Ғылым қоры қайырымдылық іс-шарасын өткізді

Қазақстанның бәсе­кеге қабілетті мем­ле­кет­тердің қатарына ену үшін, ең бастысы, мем­лекетіміздің ғылы­мы, білімі алдыңғы орында болуға тиіс. Яғни бұл бағытта Қазақстан ақырындап өз жетістіктерін көрсетіп келеді. Осыған орай, Қазақстанның «Ғылым қоры» 2006 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылды.
Ғылымды қолдау, ғылымға ин­вестиция құю, жас дарынды аза­маттарды ғылымға ша­қыру «Ғылым қорының» басты ба­ғыт­тарының бірі болып табылады. Ғы­лым қоры басымдылықты, тә­уекелді, баста­машыл зерт­теу­лерге көңіл бөліп, тәжі­рибелік-құрас­тыр­малық жұмыстарды дамыту үс­тінде. Қор тек ғылымға ғана кө­ңіл бөліп қоймай, әлеуметтік жұ­мыстарға, соның ішінде қа­йы­рымдылық шара­ларына қатысып, атсалысып жүр.
«Игіліктің ерте-кеші жоқ» де­гендей, адам­зат баласының бас­ты парызы – бұл әрқашан жақ­сылық жасау.
Осыған байланысты 2012 жылдың 24 қа­занында «Ғылым қоры», «Нұр Отан» пар­тиясының «Бірлік» филиалымен бір­лесе отырып, қалалық Ардагерлер ке­ңе­сінің қолдаумен, «Көктал» ықшамауда­нындағы қарттар мен мүгедектерге арнал­­­ған мекемеде қайырымдылық іс-ша­расын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – ата-әжелерімізге ыстық ықы­ласымызды білдіру. Яғни «Ғылым қоры­ның» ұйым­дастыруымен шағын концерт дайындалып, ғы­лым қорының қызмет­керлері қазақтың қара домбырасын қолда­рына алып, «Әл­қиса», «Аққу» күйлерін тартып, қазақтың халық әндері «Бұлбұлым» т.б. шырқалды. Сонымен қатар қарттардың көңілін сергіту үшін жә­не оларға ілтипат білдіру мақсатында шағын сыйлықтар таратылды.
Осы мекеменің тыныс-тірлігімен таны­сып, тұрғындарының, қызмет алушы­­ла­рының жағдайын арқау еткен жылы пі­кір­алысуға айналған, ән мен күймен ай­­шықталған кездесу жиыны жиналған қа­­уым үшін тартымды болғандай кө­рін­ді. Осыған қоса, 25 қазан Әлеуметтік қыз­меткерлер күні болғандықтан, біз меке­менің қызметкерлерін төл мере­кесімен құт­тықтап, олардың ерен ең­бектеріне табыс тілеп, еңбектерінің жана беруіне ті­лектес екенімізді айттық. Осын­дай іс-ша­ралардың болашақта әрі қарай жалғасын табатынына сенім білдіреміз.
А.МҰСАБЕКОВА

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста