Енді бізге Ресей мен Украинадан «қосмекенділер» ағылуы мүмкін

Енді бізге Ресей мен Украинадан «қосмекенділер» ағылуы мүмкін

Украинадағы саяси шиеленіс өршігелі бері қоғам тарапынан қос азаматтықтың қауіптілігі жайлы жиі айтыла бастады. Басқаны былай қойып, аузын айға білеген, бес қаруы сай Ресейдің өзі «қосмекенділерден» үрейленіп, заңын қайта қарап жатыр. Енді олар жасырын төлқұжаты бар азаматты ұстаса, қара жұмысқа салып, «құл» етпек. Тынышы кеткен Украина болса, қалтасында екі төлқұжаты бар азаматты анықтаса болды, «он жыл түрмеген тоғытамыз» деп алақанын ысқылап отыр. Ал, біз ше? Қос азаматтығы бар адамдарды анықтауда белсенділік таныта алып отырмыз ба? «Алаш айнасы» осы мәселеге тағы да ой жүгіртіп көрген еді.
Қазақта «өгіздің басына туған күн, бұзауға да туады» деген сөз бар. Украинаны біз үшін өгіз емес. Бәлкім, тана-торпақ болар. Ал, Ресей... Ресей мүйізі қарағайдай – бұқа. Ол кез-келген елді мүйіздей алады. Қандай қиын жағдай болмасын, әлемдік саясатта басты ойыншылардың бірі болып ойын көрсете біледі. Солай бола тұра бұл ел қос азаматтық мәселесіне аса сақтықпен қарай бастады. Егер де Ресей жасырын қос азаматтығы бар адамды анықтаса, 400 сағат бойы қара жұмысқа шегіп қоймақшы, яки айыппұл салмақшы. Ал, Украинаның Жоғарғы Радасы «болашақта қос азаматтығы барларды 10 жылға бас бостандығынан айырамыз» дейді. Десе де, бұл мәселеге аса сақтықпен баратындықтарын айтуда. Мысалы, олар Қырымдағы Ресейдің төлқұжатын еріксіз алғандарға бұл жаза қолданылмайды деп отыр. Сондай-ақ, осы заңның жобасын дайындаған депутат Александр Бригинец «Біз осындай заңды шынымен де дайындап болдық. Қазір елімізге әскери қауіп-қатер төніп тұрғандықтан, бұл заң күшіне енбей тұра тұрады. Елдегі жағдай тынышталған соң, біз бұл сұраққа айналып соғатын боламыз» деді. 
Іргедегі екі көршіміздің осылай шабылып жатқанда біз қам-қарекетсіз отырған жоқпыз ба?
Батыс Ресейге санкция жариялады делік. Дәл осындай санкция Иранда үш жылға созылғанда жұмыссыздық 70 пайызды, инфляция 45 пайызды құрапты. Мамандар Ресейді сыртқа тым тәуелді екенін айта келіп, санкция бір-ақ жылда Ресей экономикасын тұралатып тастайды деп отыр. Енді өзіңіз ойлаңыз, 70 демей-ақ қоялық, Ресей халқының 50 пайызы жұмыссыз қалса, күн көріс үшін қайда ағылады? Іргесіндегі Қазақстанға... Ал, олар жайлы өмір сүру үшін қос азаматтыққа талпынбауы мүмкін бе? Бұл, бірінші қауіп...
Екіншіден, Украинадағы саяси шиеленіс Шығыстағы бірнеше қалаларда жалғасып жатыр. Бұл көтерілістердің соңы немен аяқталады? Белгісіз. Демек, бұл мемлекеттен де бас сауғалаушылар Ресейден емес, мына бізден пана сұрайтыны ақиқат. Олардың төс қалтасында Ресейдің һәм Украинаның төлқұжаты қатар шықпасына кепілдік бере аламыз ба?. 
Үшіншіден, Қазақстанға келіп жұмыс жасап жүрген қырғыз, өзбек гастарбайтерлерін алыңызшы. Өзбекстандағы Әндіжан оқиғасы һәм Қырғызстандағы сансыз революциялардан кейін осы елдің біраз азаматы біздің мемлекетке келіп тұрақтап қалғаны ара-тұра айтылып та жүр. Олардың дені Қазақ елінде қалғысы келеді-міс. Бұған Украина мен Ресейдің тұрғындары қосылса, Қазақстанның жайы қандай болмақ? Еліміз этносаралық қақтығыстар ошағына айналып кетпей ме?
Демек, осындай сәтте біздің елге етек-жеңімізді жинау қажет. Осы уақытқа дейін қос азаматтыққа қатысты бірнеше мақала жаздық (Қарай отырыңыз, «Қосмекенділерді» Ресей секілді жазалай аламыз ба? (http://alashainasy.kz/politics/49980/), Бипатрид дерті: Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ азаматтық алуға бола ма? (http://alashainasy.kz/politics/49877/). Сонда байқағанымыз, елімізде қос азаматтық алғандар жайлы нақты статистика жоқ екен. Тіпті, осы қауіппен қалай күресуге болатыны жайлы да деректер кездеспейді. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 850 мыңнан астам шетелдік азаматқа азаматтық беріпті. Олардың бәрі дерлік өздері көшіп кеткен елдің азаматтығынан шығып келді ме? Белгісіз. Қош!
Қазір Қазақстан азаматтығын кімдер алып жатыр? Нақты мәліметтерге сүйенсек, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстаннан келгендер осы елде мәңгілікке қалып қоюды армандайды екен. Олар Қазақстанда соңғы 5 жыл көлемінде тұрса болды, азаматтық алуға құқылы. Мысалы, орыстар азаматтық берерде орыс тілінен емтихан тапсыртады. Біріншіден, біз де осы үлгіні енгізуге болады. Екіншіден, іргедегі өзбектердің өзі азаматтық беруге аса сақтықпен қарайды. Олар біздегі секілді 5 жыл Өзбекстанға тұрған адамға азаматтық береді, бірақ азаматтық алатын адамның ата-анасы міндетті түрде Өзбекстан азаматы болуы тиіс. Бұл талаптары жаңылтпаш секілді, бірақ қаласаңыз да, қаламасаңыз да – ақиқаты осы. Мысалы, кез-келген қазақ Өзбекстанға барып, азаматтық ала алмайды деген сөз. Ал, бізде ше? Соңғы 3 жыл Қазақстан азаматымен некеге тұрсаңыз болды, Қазақстанның төлқұжаты қалтаңызда деген сөз.
Біздің ойымызша, ҚР азаматымен 3 жыл некеде тұрғандарға азаматтық беру деген мәселені қайта қарайтын кез жеткен секілді. Бұл талап біріншіден қазақ қыздарының жат жұрттықтарға көптеп тұрмысқа шығуына ықпал етіп отыр. Олар азаматтық алғаннан кейін қаракөздерімізді жылатып кете барады. Демек, қаншама тағдырдың тас талқаны шығып жатқаны белгісіз.
Екіншіден, аралас неке халқымыздың ұлттық болмысын құртып жатыр. Бұл алдағы жүз жылда қазақ ұлтын жойып жіберуі әбден мүмкін. Неге дейсіз бе? Мәселен, тарихта аралас некенің шектен тыс көбеюінің салдарынан жойылып кеткен ұлттар бар. Өткен ғасырдың басында Испан отарынан азат болған Перу мемлекеті Тауантинсуйді қайта қалпына келтіріп, Инк империясын жаңғырту идеясын ұстанды. Осы идея барысында биліктегі креолдар мен халықтың денін құрайтын кечуалар арасында тартыс пайда болады. Осы тартыста аралас некеден туғандар (испандықтардан) отарлаушы креолдардың жағына шығып кетіп, мұның ақыры айналасы жүз жылға жетпей байырғы халық перуандардың (кечуалар) құрып кетуімен аяқталды. Егер де, азаматтық беру мәселесінде некеде болу шарты алынып тасталмаса, біз де осының кебін киюіміз әбден мүмкін.
Cонымен қатар, қазір бір кездері елімізден Германия, Ресей, Украина, Беларуссияға көшіп кеткендер қайтып оралып жатыр. Мұны біздің БАҚ жетістік ретінде жарнамалап жүр. Жай ғана логикаға салыңызшы. Олар сол елдерге барған кезде азаматтықты қалай алды? Әрине, азаматтыққа елімізді жамандау арқылы ғана қол жеткізді. Яғни, бір кездері «бізге күн көрсетпеді» деп, әлем алдындағы имиджімізге нұқсан келтіргенер қайтып келіп жатыр. Оларды құшақ жая қарсы алуымыз қаншалықты негізді? Жауапты сіз бере отырыңыз.

«Алаш айнасының» түйіні
Бипатридтердің, яғни қос азаматтығы барлардың жайы мұнымен біткен жоқ. Біз алдағы күндері «Қос азаматтығы бар адамдарды қалай жазалау керек?» деген мәселеге арнайы тоқталатын боламыз. Сіз де ой қоса жүріңіз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста