Еуразиялық одақты кім қалай түсінеді?

Кез келген өміршең идея абстрактілі құбылыс емес. Сан жыл, сан ғасыр бір немесе бірнеше адамның санасында пісіп-жетілген идея күндердің күнінде ұлттар мен адамзатты жұмылдырушы орасан зор күшке айналып жұмыс істей бастайды. Дұрыс идея игілік пен ізгілікке қызмет етеді, ал бұрыс идея орны толмас зардаптарға душар етеді. Кейбір идеялардың заман ағысы, уақыт талабымен бұрмаланып, өзінің түпкі мәнін жоғалтуы мүмкін. Мұндай жағдайда идея саясаткерлер мен сарапшылар арасында айтыс туғызып, түпкілікті саяси-әлеуметтік мән-мағынасы айқындала түседі. Соңғы кездері Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты пікір қайшылығы байқалып қалды. Елбасы еуразиялық идеяның негізінде Еуразия экономикалық одағында басты қағида экономикалық мазмұн мен тепе-тең әріптестікті ұсынса, Путин бастаған Ресей бұған саяси ұйым деп қарағысы келеді. Оның үстіне ресейлік саясаткерлердің Еуразиялық парламент құру туралы асығыс бастамасына қазақ саясаткерлері байыпты жауап қайтарды. Идеялық сәйкессіздік геосаяси мүдделер түйткілі қайшылығына ұласуы мүмкін.

Тарихтағы еуразиялық тоғысулар
Ғұн заманындағы Ұлы қоныс аударулар кезеңі құрлық үстімен Шығыс пен Батысты жалғаған көш­пелілердің далалық өркениетін паш етіп, мәдени-экономикалық, сау­да-саттық алаңы ретінде еу­разиялық идеяның әу бастағы түпкі мә­нін айқындады. Сан торап­тарды жалғаған Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық еуразиялық мә­дени-өркениеттік байланыстардың күре тамыры іспетті еді. Сол себепті де Ұлы Жібек жолы мен ілкі еура­зия­лық идеяның өзегі бір, тұма бастауы ортақ-тұғын. Ұлы Жібек жолы үзілген ХV ғасырдағы Ұлы жағрапиялық ашылулар дәуірінен бергі уақытта Батыс пен Шығыс әлі күнге дейін айналма жолмен сау­да-саттық жасап келеді. Сол себеп­тен Еуразия құрлығының екі ше­тінде Еуроодақ немесе АСЕАН сияқты әлемдік деңгейде ықпалы күшті интеграциялық құрылымдар қалыптасып, кәрі құрлық пен сары құрлықты табыстыратын әмбебап Еуразия сынды алып құрылымға зәрулік күн өзекті болды. Тіпті Батыс пен Шығысқа тән таптаурын һәм қарама-қайшы стерео­тип­тер­ден арылуға Еуразиялық бі­ре­гейліктің қосатын үлесі мол бол­мақ.  Қарап отырсақ, тарихта еу­­­ра­­зиялық тауар алмасудың үш ке­­­зеңі өтіпті: Ұлы Жібек жолы (XI–XIII ғасырлар), еуропалық экс­пан­сия дәуірі (ХV–ХIХ ғасырлар) және қазіргі жаһанданған әлемдегі технологиялық, саяси және мәде­ни сұхбат. Оған қоса, Гумилевтің тұ­жы­рымы бойынша Еуразия тер­риториясы тарихта төрт мәрте бі­рік­кенін ұмытпаған жөн: 1) скиф­тер кезінде ( б.з.д. VIII ғасыр –  б.д. II ғасыры), 2) ғұн мен түрік кезеңі ( 434 жыл­дар – VI ғасырлар), 3) татар-моңғол дәуірі(1206 — 1368 жылдар), 4) орыс заманы (1721 — 1991 жж.). Континенталдық еуразиялық идеяның басты ұста­нушысы құқығына Еуропа мен Азия құрлығын бірдей жайлаған Қазақстан, Ресей, Түркия ие бола алады. Соның ішінде Қазақстан Еуразияның нақ кіндігінде орна­ласқан.
Еуразиялық идея бастаулары
«Еуразияшылдық» идеясы «уа­қыт­­­тың үш түрлі бояуынан өтті». Яғ­­ни постимпериялық – ресейлік, им­­пе­риялық – кеңестік және пост­­ке­­­­ңестік ке­зеңді өткеріп, өзіндік маз­­­мұ­­ны өз­геріп отырды. ХХ ғасыр ба­­сында еу­ра­зияшылдық идеясын ұс­­танған орыс зиялылары алдымен еу­разияшылдық топ, кейін қозға­лыс болып қа­лып­та­сып, одан саяси пар­тия құрған еді. Са­вицкий, Тру­бец­кой, Алексеев, Толь, Пол­­ков­ни­ков, Бром­бергтердің еу­разиялық та­­қы­рып­қа арнаған ең­бектері жа­рық көр­­ді. Еуразияшыл­дар­дың Па­рижде «Ев­­разия» деген апталық  газеті, Брюс­­сельде «Евра­зиец» де­ген жур­на­­лы, Прагада «Ев­разий­ские тетра­ди» журналы шықты. Ресейлік сая­сат­­­­­керлер айтып, орыс ба­­­­сы­­лым­дары жа­зып жүргендей, еу­­­ра­зиялық идея­­н­ың теориядан прак­­­­­тикаға айна­луын КСРО-ның қай­­­­та жаңғыруы деп түсіну жаң­сақ­тық.
Себебі Кеңес билігі еуразия­шыл­дардың еңбегін басқан емес, КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, кеңестік барлау органдары арнайы «Трест» деген операция жүргізіп, оларды қуғын-сүргінге ұшыратқан еді. Ресейлік еуразия­шыл ғалымдардың еңбектері тек 90-жыл­дары ғана жарық көріп, ғылыми айна­лымға ене бастады.
Еуразия идеясының негізін салушылар­дың бірі Николай Яковлевич Данилевский «Россия и Европа» еңбегінде Ресей тари­хын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қа­райды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене оты­рып, Батыстың саяси, мәдени экспан­сия­­сынан сақтану қажет деп шешті. Ол мә­дени-тарихи түрлерге қатысты зерттеуінде славян­дық түрдің болашағы туралы тұжы­рымдап, болашақта герман-романдық түр­дің құлдырауына орай, Ресейде славян­шылдық тарих төріне шығады дейді.  Бел­гілі түркітанушы ғалым Л.Гумилев еуразия­лық кеңістікті орман мен даланың тіршілік қамы үшін бір-бірімен тығыз тауар айыр­басы, қажеттіліктер алмасуымен бай­ла­ныс­­тырды. Яғни қазіргі Еуразияның гумилев­тік нұсқасы еуразиялық ин­­­тегра­цияның тек экономика мен сауда-сат­тық­қа негізделуі керектігін дәлелдейді.
Қазіргі Ресейде неоеуразиялық ағымы үш бағытқа бөлінген: олар – радикал-оң­шыл А.Дугин, тарихи-мәдени бағыттағы Э.Баграмов және этатистік бағыттағы  А.Панарин және Б.Ерасовтар. Мәселен, А.Ду­гин бастаған зерттеушілер «жаңаеура­зия­шылдықтың», яғни оның таза орыстық жаңғыртылған имперлік нұсқасын жаса­ған. Оларда іс жүзіне асуына байланысты еу­разия­лық идеяны КСРО-ның қайта жаң­ғыруы деп санайтын ностальгия байқала­ды. Ресейліктер Еуразия идеясында орыс­тың рөлін әспеттеуге тырысқанымен, оның күні өткенін ара-тұра мойындағандай бо­лады. Егер ресейлік сарапшылар Еуразия идея­сына славянофильдік-орыстық тұр­ғыдан келетін болса, бұл жаңсақтықтан өз­дері зардап шегуі мүмкін.
Қазақстандық Еуразия идеясы
Көптеген әлемдік зерделі зерттеушілер­дің өзі посткеңестік кеңістікте ықпалдастық тудырған негізгі күш Қазақстан Прези­ден­ті екенін бүгінде сөзсіз мойындап отыр. Ресейлік философ В.Цымбурскийдің па­йым­дауы бойынша, Нұрсұлтан Әбішұлы мүл­дем мүмкін болмайтын нәрсені жаса­ды. Еуразияшылдыққа жаңа көзқарас та­ныт­қан геосаяси «хартлендтегі» Еуразия кін­дігі Қазақстанның Президенті Н.Назар­баев болатын. Қазақстандық еуразиялық идея мазмұны мен мақсат-мұраттары жа­ғы­нан неоеуразиялық ресейлік концепция­дан өзгеше идеялық, экономикалық, та­рихи-мәдени концепция болып саналады. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық еуразия идеясының  ресейлік нұсқадан бас­ты ерекшеліктері мынадай: 1. Н.Назар­баев­тың еуразияшылдығы Еуразия халық­тарының тарихи дамуын тарихи-фило­софиялық тұрғыдан біртұтас өркениет ретін­де қарастыруға сүйенеді. 2. Еура­зия­лық идея Батыс пен Шығысты бір-біріне қар­сы қою идеясына емес, керсінше, адам­­зат­­­тың ғаламдық мәселелерін бірле­сіп ше­шу­ге жаңа жол ашуға тырысады. Н.На­зар­баевтың еуразиялық идеясының клас­­­­сикалық еуразияшылдықтан ерекше­лігі – ол Еуразия халықтарының кең ауқым­ды тарихи-географиялық және мәдени кеніс­­тік­ке жататын елдерді қамтиды. 3. Қа­­зақстандық еуразияшылдық ол ака­деми­я­лық ізденістермен шектелмей, нақты фор­­ма­лар мен іс жүзінде жүзеге асы­­­ры­лып жат­қан жобалар болып та­бы­лады. 4. Осы кезге дейін еуразиялық идея кө­бінесе бір­­жақ­ты Ресей тарихымен бай­ла­нысты­ры­лып келген болса, қазіргі заман та­ри­хын­да ол Қазақ­станмен тығыз байла­ныс­та дамуда. Еура­зиялық идея бүгіндері бір ел атынан айты­лып жүрген монолог емес, көпжақты диалог алаңына айналған. 5. Еура­зия­лық ресейлік идея русьтік- правос­­­ла­виелік мәдени-рухани құнды­лық­тарға сүйеніп келген болса, оның қа­зақ­стандық нұсқасы ұлттар мен діндердің, мәдениет­тердің тең­дігіне, бірдей дең­гейдегі құн­дылық дәре­же­л­еріне негіздел­ген. Әлдебір тұйықтал­ған, Батыс пен мұсылман әлеміне қарсы ба­ғытталған қауымдастықты құруды мақ­сат етпейді.
Сарапшылардың пікірінше, назарбаев­тық еуразиялық тұжырымдаманың артық­шы­лығы – прагматизмінде, өйткені ол әде­мі ұрандардан емес, нақты идеялардың тү­­йіні­нен құралған. Бұрынғы еуразия­шыл­дар: Трубецкойдан, Савицскийден, Гу­милёв­тан Назарбаевтың айырмашылығы ға­лым ре­тін­де ғана емес, саясаткер ретінде оның сая­си механизмін жүзеге асыруында. Ел­ба­сы Н.Назарбаев мақаласында: «Еура­зия­­лық одақ­ты мен әу бастан-ақ мемле­кет­тердің тең­дік, бір-бірінің ішкі ісіне ара­лас­пау­шы­лық, егемендік пен мемлекеттік ше­­каралар­дың қол сұғылмастығын құр­мет­теу қағидат­тары негізіндегі бірлестік ретін­де көр­дім. Мен «Еуразиялық одақтың әрбір мү­ше ел­дің мүдделерін ескеретін, нақ­ты да шы­найы өкілеттіктерге ие, кон­сенсус негі­зін­де іс-қи­мылдар жасайтын ұл­түс­тілік орга­нын құру­ды ұсындым. Бірақ бұл саяси егемен­дікті беру дегенді тіптен де қа­­рас­тыр­майды. Бұл – аксиома. Негізінде, ин­тег­рация бойынша,  әріптестердің теңдігі алын­ған Еуразиялық одақ құрудың табысты тә­жірибесі дәл осын­дай болатын», – деген еді.

Еуразия идеясының геосаяси жобалары
1. ЕурАзЭҚ – экономикалық ынтымақтастық
2. ҰҚШҰ – әскери-саяси ықпалдастық
3. Кедендік одақ – тауар алмасу
4. Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісім – еркін сауда
5. ТМД – әлеуметтік-саяси өзара әрекеттестік
6. ШЫҰ – жалпы саяси және қауіпсіздік мәселелері
7. Азия кеңесі (АӨШСК) – еркін форматтағы ықпалдастық

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста