Брюссельде Қазақстанның Еуроодақпен ықпалдастық мәселесі талқыланды

Брюссельде Қазақстанның Еуроодақпен ықпалдастық мәселесі талқыланды

Беделді жалпыеуропалық «Euractiv» басылымының алаңында «Еуроодақ Орталық Азиядағы күн тәртібін қалай ілгерілетеді - Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастықтағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-ға сілтеме жасап.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілері бойынша сөз қозғады. Аймақтағы бес мемлекеттің Еуропамен қазіргі қарым-қатынасы туралы қызықты пікір алмасулар мен бағалаулар болды.

 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы туралы «ҚазАқпаратқа» сұхбат берген ЕО жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары Т.Сұлтанғожин ағымдағы жылдың 2 маусымында Қырғызстанда өткен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель кездесуінің қорытындыларына ерекше назар аударылғанын атап өтті.

 

«Бүгін Брюссельде қызықты пікір алмасу болды. Қазақстан өз тарапынан Орталық Азиядағы және Еуропалық Одақтағы көршілерімен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Біздің басымдықтарымыз белгіленді. Шара өте сәтті өтті деп ойлаймын», - деді Т.Сұлтанғожин.

 

Дөңгелек үстел барысында Еурокомиссияның өкілі П. Устубс Қазақстан мен ЕО арасында еліміздің азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мүмкіндігі бойынша жүргізіліп жатқан консультациялар екіжақты қарым-қатынастардағы оң жаңалық болып табылатынын атап өтті.

 

Осыған қарамастан, еуропалық өкіл бұл мәселе бойынша Еуропалық Одаққа мүше барлық елдердің ұстанымдарын үйлестіруге байланысты елеулі жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста