Діни алауыздықтан қалай құтыламыз?

Діни алауыздықтан қалай құтыламыз?

Дін – елді біріктіреді. Әйтсе де Қазақстандағы діни ахуал, оның ішінде халқының 70 пайызы ұстанатын ислам дініндегі қазіргі алалық һәм әсіре ағымдық сипатына қарап «біріктіреді» деп айта салудың оңай емес екенін түсінетіндейміз. Біздің қоғамда дін тақырыбы туралы сөз ұстайтындар қатары көбейген сайын, оның өте-мөте күрделеніп бара жатқаны да әмбеге аян. Тіпті белгілі бір тұрғыдан қиын әрі «жабық» тақырыпқа айналғаны да байқалады. Сондықтан елдегі діни ахуал жұртты біріктіруден гөрі, қоғамды ыдыратуға, жік-жікке бөлуге әкетіп барады десек қателесеміз бе? Көзі қарақтылар бірден «қайдам!» дер еді. Ендеше, осындай алалықтан халықтың 70 пайызы жапа шексе, «жар астындағылар» ұтымды саясат жүргізіп жатқаны ғой. Бізді осы мазалайды.

Мешіттің шіркеуден несі кем?
Былтырлары Қазақстандағы шіркеу поп­­тарының мемлекеттік тілде уағыз ай­ту­ға көшетіні туралы мәселе көтеріліп, қо­ғам­ды бір дүр сілкіндіргені бар. Әттең, бұны тілге деген шынайы құрмет немесе мем­лекеттің тіліне жасаған шіркеудің жана­шырлығы, қазақты сыйлап, заңға бой ұрғаны деп еш қабылдай алмайсыз. Шір­кеу­ге қазақтың тілін үйренуден гөрі, сол тілді білетін уағызшы ұстау аса керек-ті. Тілінде мүкісі жоқ уағызшы арқылы Құ­дай­ға қазақша сыйыну үшін жұртшылықты шір­кеуге тартуды көздейтінін бірінші бай­қай­мыз. Ендеше, мұндай пиғылдың «дұ­рыстығын» дәлелдеп жату артығырақ. Бұл – бір жағынан. Екінші жағынан, зайырлы Қазақстанның ұлы даласында соңғы жыл­дары саны да арта түскен шіркеу өз саяса­тын Астанамен емес, Мәскеумен келісіп-пішеді. Қазақстанның заңына мойын­сын­ға­нымен, шіркеулік саясат бағдары бүкіл­орыстық патриархатының пәрменінде. Ен­деше, қазақ тіліне қатысты «құштар­лық­ты» шіркеудің тамыр басу әдісіне теңеуге де келеді. Зайырлы әрі жан-жақтан мем­ле­кет­тік тілді қолдау туралы ұран дүркін-дүркін ес­тіліп жататын қазақ қоғамында бұған соншалықты қарсы реакция байқал­ма­ды. Тіпті мемлекеттік тілді ұран етіп, ұлар­дай шу­лаған топтың қаруын жұлып алып, сол қарумен өз бастарынан бір соқ­қандай әсер алған тәрізді. Сондықтан бо­лар, орыстың православиелік шіркеуі енді­гі сатыда өз мис­сиясын ашық жүргізуге беттеп отыр. Бұ­ған еш кедергі де жоқ, қолдайтын ақ­па­рат­тық қауқары да әу бастан ақ әзір еді.
Поп қимылдап, имам қарап тұрғандай...
Жақында «РИА Новости» халықаралық ресейлік ақпарат агенттігінің Астана қаласында орналасқан Орталық Азиядағы өкілдігінде Астана–Мәскеу–Киев арасында «Ресей православиелік шіркеуінің пост­ке­ңес­т­ік аумақтағы гуманитарлық миссиясы» та­қырыбында телекөпір өтуі де соның ай­ғағы. Рас, «РИА Новости» агенттігінде бұ­ған дейін елдераралық ынтымақтастық, эко­номикалық байланыстар мәселесіне қа­тысты тың тақырыптар талқыланып тұ­ра­тын.
Бұл жолғы телекөпір арқылы қазақ да­ласындағы «шіркеудің гуманитарлық мис­сиясы» талқыланатын шараға ресейлік, ук­раиндық дінтанушылар, сондай ақ Аста­на­дағы шіркеу қызметкерлері ғана емес, мемлекеттік органынан жіберілген рес­ми өкіл де белсене қатысқан тәрізді. Әйтсе де телекөпір тақырыбының «өзек­ті­лігіне» осы шараға қатысты баспасөз ай­ға­ғы қолы­мыз­ға тигенде тағы бір мәрте көз жетті­. Онда қаузалатын мәселе туралы былай делі­ніпті (қаз қалпында): «Дамыған мем­лекеттер әлемдік экономикалық дағ­да­рыстың салдарынан қоғамның тиімді емес гуманитарлық және әлеуметтік мә­се­лелерін «лақтыруға» мәжбүрлі. Бұл мәсе­ле­­лерді кім шешеді? Соңғы уақыттардағы қауіп­терге шіркеу қалайша жауап бермек? Со­нымен қатар Кеңес Одағының күй­реуі­нен кейін тәуелсіз мемлекеттер орнаған пост­кеңестік аумақта рухани және идео­ло­гиялық вакуум пайда болды. «Кеңестік коммунистік рухтан­ды­рушы­лық­тың» орны­на не келуі керек? Шіркеу бір кездері бір­тұ­тас мемлекеттік және идеологиялық кеңіс­тіктің рухани біріктіргіш рөлін өзіне ала ала ма? Қазіргі мәдениеттің рөлі қан­ша­лықты? Қаншалықты ол рухани, адами? Мәдениеттегі рухсыз­дық­ты жоюда шір­кеу­дің рөлі қаншалықты? Шіркеу заманауи рухани және идеологиялық жол­серіктің рөлін атқаруға дайын ба? Осы және басқа да көптеген сауалдарға теле­кө­пір бары­сын­да қатысушылар жауап бе­реді». Теле­кө­пірде не айтылып, не қой­ға­нынан хабар­сызбыз. Көтерілген тақырып аясында төң­ке­ріс іздейтін жаулық жасаудан да ау­лақ­пыз. Өйткені мемлекеттегі басты дін исламнан кейінгі тұтқаға ие болып отыр­ған православ шіркеуі өз ісімен ай­на­лысып жатыр. Қарын аштыратын бір-ақ нәрсе – Қазақстандағы ислам дінінің сойы­лын соғатындар шіркеу көтерген мә­се­­лені неге көтере алмай келеді. Поп посткеңестік кеңістіктен вакуум тауып, оны шоқын­ды­лар­дың қатарымен толтырсам дегенді көк­сейді. Бұл – бір ғана пра­во­славтық шір­кеу­дің емес, елімізге дендеп еніп жатқан өзге де христиандық діни ағым­дардың да көксегені осы. Ондай олқылықтың орнын толтыруға неге шеттегі шіркеу емес, өзіміздің мешіт ұмтылыс жа­са­майды, неге үнсіз?! Бақсақ, қырық темір­дің қылауындай болған елдегі дәс­түрлі дін мәселесі бұған барғызбайтын тә­різ­ді.
Тақырыпқа орай бір пікір
Асхат Бекенов, Мәжіліс депутаты:
– Қоғамдағы діни ахуалды ретке келтіру – өзекті. Исламға жат діни ағым­дардың ел арасына кірігіп, жұр­ты­мыздың өркениетті өсуіне кері әсер келтіретін мысалдары жеткілікті. Бұл – болашақ үшін қауіпті құбылыс, тіпті біз белгілі бір деңгейде мәселені шабан әрі тым кеш көтеріп жүрген тәріздіміз. Менің ойымша, билік дін ісіне етене ара­ласпаса да, ұлт болашағы үшін арнайы бағдарлама әзірлесе деймін. Ал ондай бағдарламаны әзірлеуге Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктері мен Діни басқарма бірігіп кірісуі шарт. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мемлекеттік ор­ган­дармен үйлесетін әрекетін көргіміз келеді. Ислам ішіндегі ағымдарға, жұрт­ты, ұлтты бөлетін бағыттарға қарсы баға беру шаралары, жүйелі жұмыстары жүргізілгені ләзім. Әзірше мен мұндай ұмтылысты байқап отырған жоқпын. Діни басқарма жұмадағы намазда, бас­қа да күндері тек мешітке келген, сонда жиналған халыққа ғана ислам құндылықтары төңірегінде уағыз ай­тумен шектеліп отыр. Уағыз үшін қол­да­натын баспасөзінің ауқымы да кең емес. Яғни Діни басқарманың жұмысы үдетуді талап етеді. Сонда ғана қо­ғам­нан жат теріс ағымдарды ысырып шы­ғаруға болады. Әйтсе де тым кеш қалып бара жатқандай әсерді әлі де баса айт­қым келеді. Одан бөлек, Діни бас­қар­ма­ның мемлекеттік органдармен бір­ле­сіп жүргізуге болатын тетіктері де бар. Кейбіреулер мемлекет пен дінді бі­ріктіріп қарағысы келеді, муфтияттың мәртебесін көтеруді ұсынады. Оның керегі де жоқ тәрізді. Өйткені Діни бас­қар­маның өзінің ішкі жарғысы, соған сәйкес мемлекеттік органдармен бір­ле­сіп жүргізу бағыттары айқын. Тек бел­сен­ділік деңгейі төмендеу. Ұлттың келе­шегі болып табылатын жастарды сауық­тыру бағытындағы жұмыстың нәтижесін көр­мей отырмыз.

Түйін
Қазақстанда «исламның қай ағымы бар?» дегеннен гөрі, «біздің елде қандай ағым жоқ?» деген дұрысырақ. Бір көкеміз айтпақшы, «қазақ даласына ағым жердің ас­тымен де, үстімен де келіп жатыр». Тіпті «ұлттық ислам», «ұлтсыз ислам» деген тер­миндер де әрқилы ауызға ілігіп кетіп жүр. Мешіттер Діни басқармаға бағынады де­лінгенімен, басқарманың өзін қаралайтын топ та баршылық және бұл бір ғана ағым­ның жетегіндегі топ емес. Жік-жікке бөлінгендердің «менікі дұрыстан» басқаға бара алмайтынын «орамал дауы» тағы бір мәрте дәлелдеп бергеніне лажсыз куә бол­дық. Сөзіне қарасақ, бәрінікі дұрыс. Әйтсе де 70 пайыз мұсылманның бәрі бірдей мүше-мүшеленіп, әр ағымның соңынан кетпегені анық. Дегенмен «толық мұсыл­ман­дыққа» ұмтылғандар қай жолды ұстанамын деп бас қатырып жүргенін байқаймыз ба? Неге Қазақстандағы исламшылар бір шаңырақ астына жиылып, пікір алмасып, бірін-бірі мойындай, мойындата алмай әсіре бөлшектенуге кетіп барады? Әлемнің дәс­түрлі де, дәстүрсіз де діндерінің басын қосқан қазақтың киелі шаңырағында бір дін­дегі өз қандастарымыз ортақ дастарқан басында отыра алмайды екен. Бұған, бәл­кім муфтияттың күші жетпесе, биліктің қозғалысы керек шығар? Әйтеуір бір жо­лын табу керек. 70 пайыздың ішіндегі басым жұртшылықтың күтетіні осы деп бі­лі­ңіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста