Бірлік пен татулық салтанат құрған қоғам табысты болмақ

Бірлік пен татулық салтанат құрған қоғам табысты болмақ

«Патриотизм дегеніміз – бұл өзіңнің туып-өскен еліңнің өзге­лер­ден үздік екеніне мақтану», – депті әйгілі жазушы Виктор Гюго. Бұл нақыл сөз­­ді Гюго шалдан бұрын атам қазақ айтпап па еді?!. «Туған елдей ел болмас» деп... Немесе «Өз еліңнің басы болмасаң да, сайының та­сы бол». «Біздің баршамыздың Ота­ны­мыз бір! Ол – Тәуелсіз Қазақстан! Оның көнеден жеткен терең та­рихы мен абыз тілі түсінген жанға сырлы шежіре шертеді. Отанды қас­терлеу – ел­ді­гіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған ба­балардың асыл аманатына адалдығымыз», – деді Мемлекет бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI құрыл­тайында сөйлеген сөзінде. Осы тұр­ғы­дан алғанда, өз еліңнің жет­кен жетістіктерімен мақтану на­ғыз патриотизм, шынайы отан­сүй­гіш­тік болмақ.
Шынында да, соңғы 20 жылда Қазақ­стан­ның қай салада болсын жеткен же­тістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Қа­зіргі кезде біздің еліміздегі жан басына шақ­қандағы ЖІӨ 8000 АҚШ долларынан асып түсіп, 2000 жылғы көрсеткішпен са­лыс­тырғанда номиналды түрде жеті есеге ұл­ғайды. Дүниежүзілік банктің жіктеуі бо­йынша, Қазақстан осы көрсеткіші ар­қы­лы Польша, Ресей, Болгариямен бірге «ор­та­ша табысы бар жоғары санатты елдер» то­бына кіреді. Соңғы 15 жылда біздің ЖІӨ-іміз 12 есеге көбейді. Сонымен қатар соң­ғы 10 жыл­да өнеркәсіптік өндіріс кө­ле­мі 2,2 есеге, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56 пайызға ұлғайды. 2000 жыл­дан бері еліміз­дің сыртқы сауда ай­на­лымы 7,5 есеге, 9,5-тен 71,5 млрд АҚШ долларына көбейген.
Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанды бизнес жүргізуге қолайлы жағдай туғызған мемлекет деп мойындады. Оған дәлел, соңғы бес жылда шағын биз­нес субъектілерінің саны 22 пайызға өсіп, 2 296 000-ды құрады. Сондай-ақ соңғы он­жылдықта отандық экономикаға 110 млрд АҚШ долларына жуық тікелей ше­тел­дік инвестиция тартылып, негізгі ка­пи­тал­ға салынған қаражат көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асып түсті.
Кейінгі 10 жылда орташа айлық ең­бек­ақы бес жарым есеге, зейнетақы көлемі ал­ты есеге дейін өсті. Жұмыссыздық дең­гейі 13,5-тен 6,6 пайызға дейін, екі есе­ден астам төмендеді. Сондай-ақ аталған ке­зең­де бала туу көрсеткіші бір жарым есеге, халық­тың табиғи өсімі үш есеге дейін ұлға­йып, адам өлімі 9 пайызға қыс­қар­ды. БҰҰ сарапшыларының ба­ға­лауын­ша, Қазақ­стан адам әлеуетін дамы­ту­дың жо­ғары деңгейіндегі елдер рей­тин­гінде 16-са­тыға жоғары көтеріліп, 169 мем­лекеттің ішінен 66-орынға тұ­рақ­та­ды. Бұл – Тәуел­сіз Қазақ­станның әрбір тұр­ғынының әл-ауқатын жақсартуға бағыт­тал­ған үздік әлеуметтік саясат жүргізіп отырғанының дәлелі.
Бұдан не байқауға болады? Адам әле­уетін дамыту индексі барлық елдер үшін мынадай негізгі көрсеткіштермен айқын­далады: яғни денсаулық сақтау және ұзақ өмір сүру, сапалы білім алу және өмір сүру деңгейін көтеру. Мысалға, білім саласын алайық. ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне қа­ра­ғанда, білім беруді дамыту индексі бойын­ша біздің еліміз соңғы үш жыл ішін­де әлемдегі 129 мемлекеттің арасынан 4-орын­ға шықты. Яғни осы көрсеткіш бойын­ша біз ТМД-дағы Беларусь (26-орын­­да), Гүржістан (30), Қырғызстан (42), Өзбекстан (48), Украина (53) сияқты ел­д­ерден озып кеттік. Білім және ғылым ми­нистрі Бақытжан Жұмағұловтың ай­туын­ша, Қазақстан 2009 жылы тұңғыш рет адам дамуының индексі бойынша жоғары деңгейдегі мемлекеттердің тізіміне (82-орын) енді. Ал 2010 жылы осы көрсеткішті жедел жақсартып, 66-орынға көте­рі­ліп­піз. Сондай-ақ Қазақстан – еуропалық білім жүйесінің Болон үдерісіне толық мү­ше болған Орталық Азиядағы тұңғыш мем­лекет.
Сыртқы саясаттағы толағай табыс­та­ры­мыз бір төбе. Мәселен, жаһандық сая­сат­тың белсенді мүшесі ретінде Қазақ елі жа­ңа замандағы қауіп-қатерлер мен сынақ­тарға қарсы тұруға бар ерік-жігерін жұм­сап, аса маңызды аймақтық мәсе­ле­лер­ді шешуде өз ұстанымын айқын білдіріп келеді. Өткен жылы біздің еліміз үш құр­лық­тың 56 мемлекетін (төрт ядролық дер­жа­ваны қоса алғанда) біріктіретін ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымның төрағалық мис­сиясын абыроймен атқарды. Ең бастысы, «ұйқыдағы» ұйымның тамырына «қан жүгіртіп», оның жаңа замандағы қауіп-қа­тер­лер мен сын-сынақтарға қарсы тұра алатын халықаралық құрылым ретінде иммунитетін нығайттық. Соңғы 11 жылдық үзілістен кейін, жоғары деңгейде дүркіреп өткен ЕҚЫҰ-ның саммиті біздің төр­аға­лы­ғы­мыздың шыңы болды. Астана саммиті жаһандық саясатқа «Астана рухы», «Еу­ра­зия­лық қауіпсіздік» деген жаңа ұғымдарды енгізді.
Қазақстандық дипломатияның тағы бір жетістігі – жуырда ғана Астанада Шанхай ын­тымақтастық ұйымының 10 жылдық мерейтойлық саммитін өткізіп, беделді ұйым­ның төрағалық тізгінін ҚХР-ға бердік. Айтулы басқосуда Астана декларациясы, 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қар­сы стратегия және оны жүзеге асыру бағ­дар­ламасы, денсаулық сақтау саласын­да­ғы ынтымақтастық туралы келісім, ШЫҰ-ның мүшесі мәртебесін алуға өтініш берген мем­лекеттердің міндеттемелері жөніндегі меморандум сияқты құжаттарға қол қо­йыл­ды. Астана декларациясында атап көр­сетіл­гендей, Ресей, Қазақстан, Қы­тай, Қыр­ғыз, Тәжікстан және Өзбекстан бас­шылары «зы­мы­ранға қарсы қорғанысты біртараптық және шектеусіз өсіруге» қарсы үн қосты. Со­нымен бірге ШЫҰ елде­рі­нің бас­шы­лары Орталық Азияда ядролық қарудан азат ай­мақ құруды, ғарыш ке­ңіс­тігін бейбіт мақ­сатта пайдалануды бірауыз­дан қол­дады. Ядро­лық қарудан азат аймақ құру туралы келісім­ге 2006 жылы Қазақ­стан, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өз­бекстан қол қойған. «Орталық Азия­да ядро­лық қарудан азат аймақтың құрылуы аймақ­тық деңгейдегі бейбітшілік пен қауіп­сіздікті қамтамасыз етудің ма­ңызды эле­менті болып табылады» делінген дек­ларацияда.
Биылғы жылдың 30 маусымынан бас­тап Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) жетекшілік етеміз. ИКҰ да — қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселесімен айналысатын ұйым. Бұл ұйым ЕҚЫҰ-ның төрағалығын та­бысты атқарған Қазақстанға үлкен үміт артып отыр. Себебі Қазақстанның өр­ке­ниет­тер арасындағы диалогті нығайтуға ұмтылысы ИКҰ-ның негізгі ұстанымымен сәйкес келеді. Екіншіден, ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан Қазақстанның озық тәжірибесі ИКҰ-ы үшін де аса ма­ңыз­ды. Бір сөзбен айтқанда, бұл төрағалық Қазақ­станның сыртқы саясатының азиялық бағытын күшейтуі тиіс. Сонымен қатар Қазақ­­стан мұсылман әлемі үшін қазіргі тарих­тағы өтпелі кезеңде төрағалық тізгінін қо­лына алады. Өйткені 2011 жыл — Таяу Шы­ғыс пен Солтүстік Африкадағы ради­кал­дық саяси және әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық өзгерулер басталған кезең. Осы тұр­ғы­дан алғанда, төрағалық ететін елдің күш-жігері ИКҰ-ның кеңістігіндегі тұрақ­ты­лық пен қауіпсіздікті сақтау, бейбіт өмір ор­натуды қамтамасыз ету сияқты іс-әре­кет­терге жұмсалуы тиіс. Бұл ұйымға төр­аға­лық ету де біздің елімізді жаңа жетіс­тіктерге жеткізері сөзсіз.
Біз бұл жетістіктерді жайдан-жай сөз еткен жоқпыз. «Еліңді сүйсең – онымен мақ­тан» деген нақыл бар. Шынайы пат­риот­тық сезім өз болашағына кәміл сенетін әрбір қазақстандықтың жүрегінде бар. Алайда сол сезімді ширатып, қанат­тан­ды­рып отыруымыз керек. Яғни бірлік пен та­ту­лық салтанат құрған қоғамда ғана табыс болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста