Еңбек құндылығын жоғары көтеру абзал

Еңбек құндылығын жоғары көтеру абзал

Жуырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласында Қазақстанда еңбек қоға­мын, одан әрі халықтық капитализм қалыптастыру идеясын жариялаған болатын. Әрине, еңбекке шақыру ұраны әлем үшін де, Қазақстан үшін де жаңалық емес. Дегенмен қоғамды еңбек­ке ынталандыру тарихи кезеңдердің барлығында маңызды бол­ған.

Елді еңселі ететін – ерен еңбек
Еңбек идеясын ұлттық ұран ретінде пайдаланған елдер аз емес. Еңбекті құндылық деп танитын қоғам ғана ілгері жылжи алатыны тарихтан белгілі. Еңбек - Солтүстік Американың жапан даласынан заманауи озық ел жасап шығарды. Орта ғасырда протестантизм этикасы еңбекті адамдардың сенімімен байланыстырып, еңбекті иманның жоғарғы категориясы ретінде атауы барша Батыс әлемінің серпінді дамуына себеп болғаны жалпыға аян. 60-жылдары «жапон кереметі» деген атауға ие болған оңтүстіказиялық өңірдегі құбылысты тудырған да еңбек ұраны еді. Сол секілді Ататүрік заманында дамуды бастан кешкен Түркия да, бертін келе экономикалық серпін берген Малазия, Индонезия да өзінің даму кезеңінде еңбекті ұран еткен. Қысқасы, әлем тари­хын­да елдер мен аймақтардың серпінді даму үстінде болған кезеңіндегі ұран еңбек болғанына көз жеткіземіз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев өз мақаласы барысында еңбекқор елдерге дағдарыстың ауыртпалығы аз тиіп жатқанын айтып өтті. «Форбс» журналы­ның соңғы зерттеулері бойынша, серпінді дамуды бастан кешкен бірқатар елдер әлі күнге дейін еңбекқорлық қасиетін сақтап тұр. Мысалы, Оңтүстік Корея тұрғындары жылына орта есеппен 2 357 сағат еңбек етеді екен. Бұл, расында, рекордтық көрсеткіш болып табылады. Барлық меке­ме аптасына алты күн жұмыс істейді. Ал жылдық демалыс біздегідей бір ай емес, бар болғаны үш күнді құрайды. Сондай-ақ гректер, чехтер, венгрлер, поляктар, АҚШ, Британия, Таиланд, Малайзия, Гонконг, Бангладеш және ШриЛанка, Қытай тұрғындары да көп еңбектенетін елдердің қатарына жатады. Сонымен қатар еңбек уақыты аз бола тұра, еңбек өнімділігі әлдеқайда жоғары болып шығатын елдер бар. Мысалы, Германия, Нидерланды секілді елдерде азаматтардың жұмыс күні шамамен бес сағатқа созылып, жылдық жұмыс сағаты 1 330-ды құрайды. Соған қарамастан, әрбір қызметкердің еңбек өнімділігі қай кезде болса да жоғары болып шығады. Мұны, бір жағынан, аталған елдер­дегі еңбекке деген құрметпен байла­ныстыруға болатын шығар.
Еңбек болу үшін еңбекшіге құрмет болуы шарт
Еңбекті ұлттық ұранға айналдыру деген тұжырым жұртты жаппай жұмысқа салу деген мағынаны білдірмейді. Либералды құндылықтарға басымдық бере бастаған әлемде адамды еркінен тыс күштеп жұмысқа салу мүмкін емес, бір жағынан, дұрыс та емес. Ендеше қандай көзқарас өзгеруі керек? Бұл мәселе қоғамнан құбылыс ретінде көрініс беруі үшін биліктің де, халықтың да еңбекке деген көзқарасы өзгеруі керек. Қалай және қай бағытта өзгеруі керек? Ең алдымен, еңбекке деген құрмет артуы керек. Бұл мәселеде мемле­кеттік құрылымдар бірінші болып қадам жасап, еңбектің қалай бағаланатынын дә­лелдеуі тиіс. Өйткені қазіргі өмір шынды­ғына сай еңбек иесі өзінің қыруар еңбегі үшін түкке тұрмас жалақы алатын болса, онда жасалған еңбек құнсызданған болып шығады. Төккен терге сай бағаланбаған еңбек  девальвацияға ұшырайтыны екібас­тан белгілі. Мысалы, үш ай далада егін салып, жеміс-жидек, көкөніс өсірген неме­се мал өсіріп, ет, сүт өнімдерін нарыққа ұсын­ған шаруадан гөрі, сол дайын өнімді қабылдап алып, нарыққа ұсына қоятын делдалдар, сол делдалдардың жұмысын жасы­рын басқарып отыратын шенеу­ніктер­дің табысы он есе жоғары. Мұндай келеңсіз жүйені нарық өздігінен реттей алмайды, әкімшілік ресурстардың саналы түрде араласуы ғана мәселені реттей алады. Бірақ ол үшін ерік пен ықтияр керек. Яғни Елбасы мақаласын түсіндіру, насихаттау жұмыстары тек қарапайым халыққа ғана емес, ең алдымен мем­лекеттік құрылым­дардың адамдарына қатысты болуға тиіс. Социалистік қоғамда атқарған еңбегі үшін берілетін төлем­ақының тиісті деңгейден төмен болуы адамдардың еңбек нәтижесіне деген немқұрайдылығын тудырады.
Яғни Карл Маркстың «еңбектен пайда болған өнім еңбекке қарсы шығады, еңбек адамы неғұрлым көп еңбектенген сайын оның еңбегінің құны арзандай береді» деген тұжырымына қатысты жүйелі жұмыс керек. Мемлекет еңбектің құнсызданбауын қамтамасыз ету жолында менеджерлік қызмет атқара алады.
Соңғы жылдары әлемде де, елімізде де бизнестің дамуы көп насихатталуда. Дегенмен Қазақстан қоғамы «бизнес» ұғымын еңбекпен байланыстыра бер­мейді. Бизнесті алып-сату, айласын жұрт­тан асыру деп қабылдайтындар басым­дықты құрайды.
Өкінішке қарай, бізде Батыстағы протестант этикасы сынды еңбектің иман­­ды­лықпен  байланысын қалыптас­тыратын этикалық жүйе әлі де нық орнықпай отыр. Бәлкім, оған біздің атеистік ықпалдан шыға алмаған діни сауат­тылығымыздың шалалығы да ке­дергі болып отырған шығар? Шындығына келгенде, ислам діні өмір шындығынан қашқақтамайтын, о дүниені ойлай тұра, бұл дүниенің тұр­мыс-тіршілігін күйттеу­ден алыстатпайтын нағыз өміршең дін ғой. Протестанттық рефор­маға дейінгі христиандық түсінік бойынша еңбек адамның Құдай алдындағы күнәсін жууы үшін Жаратқан жіберген азап ретінде қа­растырылғанын ешкім жоққа шығара ал­майды.
Қысқасы, қоғам санасына еңбек адамы­на деген ілтипат, таза еңбекке деген құрмет арта беруі керек. Ол үшін тұлға қалыптастырушы қоғамдық инсти­тут­тардың барлығы – отбасындағы, балабақ­шадағы тәрбиеден бастап, мектеп қабыр­ғасы, жоғары білім беру ордасы, БАҚ т.т. бірмақсаттылық танытып, еңбек құнды­лығын жоғары көтеруі абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста