Еңбек қарапайым шаруанікі, – қызығын делдал көреді...

Еңбек қарапайым шаруанікі, – қызығын делдал көреді...

«Көбелек келіп көлп етті, Көбігін ішіп ол кетті. Жапалақ келіп жалп етті, Жартысын ішіп ол кетті. Сауысқан келіп сарқ етті, Сарқып  ішіп ол кетті. Қарға келіп қарқ етті, Қалғанын ішіп ол кетті» деп бала кезімізде тақылдап тақпақ айтушы едік. Қазір ойласақ, сол өлеңнің астарында бейшара шаруаның маңдай терімен тапқан еңбегін жеп кете беретін делдалдар жатыр екен ғой. Кеше Үкімет сол делдалдардың, арадағы алыпсатарлардың жолын кесудің амалын қарастырды.
Экономикалық даму және сауда ми­нистрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге алыпсатарларды жою мақсатында бөлшек сауданы мемлекеттік қолдау меха­низмін әзірлепті. Министрдің айтуынша, бүгінде сауданы күнкөріс көзіне айналдыр­ған елімізде 1,2 миллион адам бар екен. Бұл экономикалық белсенді халықтың шамамен 15 пайызы болады. Жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) сауданың да алар үлесі біршама. Былтырғы жылдың қаңтар және жел­тоқсан айларындағы мәліметке сүйен­сек, ішкі сауданың ЖІӨ-дегі үлесі 14,5 па­йыз (13,9 трлн теңге) болып отыр. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы дерек бойынша жеке сауда айналымы был­тырғы кезеңмен салыстырғанда – 12 пайызға, ал көтерме сауда 15,6 пайызға өскен. «Жалпы алғанда, сауда айналымы­ның көрсеткіші өскенімен, сауданың даму сапасы – әлі де төменгі деңгейде», – дейді экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев. Себебі біздегі сауда айналымының жартысына жуығы (49 пайыз) – базардағы сауда. Ал министр сау­даның заманауи форматын дамыту қа­жет деп есептейді. Біздегі заманауи фор­маттағы сауданың үлесі 4 пайыздан да аспайды екен. «Заманауи форматтағы сау­да дамыған елдерде 70 пайызға дейін же­теді», – дейді ол. Жаңа заманғы формат­тағы сауданың дамымауы, дұрыс жолға қо­йыл­мауы –  алыпсатарлардың тасын өрге домалатады деген сөз. Яғни негізгі табыс делдалдардың қалтасына түседі. Бүгін­де азық-түлік өнімдерінің көбісі ба­зар­ларға жекелеген аулалардан делдалдар арқылы жеткізіледі. Мәселен, сүттің 88 па­йызы, еттің 80 пайызы жеке қоралардан на­рық­қа ағылса, картоптың 72 пайызы жеке­леген үйлердің ауласынан тасылады. Осы жерде  араға алыпсатар, делдалдар түсіп кетіп, тауар өндірушілердің еңбегін жеп кетеді. Былайша айтқанда, еңбек қа­ра­па­йым шаруанікі болғанымен, қызығын делдал көреді. Бұл – бір. Екіншіден, осы­ның кесірінен соңғы тұтынушы үшін азық-түлік бағасы қымбаттап шыға келеді. Бұл проблемаларды шешу үшін министрлік мынаны ұсынады: біріншіден, тұтынушы­лық кооперацияларды дамыту арқылы ауылшаруашылық құрылымдарды ірілету. Екіншіден, тиімді көтерме бөлімдерді құру. Үшіншіден, сауданың жаңа форматтарын дамыту. Төртіншіден, ішкі сауда саласын­да­ғы салық салу жүйесін жетілдіру. Бесін­ші­ден, ішкі сауда саласында заңнаманы жетіл­діру.
Бұл жерде ертеңгі күні саудагерлер тара­пынан неше түрлі наразылық тууы мүм­кін. Яғни базардан жабық заманауи сауда орталықтарына көшіру барысында қарсылық білдіретіндер де шығатыны заңды. Бұл мәселені де министрлік ың-шың­сыз шешуге күш салмақ. Министрдің ай­туын­ша, қазіргі күні шетелдің тәжірибе­лері қарастырылып жатыр. Мәселен, Қы­тай елі бұл жағдайда базардан сауда орта­лық­тарына өз еркімен көшушілерге па­йыз­сыз несие беру секілді ынталандыру­лар жасайды екен. Осы секілді ынталандыру шаралары бізде де болуы әбден мүмкін.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бұл механизмді қос қолдап қолдайтынын айтты. Үкімет басшысы Кә­рім Мәсімов Бақытжан Сағынтаевқа ай­мақ­тармен кеңесе отырып, жылдың аяғы­на дейін пісіріп жетілдіруді тапсырды.
Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР экономикалық даму және сауда министрі:
– Бізге стихиялық базарлардан шығып, күрделі заманауи форматтағы сауда орта­лықтарына көшкен тиімді. Бұл жағдайда салық төлеушілер салы­ғын төлейді. Са­нитар­лық нормалар сақталып, ешқандай қауіп болмайды. Сондай-ақ бұл ауыл шар­уа­шылығы тауар өндірушілері үшін де тиім­ді болмақ. Себебі біз қазір сауда орта­лы­ғы мен тауар өндірушінің тікелей бай­ла­ны­сын орнату жолдарын қарастырып жа­тыр­мыз.

Тағы бір мәселе – селекторлық кеңесте рұқсат беру жүйесінің одан әрі реформалау тұжырымдамасы қабылданды. Министрдің айтуынша, әлемдік тәжірибеде рұқсат құжаттары мына жағдайларда: егер қызмет түрі елдің, қоғамның, жекелеген адамдар­дың әл-ауқатына және қауіпсіздігіне, ден­саулығына, өміріне қатер төндіретін болса, қыз­метті жүзеге асыруда табиғаттың не­месе инфрақұрылымның шектеулі ресурс­та­ры пайдаланылса немесе квоталауды көздейтін басқа қызмет түріне қатысты болса, қоғам тарапынан қолдау таппаған, бірақ заңмен тыйым салынбаған қызмет (ойын бизнесі, алкоголь және темекі өнім­дері) түріне қолданылады екен. Үкіметтің қол­дауын тапқан тұжырымдама осы тә­жіри­белерді ескере отырып әзірленген. «Тұжырымдаманың негізгі қағидасы – рұқсат беру құжаттарының жіктемесін, сондай-ақ оларды қауіп деңгейі бойынша санаттауды ескеретін жүйеленген рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылады», – дейді министр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста