Ескерткіш – елдіктің белгісі

Алдымен айтқанымыз жөн, Абай ауданының орталығы Қарауылдан Кеңгірбай би мен Шәкәрім Құдайберді ұлының ескерткіштерінің ашылуы – облыс әкімі Б.Сапарбаевтың шығыс өңірінің әр ауданында «Туған елге тағзым» акциясын өткізуінің нәтижесі. Арман жылдар жетегінде есейіп, қай қиырға тартса да кез келген азамат өзінің туған ауылының алдында қашанда борыштар. Яғни өзі өсіп-өнген атамекеннің болашағы жарқын болуына атсалысып, жоғын түгендеуге, іздегенін табуға үлес қосуы перзенттік парызы болып табылады. Сол себептен де Қарауылға ат басын тіреген жанды құшақ жая қарсы алар тұстан бой көтерген Кеңгірбай би ескерткішін кейінгі жылдарда аудан орталығының ажарын ашқан тағы бір жақсы нысан деуге әбден болады.
Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
– Бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік негізі жылдар бойы қаланды. Оның әрқайсында да бабаларымыздан қал­ған айшықты іздер бар. Бүгінгі ескерт­кіші ашылған Кеңгірбай би Жандосұлы да – өз дәуірінде елдік мұратымыздың қа­лыптасуына үлкен үлесін қосқан қайраткер. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген сөзді халқымыз бекер айт­паған. Қандай істі қолға алсақ та, біз ең алдымен бірлігімізді сақтасақ, тірлігіміздің көші түзеле түсері айқын. Сол мақсатта бірнеше жыл­дардан бері дәс­түрге айнал­ған «Туған елге тағзым» акция­сын өткізудің де өзіндік тәрбиелік мәні барын ұмытпауымыз керек.

Аптал азамат Тұрсынғазы Мү­сәпірбеков басшылық ететін Абай ауданының атын асқақ­та­тып тұрған жақсылықтардың жарқын көріністерінің негізгі бө­лігі «Туған елге тағзым» акция­сы­ның үлесінде. Аудан орталығы Қарауылдың қазіргі келбетінің кісі қызығарлық нысандарында талай азаматтың қолтаңбасы жат­қаны түсінікті. Бір ғана Мед­ғат Құтжановтай атымтайжо­март­­тың 171 млн теңгеге спорт ке­шенін салып бергендігін айтсақ та жеткілікті болар. Сол сияқты ал­да­ғы уақытта мәдени саябаққа айналатын Кең­гірбай би ескерт­кішінің ел игілігіне берілуіне Қабидолла, Дулат Айтхожиндер, Мұрат Тұрғанбаев, Қуат Өзбеқанов, Қай­рат Қасымжанов, Қанат Кәбер, ағайынды Сармурзиндер тағы да басқа көптеген азаматтардың осы іске демеушілік көрсеткенін атап өткен ар­тық болмас. Баба ескерткішіне ғана емес, Би ата ауылының жанындағы Кеңгірбай би ма­­зарының кешен­дік көрінісіне де Қабидолла Айтхо­жин­нің көп еңбек сіңірге­нін ел ұмытпаса керек.
Ал осынау Кеңгірбай би ескерткіші – өмір­ден ерте өткен талантты мүсінші Мұ­рат­бек Жанболатовтың бір кездері шығар­машылық жоспарында болған істің бірі. Ұстазының бастап берген мақсатын жал­ғас­тырған ескерткіш бюстің авторы – қа­рауылдық мүсінші Сәтбек Съезханов және Серік Оразов бастаған өнер мектебінің ұжымы.

Түс ауа аудан орталығы Қарауылда қазақтың үш алып тұлғасының бірі, ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Шәкәрім Құдай­бер­­ді­ұлының 155 жылдық мерейтойының шымылдығы түрілді. Түске дейін Қарауыл ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Қазақтың жайнар даласы, жетілер өсіп баласы» атты облыстық мүшәйра өтіп жат­қан болатын. Аудандық ішкі саясат, мә­дениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйым­дас­тырған жыр бәйгесіне 18 ақын келіп, өз­дерінің жүрек толқытқан тол­ғаныс­тарын төкті.
Ал Қарауылдағы қуғын-сүргін құрбан­дарына арналған алаң төрінен бой көтер­ген Шәкәрім ескерткішінің жөні бөлек. Ескерткіштің ашылу сал­та­натына арнайы қатыс­қан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев­тың сөзімен айтсақ, «Бүгін – Шәкәрім бабамыздың арманы орын­далған күн». Яғни даныш­пан баба аңсаған Тәуелсіздік туын тіктеді. Аймақ басшысы туған елі үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген меценат азамат, Шәкәрім симфониясын шетелде басты­рып шығарған Медғат Құт­жанов­қа және «Туған жерге тағ­з­ым» акциясына белсене қа­тыс­қан барлық азаматтармен қатар, ме­ценат Қуат Өзбехановқа арнайы алғысын білдірді. Ескерткіштің ашылу салтанатын­да ақынның немересі, осы шара­ға арнайы келген Мереке Зият­ұлы­ның да жан тол­қынысы куә бол­ған­­дардың көңілінде өзін­дік әсерін қалдырды.
Ескерткіштің ашылуынан кейін көпшілік қауым аудандық мәдениет үйінде облыстық мүшәйраның қорытындысына куә болды. Қазақстан Жазушылар одағы­ның мүшесі, ақын Төлеген Жанғалиев төрелігін айтқан жыр сайысында ІІІ орын – осы жолдардың авторы мен Б.Игілікке, ІІ орын иегері – үржарлық А. Бейсенғазыға, І орын – Арман Шеризатовқа, ал бас жүл­де өскемендік А.Тасқараұлына берілді. Мүшәйра қорытындысынан кейін көпшілік тағы бір қуанышқа қол соқты. Семей қала­сының әкімі Айбек Кәрімов «Қаламқас» ән-би ансамблінің ұжымына автокөлік кіл­тін табыс етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста