Армяндар Қазақстанды неге сөзбен "сойып" жатыр?

Армяндар Қазақстанды неге сөзбен "сойып" жатыр?

Соңғы кездері армян басылымдарында Қазақстан туралы жағымсыз мақалалар жарық көре бастады. Ал кейбір қоғам өкілдері, тіпті ондағы біздің Елбасы атына берілген көше атауын өзгертуді де ұсынып жатқан көрінеді. Бұлайша армяндардың бізге қатысты көзқарасын кілт өзгерту себебін «Алаш айнасы» ешқандай долбарсыз-ақ сезіп отыр. Алайда арадағы өкпе-ренішті түземесек бұл арандатушылыққа айналып кетпей ме?.. Біз осы жайын мамандардан сұрастырып көрген едік...
Армения Кеден Одағына қатты мүше болғысы келеді. Онысы дұрыс та. Өйткені үзіліп, қайтадан жалғасып тұратын тұрақсыздықтан әбден әлеуеті әлсіреген Ереванға «допинг» қажет-ақ. Мұндайда тура қасынан құрылып жатқан шикізат ресурстарына бай мемлекеттер одағы олардың оң жамбасына келе кеткендей. Алайда шекарасы нақты белгіленбеген, даулы территориясы бар мемлекеттің кесе көлденең алдынан шығуы, шынын айтқанда, бұл одаққа мүше Қазақстанға да, Беларусқа ұнамайды. Нақтырақ айтқанда, халықаралық құқық мойындамаған даулы мәселесі бар Арменияны жақтаса екі мемлекет те халықаралық саясат алдында қиын жағдайда қалайын деп тұр. Сондықтан екі тарап бұл мәселеде дипломатия тілімен сөйлеуді жөн көрген. Бірақ армян басылымдарында жуырда жарық көрген мақалалардағы фактілерге сүйенсек, бұл ретте Қазақстан мен Беларусқа «былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің» кері келіп тұрғанын Ереван еш түсінбеген немесе түсінгісі келмеген сыңайын анық байқауға болады. Мақалаға тоқтала кетелік. Мәселен, 1 қазанда жергілікті ресми басылымға берген сұхбатында Арменияның қаржы министрінің орынбасары Павл Сафарян «... Қазақтар бұл одаққа біздің мүше болуымызға еш разы емес, қанша келіссөз болғанын білсеңіздер ғой. Ал мұндай жағдайда қалай есеп-қисап жасайсыз? Қазақтарға байланысты 1 қазанға дейін келісімге қол қойыла ма, қойылмай ма, белгісіз боп келді. Қазақтар бұл одаққа Түркия мен Әзірбайжанды тартқысы келді. Бізді бұл одақта көргісі келген жалғыз мемлекет болды. Ол – Ресей» деген. Міне, осы сұхбат ізін суытпай «Shame» армян басылымында қазақтарды «сойып салған» тағы бір мақала жарық көрді. Онда, тіпті, тарихи қисынсыз фактілер де келтірілген. Мәселен, мақала авторы «қазақтар қазақ емес, қырғыздар» деп салған. Тағы бір жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлағалы жатқан біздің ісімізді іреп, қатты сынға да алады. Сөзбе-сөз тоқтала кетелік: «... Тұралаудан сытылып шығу және қоғамның көңілін-күйін аудару мақсатында Қазақстан Қазақ мемлекетшілдігінің 550 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуді шешіпті. Әрине, Назарбаев мырзаның тарихи пайымының салмақтылығы туралы айтудың өзі артық. Бірақ мерейтойды атап өту жылы алдында оған Қазақстан атауының өзі хандыққа еш қатысы жоқтығын, оның Сталин шығарған терминология екенін еске салғымыз келмейді. Алайда Қазақстанның барлық дені сау азаматтарына шынымен де мақтанышпен атап өтетіндей мерекелік күндері бар екенін айтқымыз келеді. Міне, соның бірнешеуі: филармонияның құрылу күні, түрік әлеміндегі тұңғыш опера театрының негізінің қалану күні, ғылым академиясының құрылу күні және т.б. Біз бұл кезеңдік өркениетті оқиғалар Қазақстанның бүгінгі халқына 1465 жылы Керей мен Жәнібек құрған хандыққа қарағанда көбірек жақсылық әкелді деп топшылаймыз...
Армян әріптесі Серж Саргсянға қарағанда мерейтойларды атап өту жағынан қазақ көшбасшысының онша жолы болмай жүр. Мысалы, Серж Саргсян армян халқы геноцидіне 100 жыл толуын үлкен көлемде еске алмақшы: ал қазақтарда геноцид те, басқа да трагедиялар болған емес, соған сәйкес Назарбаевтың қонақтарды шақырып, еске алатын ештеңесі жоқ...». Сарказм аралас бұл мақалада сондай-ақ: «1936 жылы Қазақстан Қара-Қырғыз деп аталған, одан кейін бір мемлекетте екі қырғыз болмас үшін оны Сталин Қазақстан деп өзгертуді жөн санаған» деп өп-өтірік дерек келтіреді. Нақтысында, сол кезеңде қазіргі Қырғыз Республикасы территориясы Кара-Киргизия деп аталған, ал Қазақстан территориясы, тарихқа жүгінсек, 1936 жылы Қазақ Автономды Социалистік Совет Республикасы деп аталған. Бұл атау алдындағы 1920 және 1925 жылдар аралығындағы Киргизская АССР орнын басқан.
Қалай дегенмен де бізді бүтін бір мемлекет тарапынан ашықтан ашық арандатушы мұндай ақпараттың кең өріс алуы қатты мазалайды. Мұндайда қайтпек керек?..
Саясаттанушы Уәлихан Төлешов Ресей жобасы боп табылатын Арменияның мұндай айыптауларына қатты көңіл бөлмей өз жолымызбен алға жылжи беруге кеңес береді.
– Ол арада ешқандай экономика жоқ. Армян ұлтының басым бөлігі баяғыда шетелге босып кеткен. Ресей ықпал тетігі ретінде қысылған сайын осындай «шоқпарларын» жан-жағына сілтей бастайды. Сондықтан біз мұндай тарихи сындарлы сәтте аса сабырлы болып, арандатуға еш берілмеуіміз тиіс.
Ал саясаттанушы Әзімбай Ғали армяндардың қазаққа өкпесі болмауы тиіс, керісінше арада бар жақсы қарым-қатынасын барлық тараппен үзгісі келмейтінін ашық білдірген Астанаға риза болуы тиіс дейді.
– Арменияның Кеден одағына енуі туралы мәселе орта жолдан көтерілді. Сондықтан әр тараптың бастапқы реакциясына түсіністікпен қарау керек. Тіпті, бұл ретте Ресейдің де Әзірбайжанның қас-қабағына қарап қалғанын білеміз. Назарбаев Арменияның Кеден одағына енуіне еш қарсылығы жоқтығын мәлімдеген. Одан артық енді не керегі бар?.. Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы мұнай экспорттайтындықтан ешкіммен де дүрдараз болуға мүдделі емес. Әсіресе, Әзірбайжанмен. Армениямен бір одақтамын деп, олар қырын қарайтын елге Қазақстан да қырын қарау керек деген қағида жоқ. Территориялық даулы мәселесін айтқанда да Астана осыны Ереванға туралап меңзеді. Қалай дегенмен де аласапыран сәтте бізге әліптің артын баққан жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста