Мәдениетте мәуелі нәтижелер көп

Мәдениетте  мәуелі нәтижелер көп

2012 жыл мәдениет саласы үшін ерекше жыл. Біріншіден, биылдан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтетін болды. Екіншіден, Үкімет мәдени-әлеуметтік іс-шараларды арттыруға арналған бесжылдық жоспарды мақұлдады. Оған сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұлттық өнер мен мәдениетті жаңғырту бойынша біраз міндеттер жүктеліп отыр. Кеше министр Дархан Мыңбайдың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде  аталған міндеттер тағы бір мәрте сараланып, алдағы жоспарлар жарияланды.

Облыстардың мәдени алмасуы басталады
Шыны керек, қазірдің өзінде министр­лік­тің бастамасымен біраз жұмыстар атқа­рыл­ды. Елдің еңсесін көтеретін сан алуан ру­хани кештер ұйымдастырылып, халқы­мыз­дың тарихы мен мәдениетіне арналған көптеген еңбектер жарық көрді. Ұлттық өнерді ұлықтаған байқаулардың аясы кеңейді. Мәселен, «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық конкурс биыл бес аталым бойынша өтсе, келесі жылы оған тағы әдебиет, музыка және бейнелеу өнері қосылатын болды. «Осылайша біз өнердің барлық салалары мен жанрларын қамтып, отандық шығармалар жазу жұмысына халықты көптеп тартатын боламыз», – дейді мәдениет және ақпарат вице-ми­нистрі Асқар Бөрібаев.
Министрліктің бастамасымен келесі жылы қолға алынатын үлкен бір шараны ерекше атап өткен жөн. Ол – облыстардың шығармашылық апталығы. Оның аясында аймақтардың шығармашылық ұжымдары бір-біріне барып, сан алуан мәдени шара­лар өткізеді. Негізі, бұл бастама күнделікті шара болып көрінгенмен, оның маңызы зор. Соның арқасында еліміздің батыс, шы­ғыс, оңтүстік және солтүстік өңірлері өзара араласып, бір-бірінің салт-дәстүр­ле­рін жан-жақты тани алады. Шынын айту керек, бүгінде қарапайым үйлену тойын өткізген кезде қазақтың бір-бірімен келісе алмайтыны жасырын емес. Біз болсақ, оның бәрін «әр елдің салты басқа, иттері қара қасқаға» жаба саламыз. Ал «облыс­тардың шығармашылық апталығы» сияқты шараның арқасында әр жердің қазағы бір-бірін жақын танитын болса, біздің револю­цияшыл қырғыз халқының, я болмаса солтүстік пен оңтүстік болып бөлініп, бір-бірін түсінбейтін жағдайға жеткен өзбек­тердің тағдырынан ада болатынымыз хақ.
Вице-министр А.Бөрібаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде шығармашылық апталықтың кестесі әзірленді. Облыстар­дың өзара мәдени алмасуы барысында кон­церттер, көрмелер және  театрлық қойылымдар міндетті түрде өткізілетін болады. Осының бәрі облыстардың мәде­ни алмасуын қамтамасыз етіп қана қой­май,  ұжымдардың шығармашылық әлеуе­тін жаңа деңгейге көтермек.
Жалпы, министрліктің мәдени іс-ша­ра­лардың кешенді жоспарына сәйкес,  облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып 70-ке жуық іс-шараны ұйымдастыру жоспар­лан­ған. Оның ішінде дәстүрлі фестиваль­дер, конкурстар, байқаулар, конференция­лр, айтыстар, шығармашылық кештер, сон­дай-ақ жаңа іс-шаралар – Ақтөбе қа­ла­сындағы Plein Air Aktobe Халықаралық қыл­қа­лам фестивалі, Шымкент қаласын­дағы «Ұлы Жі­бек жолы» халықаралық цирк өнері фести­валі, «Өнерім саған – Қазақстан» атты қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этни­ка­лық топтар өкілдерінің республикалық фестивалі, Астана қаласындағы «Қазақстан – достық бесігі» атты тұрақтылық идеялары мен қазақстан­дық патриотизмді нығайтуға арналған фо­токонкурс, Атырау қаласында­ғы С.Құ­сайын­ов атындағы республикалық қобыз­шылар конкурсы, Семей қаласындағы «Ағажай-Алтай» атты өнер фестивалі және басқа да бастамалар бар.
Қазақфильм фэнтэзи жанрын қолға алды
Отандық өнер мен мәдениетті насихат­тауда киноиндустрияның да орны зор. Осы орайда «Қазақфильм» АҚ-ына үлкен үміт артылып отыр. Вице-министр А.Бөрібаев­тың айтуынша, бүгінде аталған мекемеде көркем, деректі, тіпті анимациялық фильм­­дерді шығару үшін барлық техноло­гия­лық жағдай жасалған. Осының арқа­сында «Қазақ­фильм» жылына 100 фильм шыға­ра алады. Биыл ол көрсеткіш жеті фильмді құрады. Олар – «Жиде. Тосын махаббат», «Болашақ үшін», «Махаббат алтыбақаны», «Жаужүрек мың бала», «Аң­шы бала», «Шал» және «Виртуалды махаб­бат». Жыл­дың соңына дейін тағы екі шы­ғар­ма: «Шежірелер кітабы: Құпия орман», «Ер Төстік және айдаһар» көрермен қа­уым­­ға жол тартпақ. Айта кеткен жөн, «Шежірелер кітабы: Құпия орман» фильмі алғаш рет фэнтэзи жанрында түсірілді. «Негізі, Қазақстанда кино көретіндер көп. Билет­терді сатудың электронды жүйесі көрсеткендей, бір айдың ішінде 1 млн адам киноға барады. Демек, Қазақстан халқының 7 пайызы ай сайын кинотеатрда болып тұрады. Сондықтан осы салаға ерекше көңіл бөлген жөн. Оған қоса, біздің киномыз әлемдік прокатқа шыға бастады. Мәселен, биылғы Канн кинофестивалінде Қазақстанның екі картинасы – «Жаужүрек мың бала» және «Студентті» халықаралық дистрибьюторлар сатып алды», – дейді вице-министр.     
Бұдан басқа, музыка мен театр сала­сын­да әлі де біраз шаруаны тындыру қажет. Себебі радио мен театр сахнасында ұлттық нақыштағы шығармалардың азды­ғы елдің мәдени-рухани дамуына кері әсер етіп отырғаны рас. Кітап шығару ісін­де де түйткілді мәселелер көп. Алдағы уа­қыт­та министрлік кітап авторларының қала­мақысын көтеруді көздеп отыр. Алайда жазыл­ған шығармалардың оқыр­манға жол тартуы бір ғанибет. Өйткені қоғамдық кітап­ханалар тым аз. Әсіресе балаларға арнал­ған кітапханалардың азаюы біраз қиын­дық туғызып отыр.
P.S. Биыл Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі «Мәдениет саласының үз­дігі» деген жаңа төсбелгімен мара­пат­тау туралы шешім шығарды.  Осы атақ­қа алғашқылардың бірі болып КСРО Халық әртісі Еркеғали Рахмадиев, Пар­ламент депутаты Мұрат Ахмадиев, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Шығыс Қазақстан облы­сы мәдениет басқармасының бастығы Жақ­сылық Омаров, Көкшетау қаласы мә­дениет және тілдерді дамыту бөлі­мі­нің бастығы Айгүл Сәбитова, Астана қаласы мәдениет басқармасы басты­ғы­ның орынбасары Қанат Төкесбай ие бол­ды. Бұл да еліміздің өнері мен мә­дениетін жаңғыртуға өз септігін тигі­зе­ді деген сенім мол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста