Еліміздегі Парламент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

Еліміздегі Парламент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру күні Ортсайлауком учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы күні бойы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы деректерін ұсынып отырды.

 
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 % - ы алды.

Олардың ішінде өңірлер бойынша:

Ақмола облысы бойынша &ndash 72,8 %

Ақтөбе облысы бойынша &ndash 58,8 %

Алматы облысы бойынша &ndash 73,5 %
Атырау облысы бойынша &ndash 56,4 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша &ndash 62,4 %

Жамбыл облысы бойынша &ndash 72,2 %

Қарағанды облысы бойынша &ndash 70,7 %

Қостанай облысы бойынша &ndash 71,8 %

Қызылорда облысы бойынша &ndash 73,9 %

Маңғыстау облысы бойынша &ndash 55,0 %

Павлодар облысы бойынша &ndash 71,3 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша &ndash 75,5 %

Түркістан облысы бойынша &ndash 65,8 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша &ndash 72,4 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша &ndash 45,1 %

Алматы қаласы бойынша &ndash 30,3 %

Шымкент қаласы бойынша &ndash 56,5 %

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста