"Геноцид емес": БҰҰ комиссиясы Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жөніндегі есебін жариялады

"Геноцид емес": БҰҰ комиссиясы Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жөніндегі есебін жариялады

БҰҰ Халықаралық комиссиясы Ресейдің Украинадаға басқыншылық әрекеттерін «геноцид» деп есептемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Украинадағы соғыс туралы дайындалған есеп авторларының пікірінше, әскери қылмысқа барғандардың геноцид жасау пиғылы болғанына дәлел жоқ.

«Біз Украина аумағында геноцид болғанын анықтаған жоқпыз. Бұл мәселедегі барлық дәлелді қадағалап отырамыз және осы қылмысқа қатысты сұрақ туындауы мүмкін бірқатар аспект бар екенін атап өттік. Мысалы, ресейлік БАҚ-тың белгілі бір топтарға қарсы бағытталған кейбір мәлімдемесі бар»,- деді БҰҰ тергеу тобының жетекшісі Эрик Месе.

Комиссия сарапшылары Ресей билігінің балаларды Украинадан заңсыз көшіруін «әскери қылмысқа» жатқызды.

«Комиссия Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы балаларды мәжбүрлеп көшіру және депортациялау жағдайын зерттеді. Тараптар ұсынған сандарда көп айырмашалық бар. Комиссия қараған оқиғаларда балаларды мәжбүрлеп көшіру мен депортациялауға қатысты бірнеше жағдай анықталды»,- деді БҰҰ-ның Украинадағы оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссары Ясминка Джумхур.

Сондай-ақ, комиссия Ресей Украинаның энергетикалық және су инфрақұрылымына шабуылы адамзатқа қарсы қылмыстармен теңестірілуі мүмкін деген тоқтамға келді.

Еске сала кетейік, Ресейдің Украиндағы “әскери операциясы” 2022 жылдың 24 ақпанында басталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста