2001 жылы АҚШ бастаған әскери күштер Ауғанстанда тәліптерді құлатқан. Бірақ соңғы айда бұл топ белсенді түрде ілгерілеп, қайтадан билікті басып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “ВВС” басылымына сілтеме жасап.
Ресми түрде, американдықтар Ауғанстаннан 2021 жылдың 11 қыркүйегінде шықпақ болған. Бұл Нью-Йорктегі шабуылдың басталғанына тура 20 жыл толатын күнмен сәйкес келеді. Алайда, тәліптер бұған дейін ірі қалаларды басып алып, астанасы Кабулға басып кірді.
АҚШ пен тәліптер арасындағы тікелей келіссөздер қақтығысқа 18 жыл толғанда, яғни, 2018 жылы басталған.
2020 жылдың 29 ақпанында АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі мен "Талибан" қозғалысының өкілдері Дохада бейбіт келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары барлық әскерлерді 14 ай ішінде елден шығаруға уәде берген болатын. Өз кезегінде, Талибан АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер үшін Ауғанстан аумағын пайдаланбайтынына кепілдік берді.
Алайда, келесі жылы тәліптер Ауғанстанның қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауын жалғастырды. Олар елдің көптеген аймағын өте жоғарғы жылдамдықпен басып ала бастаған.
“Талибандар” немесе пушту тілінде "студенттер” 1990 жылдардың басында Пәкістанның солтүстігінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуынан кейін пайда болды. Пуштундар қозғалысы Сауд Арабиясы қаржыландыратын суниттік исламның қатал формасын дәріптейтін семинарларда пайда болған.
Талибандар билікке келген кезде бейбітшілікті, қауіпсіздікті қалпына келтіруге және өздерінің шариғаттың қатаң нұсқасын орындауға уәде берді.
1995 жылдың қыркүйегінде олар Иранмен шекаралас Герат провинциясын басып алды. Тура бір жылдан кейін олар Кеңес оккупациясымен күрескен ауған моджахедтерінің негізін қалаушылардың бірі президент Бурхануддин Раббанидің режимін құлатып, Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды.
1998 жылға қарай Талибандар Ауғанстанның 90 пайызға жуығын басқарған.
Кеңес әскерлері Ауғанстан аймағынан шығарылғаннан кейін азаматтық қақтығыстардан шаршаған ауғандықтар саяси сахнада Талибанды қарсы алды. Олар бастапқыда жемқорлықты жою, заңсыздықты тежеу және қауіпсіздікті бақылау, осылайша бизнесті өркендету арқылы танымал болды.
Алайда, Талибан молдаларының шариғат заңдарын қатаң түсінуіне байланысты олар ауыр жаза қолдана бастаған. Сотталған кісі өлтірушілер көпшілік алдында өлтірілді, неке адалдығын бұзушылар мен гомосексуалистерді таспен ұрып өлтірді, ұрылардың қолдарын кесіп тастады. Еркектер сақал өсіруге және бас киім киюге мәжбүр болды, ал әйелдер денесі мен бетін толық жабатын бурка киюге мәжбүр болды.
Музыка мен басқа да ойын-сауыққа тыйым салынды. Сонымен қатар, тәліптер 10 жастан асқан қыздардың мектепке баруына рұқсат бермейді. Олар қыз балада осы уақытта жыныстық жетілу басталады, ал әйел үй шаруасымен айналысуы керек және көпшілік алдында көрінбеуі қажет деген ұстанымда болды.
Талибандардың жүйесі адам құқықтарын бұзды және мәдени қылмыстар жасай бастады.
2001 жылы бұл топ Бамиян провинциясында әлемдік маңызы бар тарихи ескерткіш болып саналатын алып будда мүсіндерін қиратты.
БАӘ, Сауд Арабиясы мен Пәкістан Талибан билігін мойындады. Алайда, Пәкістан бұл қозғалысты көпшілік алдында қолдаудан бірнеше рет бас тартты. Сонымен бірге бұл қозғалысқа қосылған көптеген ауғандықтар Пәкістанның діни мектептерінде білім алған. Бұл топпен дипломатиялық байланысын үзген соңғы ел болды.
Бір кезде Талибан Пәкістанға да қауіп төндірді. Шулы және халықаралық сынға ұшыраған оқиғалардың бірі 2012 жылдың қазанында, пәкістандық тәліптер 14 жастағы мектеп оқушысы Малала Юсуфзайға қастандық жасамақ болған кезде орын алды. Малала Ауғанстанмен шекаралас Сват аңғарындағы Мингора қаласындағы мектептен үйге қайтып келе жатқан кезде өлтірілді.
Пешавардағы мектепке жасалған шабуылдан екі жыл өткен соң, үлкен әскери шабуыл болды. Бұл ел тарихындағы ең қанды шабуыл ретінде есте қалған. Нәтижесінде бұл топтың Пәкістанға ықпалын айтарлықтай төмендеді. 2013 жылы АҚШ ұшақтарының шабуылдау нәтижесінде Пәкістандағы тәліптердің ең беделді үш адамын өлдірді. Олардың ішінде белгілі Хакимулла Мехсуд бар болатын.
Талибандар 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью -Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған шабуылдан кейін әлем назарын аударды. "Талибан" қозғалысы негізгі күдікті Усама бен Ладен мен оның "Аль-Каида" қозғалысына қорған болды деп айыпталды.
2001 жылы 7 қазанда АҚШ бастаған әскери коалиция Ауғанстанда әскери операция бастады.
2001 жылдың желтоқсанына қарай Талибан жүйесі құлап, олар тауға қашып, партизан соғысын бастады.
Талибанның көптеген жоғары лауазымды шенеуніктері тұтқыннан қашып, Пәкістанның Кветта қаласына паналағаны хабарланды. Бұл кейінірек Ауғанстандағы топты басқарған Талибан қозғалысының басқару органы “Кветта Шураның” құрылуына септігін тигізді.
Ресми түрде Исламабад бұл деректі жоққа шығарды.
Шетелдік әскерлер санының тұрақты өсуіне қарамастан, тәліптер бірте-бірте қайта құрылды, содан кейін Ауғанстандағы ықпалын кеңейтіп, елдің көп бөлігіне қауіп төндірді. Ал Ауғанстандағы зорлық-зомбылық 2001 жылғы деңгейге қайта оралды.
Талибандар Кабулға бірнеше рет шабуыл жасағаннан кейін, 2012 жылдың қыркүйегінде НАТО-ның Camp Bastion базасына шбасып кірген.
Тәліптер 2013 жылы Катарда кеңсе ашуды жоспарлаған кезде бейбіт келіссөздер жүргізу мәселесі қолға алынды. Алайда зорлық-зомбылық тоқтаған жоқ.
2015 жылдың тамызында "Талибан" қозғалысы өздерінің бұрынғы жетекшісі молда Омардың өлімін екі жылға жуық жасырғанын мойындады.
Бір айдан кейін бұл топ бұрын азаматтық қақтығыстарды тастағанын жариялап, жаңа көшбасшы - молда Омардың орынбасары Молла Мансурдың айналасына жиналды.
Шамамен сол уақытта талибтер 2001 жылы жеңіліс тапқаннан кейін алғаш рет провинция астанасын басып алып, стратегиялық маңызы бар Кундуз қаласын бақылауға алды.
Молла Мансур 2016 жылдың мамырында американдық ұшақтардың шабуылынан қаза тапты. Оның орнына басшылыққа орынбасары Хайбатулла Ахундзад тағайындалды, ол әлі де топ жетекшісі.
2020 жылғы АҚШ-Талибан бейбіт келісімінен кейін, талибтер тактиканы өзгерткен. Олар қалалар мен әскери бекеттерге шабуылдан мақсатты өлтіруге көшіп, осылайша Ауғанстанның бейбіт тұрғындарын қорқытқан.
АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден 2021 жылдың сәуірінде АҚШ -тың барлық әскери қызметшілері қыркүйектің 11-не дейін шабуылға 20 жыл толғанға дейін елден кететінін мәлімдеді.
Талибан Кабулдағы үкіметті қайтадан құлатамыз деп қорқытып, ауғанстанның елді мекендерін басып ала бастады.
НАТО есептеулері бойынша, қазір бұл топта 85 мыңға жуық жауынгер бар.
Ауғанстандағы шетелдік қолбасшы, АҚШ армиясының генералы Скотт Миллер маусым айында "бейбітшілікке қауіп" деп атаған елдегі азаматтық соғыс қаупі туралы ескертті.
Алайда үкіметтік күштер бейбіт тұрғындардың құрбан болуына жол бермеу үшін қаруларын тастағандықтан, көптеген елді мекендерді талибтер ұрыссыз алды.
Stan.kz