкершілігі болуы тиіс. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" № 1193 қаулысының 4-қосымшасының негізінде сынып жетекшілерге 1-4 сыныптар үшін 8800 теңге (базалық лауазымдық жалақының 50 пайызы), 5-11 сыныптар мен колледждер үшін 10600 теңге (базалық лауазымдық жалақының 60 пайызы) көлемінде қосымша ақы белгіленген. Мұғалімдердің сабақта және сабақтан тыс уақытта балалардың тәрбиесімен жүйелі айналысуы үшін кейбір мамандандырылған мектептердегідей арнайы куратор штаттық бірлігін барлық мектептерге енгізіп, олардың лайықты айлық жалақысын және статусын айқындауыңызды сұраймыз", - дейді нартай Аралбайұлы.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/81987/