Конвергентті БАҚ-қа қадам жасайтын кез жетті

Конвергентті БАҚ-қа қадам жасайтын кез жетті

Адамзат өмірінде сәт сайын жаңарып, түрленіп жатқан ақпараттық технологиялар жетістіктері дәстүрлі БАҚ-тың әмбебап тұрпатқа айналуына әкелсе, ал журналшы қауымның бесаспап маман болуын талап етеді. Журналист жедел түрде ақпаратты гиперсілтемелері бар мәтін, аудио-видео, фото, онлайн, FM толқынында, интернет, слайд-шоу, инфографика, карикатура, әлеуметтік желі, интерактивті тәсілдер арқылы өңдеп, халыққа тарата алатын әмбебап кәсіп иесі болуы тиіс.
Ал дәстүрлі редакцияларға әлемдік үр­діске ілесіп, британдық Telegraph Media Group жапондық «Киодо цусин», ресей­лік РИА «Новости» секілді конвергентті си­патқа ауысуы қажеттігіне ақпараттың қо­ғам­ның қарыштап дамуы дәлел болса ке­рек. Осыған Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің қолдауымен «Қазконтент» АҚ Алматыда республикалық деңгейде жур­налистердің басын қосып, «Жаңа ме­диа: баспа БАҚ болашағы» тақырыбында­ғы медиа конференция ұйымдастырды.
Елімізде қазақтілді контентті дамыту бағытында бірнеше жобаларды іске асы­рып жатқан «Қазконтент» компаниясы был­тыр 200 интернет ресурсты іске қосқан болса, биыл 400 интернет-ресурстың Ал­аш­тың ақпарат кеңістігіне қанат қағуына септігін тигізбек. Компанияның басқарма бас­шысының орынбасары Нартай Әшімнің айтуынша, baq.kz, bnews.kz, el.kz, stra­tegy­2050.kz, e-history.kz жобалары жүзеге асырылса, жуырда әдебиет порталы оқыр­манға жол тартады. Мәдениет және ақпа­рат министрлігімен бірлесе отырып «Қаз­кон­тент» АҚ-мен баспасөздің интернет сайт­тарын тегін жасауға көмектесіп, дайын шаблондарын, дизайны мен қосымша ком­поненттерін әзірлеуге қолдау көрсетіп жатыр.
Алмас Алтай, «Қазконтент» АҚ Қазнетті дамыту департаментінің бас маманы:
– Жобаның мақсаты – аймақтардағы БАҚ-тың интернет ресурстарын іске қосып, халыққа ақпараттың қолжетімді болуына мүмкіндік жасау. Бұл арқылы редакциялар­дың кәсіби деңгейі шыңдалып, ашық бәсе­келестікке түседі. Мысалы, 5000 таралым­мен шығатын аудандық газеттің оқырманы оның интернет-сайты арқылы 100 мыңға дейін жетуі мүмкін. Редакциялардың мүм­кін­діктеріне қарай интернет-сайт жасап береміз, оны редакцияның кез келген қыз­меткері ары қарай жүргізіп алып кете алады. 2012 жылы 200 сайттың 94-і қазақ тілінде, 94-і орыс тілінде, 12 сайт қазақ жә­не орыс тілінде жасалды. Соңғы екі жыл­да ашылған сайттардың 93-і қоғам­дық-саяси, 47-сі ақпараттық, 44-і әдісте­ме­лік, 12-сі балаларға арналған сайттар.

Расында, осындай интернет-ресурстар БАҚ редакциялары үшін көптеген артық­шы­лықтар береді. Мәселен, интернет-ре­сурсты әзірлеуге қаржылық шығындар бол­майды, ақпаратты жаңа форматта ұсы­на алады, жарнама алаңдарын сатуға мүм­кіндік береді. Жиында дәстүрлі БАҚ кон­вер­гентті тұрпатқа көшкен кезде өз оқыр­манын жо­ғал­тып алмай ма деген са­уал­дарға жауап бе­ріл­ді. Керісінше, әмбе­бап жүйеге ауысқан мультимедиялық ре­дак­ция оқырманы мен аудиториясын арт­ты­рып, әрбір оқырман­мен тікелей байла­нысқа түсіп, ақпарат, хат-хабар алмасу оң­тайлана түседі.
 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Қар­лыға Мысаеваның пікірінше, ЖОО қа­быр­ғасында әмбебап журналистерді да­йындауға түбегейлі көшуі қажет. Әрине, бұл бағытта бірқатар кедергілер де жоқ емес. Мысалы, дәстүрлі журналистикадан муль­ти­медиялық жүйеге ауысуға бейімде­лу керек, әлі де оқу бағдарламалары та­лап­тар­ға сай емес, жаңа технологияны мең­геру қажет. Ол АҚШ-тың Оклахома, Огайо штаттарындағы оқу орындарында тәжіри­бе алмасуға барған кезде студенттерді ау­диторияда мультимедиялық журналис­терді дайындау жүйелі жолға қойылғанын мысалға алды. Ақпараттық технологиялар­дың дамуы кезінде редакция мен журна­лис­тердің жұмыс істеу тәсілі де, кәсіби қыз­меттері де өзгеріске ұшырайтыны заң­ды­лық. Шетелдік журналист Пол Бредшоу айтқандай, жаңа тұрпатты редакцияда ре­дактор-агрегатор, мобильді журналист, муль­тимедиапродюсер, қауымдастық ре­дак­торы секілді жаңа міндеттер пайда бо­лып жатыр. Осындай тенденция біздің медиа ауылымызға келіп жетті. Тек бізге жылдам бейімделіп, жаңа кәсіби міндет­терді игеру қажет. Өкінішке қарай, еліміз­де 11 миллиондай интернет қолданушы­лар бар болғанымен, интернеттің қалың оқыр­ма­ны қалыптасты деп айту қиын. Шалғай ауылдарды интернетпен қамтама­сыз етіп алмайынша, конвергентті БАҚ-тың игілігін көреміз деу әбестік болар. Жал­пы, айта кету керек, мультимедиялық БАҚ-қа ауы­са отырып, Елбасы айтқандай, баспа БАҚ-тың маңызды рөлін ескеру керек. Гутен­берг дәуірінің дәурені өтсе де, дәрмені біт­кен жоқ. Себебі баспасөздің халықтың көңіл күйін бірқалыпты ететін құдіреті, мем­лекетке деген сакральді дүниетаны­мын сақтайтын қызметі бар. Кітаби, газет­тік сананың романтизм, бай­сал­дылық, па­расаттылық болмысы болса, интернеттік сананың алабөтен мінезі бар екенін қа­пер­де ұстаған жөн. Бәлкім, баспа БАҚ-тың үл­ес салмағын белгілі бір мөл­шер­де қал­ды­ра отырып, конвергентті БАҚ-қа батыл қадам жасаған ләзім.
Артур Нығметов, медиа-сарапшы:
– Баспа БАҚ-тың конвергентті тұрпатқа ауысуы бүгінде өзекті мәселе. Әлі де елі­мізде конвергентті редакция құрылды деп айтуға әлі ерте. Дегенмен еліміздегі tengri­news.kz , bnews.kz секілді сайттарды бір­ша­ма конвергентті БАҚ деуге болады. Жалпы, бізде БАҚ-тың жазба стилі, жұмыс істеу тәсілі интернет тіліне сай келе бер­мей­ді. Оның себебі – бізде бәсекелестік орта қалыптаспай отыр және көпшілік БАҚ мемлекеттік тапсырыстар негізінде жұмыс істейді. Қазіргі кезде әлемде жетекші БАҚ конвергенттік жүйеге көшіп жатыр. Мәсе­лен, ұзақ жылдық тарихы бар америкалық «Ньюсуик» басылымы конвергентті сипат­қа ауысты. Бұдан өзге ірі компаниялар да ин­тер­нетке жарнама беруге ден қойды.Сон­дықтан конвергентті БАҚ-тың мүмкіндік­тері мен әлеуетін пайдалану керек.

Алаш-анықтама
Конвергенция сөзі латын тілінен аударғанда «жақындау» дегенді білдіреді. Конвергентті БАҚ дегеніміздің өзі - медиа саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар интеграциясының бірыңғай ақпараттық ресурсқа бірігу процесі. Бұл ұғымды алғаш рет Айтл де Сола Пул деген саясаттанушы енгізген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста