Болашақ білімді ұрпақтың еншісінде

Болашақ білімді ұрпақтың еншісінде

Әлемдік өркениеттің көшіне ілесудің жалғыз жолы – ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыру. Жас ұрпақ жаңа заманның бар білімін мейлінше меңгеріп, әр саласынан сусындап жатса, ел ертеңі жарқын боларына ешкім шүбә келтірмес. Шүкір дейміз. Бұл бағытта бізде барлық жағдай жасалған.
– Кеңестік білім беру жүйесінің кендірі­не шырмалып қалған кейбір мемлекеттерге қарағанда көшіміз бойын баяғыда-ақ түзе­ді. Осы орайда, қазақстандық орта бі­лім­нің озық үлгісін қалыптастырып отыр­ған Назарбаев зияткерлік мектептерінің жа­сампаз жұмысы мақтауға тұрарлық. Құ­рылғанына көп уақыт бола қоймаған зият­керлік мектептері қысқа мерзім ішінде озық ойлы ұстаздар мен озат оқушыларды бір ортаға топтастырып, заманауи білім жү­йесі негізінде оқыту ісіне батыл кірісіп кетті. Жаңа ғасыр бізді жаңаша ойлауға мін­деттейді. Бұдан былай тек білімді адамды тәрбиелеп шығарумен шектелме­ген абзал. Балаларымыз ғұмыр бойы бі­лімге ұмтылатындай болуы керек. Міндеті­міз – соған қол жеткізу, – дейді «Назарбаев зият­керлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова. Ұйымның ұйымдастыруы­мен Астанада өткен «Білімдегі жоғары сапа мен көшбасшылық – 2013» халық­ара­лық конференциясы барысында сол ба­ғытта жасалып жатқан жұмыстардың жай-жапсары үш күн бойына талқыға түсті. Шараға Қазақстанның жетекші ұстаздары­мен бірге, әлемнің 14 мемлекетінен келген 57 халықаралық сарапшы қатысып, шара­патты ойларын ортаға салды. Мамандар «ер­теңгі ел бастайтын даналар – бүгінгі балалар» деп мәселені әріден қозғап, бо­ла­шақ көшбасшыларды тәрбиелеудің сан түрлі тәсілдерін ұсынды.
Бұл бағытта жеті қағидатты негізге ал­ған зияткерлік мектептердің бағыт-бағда­ры оң бағаланды. Оларда тәрбие мен бі­лім берудің біртұтастығын бұзбау, үштілдік саясатын кеңінен ендіру, оқушының білім­ге деген ынтасын арттыратын жаңа бағалау жүйесін ендіру, "Ғылымға кіріспе", "Ақпа­рат­тық-байланыс технологиялары", "Мә­де­ниет", "Қазақстан жаңа әлемде" атты жаңа пәндерді бағдарламаға енгізе оты­рып, оқушылардың танымын арттыру т.б. міндеттер кеңінен қамтылған.
Бұл арада Назарбаев зияткерлік мек­тептерінің білім беру бағдарламалары ту­ралы айтпай кеткен болмас. Бүгінде мек­тептер базасында білім берудің екі моделі жүзеге асырылуда. Біріншісі – жаратылыс­тану мен математика ғылымдарын бірік­тір­ген экспериментті бағдарлама. Ол ап­ро­бациядан өтіп, ендірілгеннен кейін елдің жалпы орта білім жүйесіне трансляциялауға ұсынылады. Біріктірілген білім беру бағ­дарламасы нәтижеге бағытталған білім беру моделіне ауысуды қарастырады, яғ­ни білім алудан қабілеттілік пен біліктілікті меңгеруге, оқушылар жетістіктерін субъек­тивті бағалау жүйесінен объективті түріне ауысуды білдіреді. Екінші білім беру моделі Халықаралық бакалавриат ұйымының философиясы негізінде орта және жоғары сыныптар бағдарламасын жүзеге асырады. 2013 жылдың 9 сәуірінде Астана қаласын­дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Дип­лом­дық бағдарлама бойынша Халықара­лық бакалавриаттың Әлемдік мектебі ретінде мақұлданды. Дипломдық бағдар­лама оқушыларға халықаралық талаптарға сай сапалы білім алуға және әлемнің ал­дыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттеріне қосылуға мүмкіндік бе­реді. Зияткерлік мектептердің мұғалім­дік құ­ра­мы­ның дені қазақстандық ұстаздар­дан құ­ралған. Дегенмен оқытушылар ара­сында Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зелан­дия, Канада, ОАР секілді өзге елдердің ма­мандары бар. Назарбаев зият­керлік мектептеріне оқушылар конкурстық іріктеу арқылы қабылданады. Алғаш рет 7-сы­ныпқа қабылдау 2013 жылғы мау­сым­да «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Cito және CTY-мен бірлесіп әзірлеген жаңа жүйесі негізінде өткізілді. Жаңа конкурстық іріктеу жүйе­сінің тестілік тапсырмалары білімді тәжі­рибеде қолдану және оқушылардың жара­тылыстану-математикалық ғылым­дар­ды оқып білу қабілеттерін анықтауға ба­ғытталған. Биылғы оқу жылында 78 оқушы, яғни Назарбаев зияткерлік мектеп­терінің әр алтыншы түлегі жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа және «Алтын белгі» белгісіне ие болды, 135 түлек Назарбаев университетіне, 27 түлек шетелдік жоғары оқу орындарына және ТМД елдерінің университеттеріне оқуға түсті. Озық оқыту жү­йесімен отандық ұстаздарды қуантып отырған осынау мектептердің саны бүгінде 15-ке жетті. Биылдың өзінде Атырауда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Таразда, Шым­кентте, Қызылордада және Павлодарда 7 жаңа Назарбаев зияткерлік мектебі есік­терін айқара ашты. Семейде, Өскеменде, Талдықорғанда, Көкшетауда, Астанада және Оралда ашылған зияткерлік мектеп­тер өз жұмыстарын жалғастыруда. Алдағы жылдары Назарбаев зияткерлік мектептері Алматыда, Ақтауда, Қостанайда және Пет­ро­павлда бой көтереді. Әрбір жаңа білім ұясында басқа қаладан келген оқушыларға арнап 120 орындық демалатын ғимарат­тар да салынуда. Ал, жалпы, еліміз бойын­ша аталған зияткерлік білім ошақтарының құрылысын толық аяқтау 2015 жылға жос­парланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста