Ерлан Қошанов қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген министрлік өкілін сынға алды
![Ерлан Қошанов қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген министрлік өкілін сынға алды](/image/stub.png)
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов отырыста қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген министрлік өкілін сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінгі Мәжіліс отырысында Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаржы мәселесі талқыланған болатын. Отырыс барысында депутат Наурыз Сайлаубай тақырыпқа қатысты БЖЗҚ өкілі мен Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкіліне қазақ тілінде сұрақ қойған болатын.
БЖЗҚ өкілі Жанат Құрманов депутаттың сұрағына қазақ тілінде жауап берді. Алайда Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілі жауапты қазақ тілінде бастап, артынша орыс тілінде жауап беріп кеткен болатын.
"Министрліктің өкілдеріне де, бәріне де қатысты: қай тілде сұрақ қойылса, сол тілде жауап беруге, ең болмағанда әрекет жасау керек. Біз оған түсіністікпен қараймыз. Бірақ сіздер бәріңіз бірдей сол ережені бұзып отырсыздар. Бұл депутаттардың көкейінде тұрғанын сезіп отырмын", - деді Қошанов.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)