Ланкестік пен Пайғамбар карикатурасы... немесе осы екі арада байланыс бар ма?

Ланкестік пен Пайғамбар карикатурасы... немесе осы екі арада байланыс бар ма?

Соңғы бірнеше күннен бері Францияның берекесі қаша бастады. Кеше Париждің іргесінде бейсенбі күні болған атыстың салдарынан бір полицей әйел қаза тапты. Франция прокуратурасы бұл оқиғаның да террорлық әрекет екенін мәлімдеді.
Бейсенбі күні таңертең Париждің оңтүстігінде бір ер адам полиция қызметкерлеріне оқ атқан. Полицей әйел мен жол қызметі маманына оқ тиіп, әйел алған жарақаты салдарынан жан тапсырды. Кейбір ақпарат құралдары мешіт маңындағы мейрамханада жарылыс болғанын да хабарлады.
Француз прокуратурасы қазіргі қауіп жағдайында бұл оқиғаға теракт деп баға берді, бірақ оны Charlie Hebdo сатира журналының штаб-пәтерінде болған лаңкестік әрекетпен байланыстырмайтындықтарын айтқан.
Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні Парижде жантүршігерлік лаңкестік әрекет болған еді. Charlie Hebdo басылымының редакциясы отырған ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, адамдарды ата бастады. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Лаңкестер сатира басылымын шығарушы белгілі карикатурашылардың бәрін дерлік өлтірді. Полиция қылмысқа күдіктілердің фотосуреттерін жария етті. Олар - 32 және 34 жастағы ағайындылар - Саид және Шериф Куашилер. Полиция олардың бірінің жеке куәлігін тапты. Қылмысқа қатысы бар үшінші адам - 18 жастағы Хамид Мурад ағайынды оқиға кезінде лаңкестерді машинада күтіп отырған. Ол полицияға өз еркімен беріліп, алибиі бар екенін мәлімдеді.
Бұл мәселеге Қазақстандық сарапшылар да өз ойларын білдіріп жатыр. Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Франциядағы терактіні тек қана журналда жарияланған карикатураға жауап ретінде қарастыруға болмайтынын айтады.

Ерлан Қарин, саясаттанушы:
– Париждегі терактіні – тек қана журналда кезінде жарияланған карикатураға жауап ретінде қарастыруға болмайды. 20-ға жуық түрлі террористік топтарды (біздің аймақтағы және шетелдегі) зерттей келе анықтағаным, әдетте ең алдымен террористік шабуыл жөнінде шешімнің өзі қабылданады да, ал ол кімге қарсы жасалынатыны кейін барып қана анықталады. Мысалы, 2012 жылы наурызда Францияның Тулуз қаласында жасалған терактінің алгоритмі де солай болған. Пәкістан территориясында дайындықтан өткен Мохаммед Мераға Францияға қайтып келгеннен кейін террористік шабуыл ұйымдастыру туралы бұйрық беріледі. Бірақ шабуыл кімге және қашан жасау жөнінде шешімді Мера түбінде өзі қабылдайды. Кейбір кездерде әрине шабуыл арнайы бекітілген нысаналарға қарсы ұйымдастырылады, алайда көп жағдайда орындаушы оперативтік жағдайға байланысты өзі анықтайды. Сондықтан, бұл теракті арнайы түрде журналға қарсы бағытталмаған, журналистерді мүмкін деген басқа нысаналармен салыстырмалы түрде талдау жасап таңдағанға ұқсайды. Демек, бұл жағдайды дінмен байланыстырып, діни топтардың жауабы деп қарастыру қате.
Ал, тарихшы Амантай Исин «жоқ жерден террорлық шықпайды» деген пікірде.

Амантай Исин, тарихшы
– Жоқ жерден террорлық шықпайды. Қай елде озбырлық, қысым, мемлекеттік террор, қай ұлттың, қай діннің хұқы тапталған - террорлық көбінесе соның қайтармасы. Ал, Франциядағы қанды оқиға билік пен қоғамының әлемдік діндерді қорлауға жол бергендігінен болып отыр. Қылмыстың алдын алуға болар еді, бірақ европалық саясаткерлер әлі де шексіз сөз бостандығы түсінігінде. Фашизмді ақтау, холокостты мойындамау сияқты әрекеттерге тыйым салған Батыс қоғамының діннің негізін салғандарды қорлауға ерік бергендігі - үлкен қателік. Өздеріне өздері тілеп алған террорлық. Неге апаратынын енді ұғар ма екен? Ұқпайтын сияқты. Пайғамбарларды мазақ қылған басылымды бұл күнде қолдап жатқаны тағы да өздеріне жау шақырған көрсоқырлық. Террорлықты өздері тудырып отыр. Террорлық күшпен жеңілмейді, өйткені оны жасайтындар жанкештілер.

«Алаш айнасының» түйіні
Айта кетейік, Қазақстан Франция астанасында Charlie Hebdo редакциясына жасалған қарулы шабуылды айыптайды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Франция президенті Франсуа Олланд пен бүкіл француз еліне көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста