Маңғыстаудың болашағы қалай да мұнаймен байланысты

Маңғыстаудың болашағы қалай да мұнаймен байланысты

Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев брифинг өткізді. Бұл – осы мінберден есеп беріп тұрған оныншы әкім. Маңғыстау­лық әкімнің брифингі нақтылығымен ерекшеленді десе болады. Мұ­най­лы түбектің бүгінгі жағдайы туралы жан- жақты баян­даған өңір басшысы осыдан кейін журналистердің жиырмаға жуық сұрағына жауап беріп үлгірді. Енді солардың біразына тоқтал­сақ.
Маңғыстаудың бүгіні мен ертеңіне тоқ­тал­ған әкім кенді аймақтың ертеңі қалай да мұнайға байланысты болатынын атап өтті. Себебі еліміздің мұнай қорының төрт­тен бірі және табиғи газдың 12 пайызы облыстың аумағында. Облыс экономикасы 93 пайыз осы салаға байланысты. Салада облыс бойынша 45 мың адам жұмыс жасайды. Жыл басынан бері облысқа 290 миллиард теңге инвестиция тартылса, оның үштен екісі осы мұнай саласына тиесілі.    Әрине аймақта өңдеу саласы, транзиттік әлеуетті пай­да­лану мақсатында көліктік инфрақұрылым, құрылыс, туризм және ауыл шаруашылы­ғын дамытуға да көңіл бөлінетін болады. Дегенмен әлі көп уақыт Маңғыстау аймағы дегенде ең бірінші қара алтын еске түсіп, мұнай газ саласы экономиканың діңгегі болып қала береді.    
Индустрияландыру барысы
Қазір еліміздің индустрияландыру карта­сына Маңғыстаудың жалпы құны 280 млрд теңге болатын 34 жобасы енді. Ол іске асқан жағдайда 8800 адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның 1800-і қазірдің өзінде аталған жұмыс орында­рында жұмыс істеуде. Жыл аяғына дейін аса ірі екі жоба толық аяқталады. Олар – сметалық құны 83,5 млрд теңге болатын Каспий цемент және Каспий битум зауыттары. Осы зауыттар іске қосыл­ған кезде 600 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал келесі жылы жалпы құны 65,5 млрд тең­ге болатын тоғыз жоба іске асырылып, нәти­жесінде 3000-нан астам жұмыс орны ашы­­латын болады» деді әкім. Алик Айдар­баев сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» бағ­дар­ламасына да тоқталды. Жыл басынан бері аймақта барлығы 106 жоба мақұлданып, оларға бөлінген қаражат 39,7 млрд теңгені құраған. Соңғы үш жыл­да жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын мың­нан астам шағын несие беріліп, нәти­жесінде 2000 жуық жұмыс орны ашылған.
Құрылыс қарқынды
Облыста биыл құрылыс барысы қарқынды. Жыл басынан бері жүз он млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, оның негізгі бөлігі «Жезқазған-Бейнеу» темір жолы мен «Атырау-Ақтау» автокөлік жолын қайта құрылымдау құрылысы есебінен болып отыр.
Тұрғын-үй құрылысын дамыту бағдар­ламаларын жүзеге асыру шеңберінде соңғы үш жылда 1,5 млн шаршы метрден астам немесе 11 672 тұрғын үйлер мен пәтер­лер пайдалануға берілді. Оның 180,8 мың шаршы метрі немесе 1751 пә­тері мемлекеттік қаржы есебінен салынды.
Ағымдағы жылы 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өңір­де жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдеріне деген сұраныс өте жоғары. Күні бүгін осы мәселе бойынша әкімдік­тер­ге берілген арыздардың саны 146 мың­нан асады. Алайда жер телімдері тек тиісті инфрақұрылым, бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарламалар болғанда ғана берілетіндіктен жоғарыдағы арыздар әзір­ге қаралмай жатыр.
Ауыл шаруашылығы ерекше назарды қажет етеді
Өңір шығаратын жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі мардымсыз, яғни, 0,3 пайызды құрайды. Бұған тұщы судың тапшылығы, қатал табиғи жағдай, жайылымдардың аздығы сияқты объективті себептер бар.
Осыған қарамастан соңғы үш жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 есеге артты. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 5,0 млрд теңгеден асып түсті.
Көлік инфрақұрылымы облыстың күретамыры болуы тиіс
Маңғыстау үшін теңіз тасымалының рөлі ерекше. Қазір Ақтау теңіз портын кеңейту жұмысы жүріп жатыр. Жақында тенізшевройл компаниясымен төрт млн тонна мұнайды осы порт арқылы экспорт­тау туралы маңызды келісімге қол қо­йыл­ды.
Сондай-ақ автокөлік жолдарын жа­ңарту­ға ерекше мән берілуде. Келесі жыл­ды облыс деңгейінде жолдарды салу жы­л­ы деуге толық болады. Себебі, келесі жылы облыстық маңыздағы жолдарды жөндеуге бөлінетін қаражат 70 пайызға артып, 6 миллиард теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.
Ауызсу мәселесі – басты назарда
Облыста ауызсу тапшылығы аса зор. Ақбұлақ бағдарламасы іске асырыла бастағалы бері облыста 28 жоба қолға алынып, қала халқы 83 пайыз, ауыл халқы 28 пайыз таза ауызсумен қамтылды. Біз негізінен теңіз суын тұщытып ішіп отырған жалғыз аймақпыз. Сондықтан бұл көр­сеткіштер еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда төмен.
Әлеуметтік сала
Облыста ана өлімін, туберкулезбен ауырғандар санын төмендетудің сәті түсті.Көптеген денсаулық сақтау саласының нысандары салынуда. Олардың қатарында Мұнайлы аудандық емханасын, Жаңаөзен қаласындағы перзентхана мен дәрігерлік амбулаторияларды және тағы басқаларын айтуға болады. Сондай-ақ бірінші рет ай­мақта санитарлық авиация қолға алынып, оның қарамағына бір тікұшақ пен ұшақ берілді. Облыста бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбие орындарымен қамту 81 пайызға жетті. Биыл жеті бірдей мектеп пайдалануға берілсе, тағы бес мектептің құрылысы жүргізілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста