Ер Төстіктің сиыр жылы бастан кешкендері

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ерте, ерте, ертеде Еділ мен Алтайдың арасында Жерұйық дейтін құтты мекенде малы қисапсыз Ерназар деген кісі болыпты. Оның сегіз ұлы бар екен. Осы сегізінен кейінгі ең кенжесі Ер Төстік өзінің асқан ақылымен халқына жағып, патша тағына отырса керек. Төстіктің Ұлттық қауіпсіздік, Тұрақтылық, Экономикалық өсім, Денсаулық, Энергетика, Инфрақұрылым, Кәсіпқой мемлекет, Бәсекеге қабілеттілік дейтін қасиеттері бар егеуі болыпты. Бір күні патшаның сиқырлы егеуі із-түзсіз жоғалыпты.

Ер Төстік әкесінен сұраса, баяғыда қайың сауған жаһандық жұт кезінде Сорбұлақ дейтін жердегі жалмауыздың мекені дағдарыстың ошағында қалып қоюы мүмкін екенін айтады. Ер Төстік елді 2030 жылы бақытқа кенелтетін қасиетті егеуін іздеп, алыс жолға шығады. Ер Төстіктің мақсатына кедергі бүкіл ғаламға, ел-жұртқа кесірін тигізген дағдарыстың үш толқыны – жалмауыз кемпір, пері қыз Бекторы және оның баласы, өте құдіретті Шойынқұлақ бар еді. Жолда Ер Төстіктің серігі Шалқұйрыққа тіл бітіп, алдына әмбебап «Жол картасын», дағдарысқа қарсы жоспарын жайып салып, әлемді зар илеткен, қымбатшылық пен жоқшылық орнатқан жалмауыздан егеуді қалай құтқару керектігін айтады.

Төстік жалмауызбен жолыққан бетте Шалқұйрықтың ақылымен «шеше, ана тұрған қыздардың бәрі сіздікі ме?» деп алдайды. Жалмауыз артына жалт қараған кезде Төстік сиқырлы егеуін ала қашады. Бірақ әлемді жалмаған жалмауыз қыр соңынан қалмайды. Одан құтылудың амалын қарастырып, Төстік дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Алдымен «жер астындағы» Жылан Бапы ханның ордасына барады. Жылан Бапы елінің сырына қанық Шалқұйрық «бұлар жылан болып қойныңнан кіріп, қонышыңнан шығады. Олардан сескенуші болма, әйтпесе «жер астының еліне» қадіріміз болмайды» деп ақыл қосады. Ер Төстік ысылдаған жыландардан сескенбей, төрге отырады. Оған дән риза болған Жылан Бапы елі Төстікті үлкен сый-сияпатпен шығарып салып, 13 миллиард ділдә береді.

Өз кезегінде Ер Төстік Жылан Бапы ханды өз еліне шақырып, Жерұйық елінен «жер асты еліне» бұрын-соңды болмаған газ құбырын тарту рәсімін өткізеді. Одан кейін Төстік раджалар, Алмания, Ұрым елдеріне сапар жасап, жұпар сулар, Оңтүстік түбек елі басшысын қонақ етеді. Елдің қамы үшін Ер Төстік қоңыр аю және ақ аюмен тізе қосып, үштік одақ құрады. ЕурАзЭҚ елдері жалмауыздың лаңына қарсы 8,5 миллиард ділдә қор жинайды. ҰҚШҰ жедел әрекет ету күштерін жасақтайды. Жалмауыз идеологиясына қарсы әлемдік дін көшбасшыларының басын қосады. Елмен сиқырлы айна арқылы тікелей дидарласады. Қарғыс атқыр жалмауыз дағдарыспен күресте Ер Төстікке аяғына тас байлаған желаяқ, екі сауысқанның құйрығын білдірмей ауыстыра алатын епті адам, Көлтауысар, Таусоғар, Саққұлақ, Көреген кісі серік болады.

Епті адам ішкі-сыртқы елдермен дипломатиялық байланыстарды жүргізсе, әр нәрсені шапшаң істейтін Желаяқтың керемет өнері бар екен. Индустриялық инновацияға жүйрік желаяқ лезде «100 мектеп, 100 аурухана» салып тастапты. Сақалды құрылыстарға жан бітіріп, үйін жылдар бойы күткен үлескерлердің үмітін ақтап шығады. 20 жыл бойы шешілмей келген қазақ тілінің жайын 2 минутта тастай қылыпты. Көлтауысар әп-сәтте Тынық мұхиттың суын бір-ақ жұтып, кенересі кепкен Аралды қайтадан суға толтырыпты. Көреген жолдас он сегіз мың ғаламды кезіп жүрген «КазСАТ-1»-ді көзі шалып, ел игілігіне жаратыпты. Жеті қат жер астындағыны еститін Саққұлақ тереңде жатқан атомнан шикілік тауып береді.

Ер Төстіктің алдынан жол нұсқап, бәрін елден бұрын біліп жүретін Қырағы жолдас көп еңбегі сіңіп, қарсылас топтарды жалмауыз дағдарысқа қарсы күш біріктіруге шақырады. Осындайда жұртқа «Ер Төстігім бір төбе» екенін еске салудан танбайды. Ер Төстік асқан өнерлі жолдастарымен жалмауыз дағдарысқа қарсы «батыл бес қадам» жасап, «он күйрете соққы» береді. Сөйтіп, Жалмауыз бен Бекторыны жеңген Ер Төстіктер әбден қалжырап, Бәйтеректің түбінде тыныстап жатып ұйықтап кетеді. Бір кезде оянып қараса, зәулім бәйтеректің басындағы әлдебір құстың балапандарын бір айдаһардың жейін деп жатқанын көріп, оны құтқарып қалады. Сөйтсе, бұлар алып Самұрық құстың балапандары екен. Самұрық құс Ер Төстікке рақметін айтып, «көмек керек болған жағдайда шақыр» деп бір тал қауырсынын береді.

Ең соңында Ер Төстік дағдарыстың өлмейтін көкесі Шойынқұлақпен арпалысады. Алайда қырық жаны бар Шойынқұлақ Төстікті құрсауға ала бастайды. Сондай қысылтаяң кезде Ер Төстікті бағанағы Самұрық құс құтқарып, өз қазынасынан 10 миллиард ділдә көмек береді. Тұралаған қазына қорларын банкроттықтан сақтайды. Өлмейтін Шойынқұлақтың жаны Борықты бұлақ басындағы қырық еліктің біреуінің ішіндегі тоғыз сандықтың ең кішісіндегі тоғыз балапан екен. Ер Төстік Шойынқұлақтың жанын табу үшін «Дағдарыстан шығудың кілтін» ойлап табады. «Бесінші жолмен» барып тоғыз балапанның басын алып, жеңіске жетіп, қасиетті егеуін тауып, еліне оралып, бақытты өмір кешеді. Сөйтіп, Шойынқұлақты жеңген соң өз міндетін мүлтіксіз атқарған «сақшы» Саққұлақ пен «дархан мінезді» Көреген досымен, «Терминатор» атанып кеткен Таусоғар балуанмен қош айтысады. Саудаға мығым жолдасына елдің ішкі шаруасы мен ЕҚЫҰ-ға төрағалықты, епті серігіне қауіпсіздік саласын атқаруды жүктепті.

Соңы
Бүгінде Асан қайғы арман еткен Жерұйықтың нақ төрінен Астана байтақ бой көтеріп, оның ортасынан мәуелі Бәйтерек өсіп шығыпты. Қасиетті Самұрық құс Қазақ елі монументімен асқақтап тұр. Татулық пен ынтымақ, бақ-береке орнаған құтты мекен Ер Төстіктің барыс тұрпатты Қазақ елі сүтті болған «сүзеген» сиыр жылын артқа тастап, барыс жылына қадам басты. Барыс жылы «мың өліп, мың тірілген» Ер Төстік еліне молшылық пен ырыздығын нәсіп еткей!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста