Бүгінгі тірлік -түркілік бірлік

Бүгінгі тірлік -түркілік бірлік

Тағдыр тәлкегімен еңсе көтерместей болған көкбөрі рухты түркі жұрты қайта өрлеп келеді. Түркілік бірлік өте баяу жүргенімен, оның келешегіне үмітіміз зор. Өйткені түбіміз, тегіміз, тіліміз, дініміз, діліміз бір болғандықтан, түркі бірлігінің іргетасы қандай дауылға да найқалмай қасқайып тұратынына сеніммен қараймыз. Отаршылдық салдары бүгінгі бірігуге тым көп кедергі мен қиындық қалдырғаны жасырын емес.

Тарыдай шашыраған түркілер
Түркі әлемінде алты мемлекет: Қа­зақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Түр­кия, Өзбекстан және Қырғызстан ғана тәуелсіз ел болса, қалған түркі халықтары басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүріп жатыр. Былайша айтқанда, жарты түркі әлеміне азаттықтың ауасын жұту бақыты бұйырмай келеді. ҚХР-да Шың­жаң-Ұйғыр автономиялық ауданы; Ресейде Башқұртстан, Татарстан, Кабардин-Балқар Республикасы, Қарашай-Шеркес Респуб­ликасы, Дағыстан, Алтай Рес­публикасы, Долған-Ненец автономдық округі, Саха, Тыва, Хакасия; Чувашия, Молдовада Ға­ғау­зия, Өзбекстанда Қарақалпақстан бар. Соның ішінде Кабардин-Балқар Респуб­ликасында, Қарашай-Шеркес Респуб­ликасында, Дағыстанда, Алтайда, Сахада, Хакасияда жергілікті түркі халықтары азшылықты құрайды. Тіпті кейбірінде түркі жұрты 12-14 пайызға әрең жетеді. Бұл басқа елдің ішкі шаруасы десек те, түбі бір халықтың бүтін тағдыры емес пе? Ешкім ұлт пен тілге кедергі жасамайды, жұрт туының жығыл­мауы әрбір ұлттың өзінің ерік-жігеріне байланысты. Өзге елдің құрамындағы кейбір түркі елдердің әлеуеті өзге тәуелсіз елдермен салыстыр­ғанда әлдеқайда мықты. Мәсе­лен, өнер­кәсібі өркендеген татар елінде мұнай мен көмір­дің қоры мол. Татарстанның жер қойнауын­дағы болжанған мұнай қоры 1 млрд тон­надан асып жығылады. 127 мұ­най кеніші бар татар елінде қоры жөнінен Ресейде екінші орын алатын Ромашкинское мұнай кеніші бар.
Ал азат алты түрік елінің өзара бірлігі қуантарлықтай емес. Сол геосаяси, эконо­ми­калық қуаты, энергетикалық әлеуеті орасан зор алты түркі елі өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр. Мәселен, тәуелсіз түркітектес алты елдің жиынтық жалпы ішкі өнім көлемі 1 триллион 430 млрд доллардан асып жығылады. Осы алты елдің халқының жиынтығы 111 243 000 адамнан асады. Бұл – біле-білсек, өте үлкен геосаяси күш.
Түркілердің бірігуіне не кедергі?
Түрікшілдік идеясы бұрын отаршыл­дыққа қарсы ағартушылық сарында сипат алған болса, қазіргі кезде бұл идея ортақ интеграцияға қызмет етеді. Демек, игілікті көздейтін түркі идеясы қандай да бір кедергілерге кез болуы тиіс емес. Алайда біз түркілік интеграцияға үлкен тал­пы­ныстар барысында қиындықтарға тап болып жүрміз. Ең бастысы, түркі бірлігіне бірқатар батыл қадамдар жасалғанын айтуымыз керек. 2009 жылдың 3 қаза­нында Нахичеванда Түркітектес елдердің кеңесі құрылды. Қазіргі кезде ТҮРКСОЙ, Түркітілдес елдердің парламенттік ассам­блеясы, Астанадағы Түркі акаде­миясы, оның жанынан ашылған түркі әлемінің мұражайы жұмыс істеп тұр. Осындай жетістіктерге Елбасының ерік-жігері арқа­сында қол жеткіздік. Алайда Түркі кеңесіне түркі елдерінің төртеуі ғана Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қыр­ғыз елі еніп отыр. Ал беймарал Өзбекстан мен бей­тарап Түрікменстан Түркі кеңесіне атса­лысқан жоқ. Түркі кеңесі саяси одақ емес, оның үлгісі Британдық ұлттар қауым­дастығына, Араб мемле­кеттерінің Лига­сына ұқсас келеді. Сондықтан бұл – қатып қалған саяси ұйым емес, ортақ мүдделерді тоғыстыратын еркін алаң. 1993 жылы 12 шілдеде құрылған ТҮРК­СОЙ-дың қыз­метіне бүгінде 14 түркі елі белсене арала­сады. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Түркия, тәуел­сіздігі танылмаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және басқа елдің террито­риясындағы федералдық субъекті немесе автономды аймақ болып саналатын Алтай Республикасы, Башқұртстан, Ғағаузия, Хакасия, Саха, Тыва, Татарстан ТҮРКСОЙ ұйымының шаңырағын көтеріп келеді.
Өкінішке қарай, түркі елдерінің интег­рациясына кедергі келтіретін жайттар аз емес. Көгілдір отынға бай Түрікменстан мен Өзбекстанды Түркі кеңесінен көре алмай отырмыз. Одан бөлек, түркі әлемі тарыдай шашырап орналасқан. Орталы­қ­азиялық түркі елдерінен Әзірбайжан мен Түркияның шекарасы алшақ орналасқан. Түркі елдерінің бірі латын әліпбиін, енді бірі кириллицаны қолданады. Қазақ­станның түркі елдерімен тауар айналымы мәз емес. 2009 жылы бұл көлем 3,7 млрд долларды құраған еді, бұл – өте аз көр­сеткіш. «Түркист» сайты «Биыл түркі бірлігін қан­дай үлгіде көргіңіз келеді?» деген сауалнама жүргізген екен. Соның нәтижесі бойынша жауап бергендердің 48 пайызы тәуелсіз елдердің конфедерациясын құру керек десе, 23 пайызы әскери және саяси одақты қалаған. Әрине, конфедерация құрмай-ақ, түркі жұртын біріктіретін тетік­тер баршылық. Түркілік интеграцияны гео­саяси мазмұннан гөрі өркениеттік, гуманитарлық, мәдени, ақпараттық, сау­­да-экономикалық тұрғыдан нығайту барынша маңыздырақ болып отыр. Осын­дай саладағы ықпалдастық кемеріне жет­кен кезде саяси одақ құруға негіз қа­лан­бақ. Өйткені үлкен саяси шешім­дер қа­был­дау үшін де оған негіз керек қой. Сондықтан кемелденген түркі интеграциясы бірнеше жылды қажет етеді. Әлі күнге дейін түркі кеңістігіне ортақ мәдени-ағартушылық, спутниктік телевизиялық каналдар аша алмай келеміз. Онсыз геосаяси бірігуге қадам жасау мүмкін емес. Сондықтан бұл интеграцияда жоғары лауазымды саясаткерлерге ғана емес, интеллектуалдық ортаға, мәдениет және өнер қайраткерлеріне үлкен миссия артылып отырғанын ұғыну керек.
Біріншіден, ТҮРКСОЙ-дың жұмысын бұрынғыдан да жандандыру, екіншіден, түркілік мәдени-ақпараттық орта құру, үшіншіден, түркі елдерінің кәсіпкерлеріне жеңілдіктер жасау қажет.

Керек дерек
Түркі жұртының жалпы саны 170 миллионнан асады. Түркия – 60 млн, Түрікменстан – 5 млн, Өзбекстан – 25 млн, Әзірбайжан мен Иран – 40 млн, Кавказ (Әзірбайжанды қоспағанда) – 2 млн, Қазақстан – 12 млн, Қырғызстан – 3 млн, Ресей – 15 млн, Қытай – 13 млн, Еуроодақта – 2 млн (Ұлыбританияны, Германия мен Францияны есепке алмағанда), АҚШ – 0,8 млн, Германия – 3 млн, Франция – 0,4 млн, Ұлыбритания – 0,4 млн, Моңғолия – 80 мың, Жапония – 0,1 млн, Канада – 0,1 млн, Бразилия – 0,1 млн, Аргентина – 0,1 млн, Украина мен Белоруссия – 0,3 млн, Латын Америкасы (Бразилия мен Аргентинаны есептемегенде) – 0,8 млн, Австралия – 60 мың, әлемнің басқа аймақтары – 1,4 млн адам.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста