Д.Ассанж: Олардың мақсаты – геополитикалық және экономикалық билік
Соңғы жылдары әлемдік саясаттың, оның ішінде АҚШ саясатының ақ-қарасын ажыратып айтып жүрген бірден-бір адам – Джулиан Ассанж. Шындықты шырылдап айтқаны үшін, бұрын жариялауға болмайтын құпия құжаттарды WikiLeaks сайтына басып шығарғаны үшін бірнеше жыл қудалауда жүр. Соңғы мекендеген жері Ұлыбританиядағы Эквадор мемлекетінің елшілігі. Алпауыт күшке қарсы шыға білген Ассанж әлі күнге дейін сенсациялық ақпараттармен бөлісуде. Сайтымыздың оқырмандарына соңғы бірнеше ай көлемінде Ассанж берген сұхбаттар негізінде дайындалған материалды ұсынбақшымыз.
Ұялы телефондарды тыңдау
Былтыр ғана бірнеше мемлекет басшыларының жеке ұялы телефондарын тыңдауға қатысты шу шыққанын білесіздер ғой. Американың қауіпсіздік қызметі «бұл елдің қауіпсіздігі үшін» деп ақталған. Дегенмен WikiLeaks-те басқа ақпар бар. Ақпар бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігінде (ҰҚА) арнайы тапсырма бекітілген. Тапсырма бойынша 100 миллионнан доллардан асқан кез келген француз компаниялардың келісімдерін жинап, тиісті орындарға жіберу керек. Бізде ҰҚА жылдық бюджетіне қатысты құжат бар. Құжатта барлық ақшаның 50 пайызы геополитикалық ақпарат жинауға арналған. Тек қалған бөлігі ғана бақталастарының қару-жарағын бағамдауға, терроризммен айқасқа бағытталған. Бір сөзбен айтсақ, терроризммен күрес дегендері жәй ғана сылтау. Олардың басты мақсаты – геополитикалық және экономикалық билік.
Apple «еркелігі»
Өткенде әлем жаңалықтарында «Apple» компаниясы АҚШ қауіпсіздік күштеріне ақпарат беруден бас тартты деп шулады. Қызықты жағдай. Бұл дегеніміз компанияның өзін қарсы шығуға дайын екенін көрсетті. Неге десеңіз, егер Apple келісе салса, жаһан бойынша гаджеттерді қолданушылардан айырылып қалу қаупі болатын. Алдыменен Қытай, Франция, Ресей, Германия тұрғындары бас тартатын еді. Шынымен де өзін аңдып жүретін телефон кімге керек? Дегенмен, бұл жағдай бар мәселелін беті ғана. Apple баяғыда-ақ өздерінде бар ақпаратты ФБР-ға беріп қойған. Бүгінгі еркелігінің мәнісі: «Біз енді мемлекетке тегін жұмыс істемейміз, ақпарат керек болса сатып алыңдар» дегені ғой.
Таяу Шығыс
2006 жылды еске түсіріп көрейік. Сол кездегі Сириядағы АҚШ елшісінен Асад режимін құлату жоспары келген болатын. Жоспар бойынша оппозицияны тек БАҚ-пен қамтамасыз ету емес еді, сондай-ақ биліктегі бірқатар адамдарды шошытып, күмән салып, мемлекеттік төңкеріске бар жағдайды жасап беру. Кейін американдық жоспар бойынша, Сирия үкіметі экстремистер Иран шекарасынан кіріп жатыр деу керек еді. Ең соңында шииттар мен сүнниттердің арасын тіптен ушықтырып, Сирияны «меншіктеп» алу.
Өз дегенін орындату
Американдық алпауыт компаниялар мен мемлекеттік департамент арасында байланыс бар. Яғни, жеке бизнеске мемлекет көмектесуде. Бұл дегеніміз Boeing немесе Monsanto сияқты американдық компаниялардың еуропа нарығында өз талаптарын орындатуда, заңдарын өзгертуге ықпал жасауда. Бұған АҚШ елшілері көмектесуде. Мысалы, өз еліне жасанды тағамдарды кіргізуге келіспеген немесе осындай тағамдарға арнайы белгі салуға бұйырған бірнеше Еуропа мемлекетін олар арнайы санкция астында қалдыруға талпынып жатыр.
Компания және мемлекет
АҚШ нағыз құрлықтық экспанция жүргізуде. Әлем бойынша АҚШ-тың 1400-ден аса әскери базасы 120 мемлекетте орналастырылған. Бұдан өзге БҰҰ мен Халықаралық валюта қорындағы өкілдері, шет елдергі дипломаттардың қызметі американдық компаниялардың жұмыс жасауына оңтайлы шешім қабылдатып, табыс көздерін арттыру. Тағы да қайталаймын бұл американдық компанияларға ғана пайдалы, өйткені барлық компаниялардың басшылары сол үкіметпен байланысы бар. Ал қарапайым американдық сол баяғы өз күнін көріп, теледидарға сеніп жүре береді. Билікке керегі де осы.
Мәлімет rt.com және vesti порталдарынан алынды
Аударып дайындаған Р. Нүркен
Namys.kz