Әкім үшін халық мүддесі бәрінен жоғары болуы керек

Сонымен, елімізде тұң­ғыш рет кең ауқымдағы ауыл әкімдерін сайлау үде­рісі өткен аптада өз мәре­сіне жетті. Қоры­тын­дысы бойынша республика­мыз­да 2454 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ һәм кент әкімдері сайланды. Енді арнайы тексеріс­тен өткен әкімқара ресми қызметіне кірісіп, төрт жыл бойы ауылбасы ретінде жұртшылыққа жағуға ғана емес, мемлекет мүддесіне жұмыс істемек.
Еске салсақ, ҚР Президентінің Жарлы­ғына сәйкес, ағымдағы жылдың 5-9 тамыз аралығында еліміздің 14 облысында аудан­дық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың 2457 әкімінің сайлауы өтті. Ауыл әкімі мәслихат отырыстарында таңдалды. Барлығы 2454 әкім сайланып, тек үш ауылдық округте же­ңімпаз анықталмай қалды. Себеп – таң­даушылардың, яғни мәслихат депутат­та­ры­ның дауыстары тең бөлінді. Сондық­тан енді Павлодар облысы Ертіс ауданы Голу­бовка ауылының, осы облыстағы Ус­пен ауда­ны Қозыкеткен ауылдық округінің және Маңғыстау облысы Маңғыстау ауда­ны Тұщықұдық ауылдық округінің әкім­деріне кандидаттар қайта тасқа түседі. Осы үш ауылдың әкімін сайлау тамыздың 28-іне белгіленген.
Сайлау демократия қағидаттарынан ауытқыған жоқ
Орталық сайлау комиссиясының қо­ры­тынды мәліметтеріне сүйенсек, сайлау нау­қаны барысында барлығы 7173 әкім­дік­ке кандидат ұсынылып, оның 6738-і тіркелген. Дауыс беру бюллетеньдеріне 6403 канди­дат­тың тегі енгізіліпті. Нәти­жесінде орташа алғанда бір әкім лауазы­мына екіден аса үміткер таласып, таңдауға ұсынылған. «Сай­лауға бұрынғы іс басын­дағы 1811 әкім кандидат ретінде қатысып, оның 1747-сі өзінің бұған дейінгі лауазы­мын сақ­тап қалды. Сөйтіп, сайланған әкім­дер­дің құрамы 28,8 пайызға жаңар­ды. Сай­лан­ған әкімдердің арасында 23 ұлттың өкілі бар. Әкімдер лауазымына 280 (11,4 пайыз) әйел сайланды. Бұл бұрынғыға қарағанда, 32-ге көп. Әкімдер­дің орташа жасы 47-ні құраса, ең жасы 25-те», – дей­ді бас сайлауком Қуан­дық Тұрғанқұлов. Сайлау нау­қаны бары­сын­да барлық дең­гейдегі сайлау комис­сияларына жеке және заңды тұлғалар тара­пынан 42 өтініш келіп түскен. Олардың барлығы заңнамада бел­гі­ленген тәртіппен және тиісті мерзім­дерде қара­лыпты. Әкім­дікке кандидат­тардың 1450 сенім білдір­ген адамы, саяси партия­лар мен үкіметтік емес ұйымдардың 202 бай­қаушысы және БАҚ-тың 559 өкілі дауыс беру барысын бақылаған. «Жалпы сайлау науқаны қол­да­ныстағы заңнама мен де­мо­кратиялық сайлау үдерістерінің норма­ларын сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өтті деп есеп­тейміз», – деп мәлімдеді Ор­талық сайлау комиссиясының төрағасы Қуан­дық Тұр­ған­құлов қорытынды баспа­сөз мәсли­хатында.

Жергілікті жұртшылықтың пікірі құнтталса игі
Сөйтіп, сайлау өтті. Тұңғыш рет кең ауқым­да ұйымдастырылғандықтан, бұл сайлауда кемшіліктер орын алмады деп айтуға да болмайды. Науқан барысында 42 арыз-шағым тіркелгені белгілі болды. «Ке­ліп түскен арыздардың 18-і түсіндіру си­па­тында, ал 24-і нақты шағымдар бо­лып табылады. Оның ішінде Орталық сай­лау комиссиясына 15 арыз тіркелсе, 27-сі аумақ­тық сайлау комиссияларына түс­кен», – дейді Орталық сайлау комиссиясы­ның мүшесі Татьяна Охлопкова. Оның сөзі­не қарағанда, сайлау өткен 14 облыс­тың 7-еуі­нен бірде-бір арыз түспеген. Саны жағы­нан келсек, арыздың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облы­сының аумақтық сайлау комиссияларына тиесілі екен. Осы тұста тоқтала кететін мәселе бар: кез кел­ген сайлаудың басты кейіпкері халық бол­ғандықтан да, жергілікті жұртшылықтың пі­кірі ба­рынша ескерілуі тиіс еді. Ал ауыл әкімі мәслихат­тармен сайланатын бол­ған­дықтан да, дәл осы ха­лықтың пікірінің ба­рын­ша ескерілуі тиістігіне жеке­леген сарап­шылар да мән берген болатын. Ен­деше, кем­шіліктің үлкені сол ара­дан қылаң бере­тін тә­різ­ді. Шағымдардың бір парасы да соны айғақтаса керек. Айталық, шағым­дардың мазмұнына кел­сек, бұлардың біра­зы, негі­зі­нен, әкімдер тарапынан ұсы­нылған кандидаттар­ды алып тастауға қа­тыс­ты бол­ған екен. Түптеп кел­ген­де, осы­ның өзі кейбір аудан әкімдерінің заңда қамтыл­ғандай жергілікті жұртшылықпен кеңесіп, келісудің орнына халық­тың пікірі­не келте қарағанға ұқсайды. Ал егер таң­дау­шылар, яғни мәслихаттар сай­лаған ауыл әкімімен сол ауылдың жергілікті тұр­ғындары келіс­пей, қарсылық білдіріп жат­са қайтер еді? Бұл жағдай қалай рет­теледі? Дәл осы са­уалды Орталық сайлау комис­сия­сына қой­ғанымызда әкім сай­лауына қатысты тиісті тетіктердің әлі де жеткілікті реттелме­генін байқағандаймыз. «Мұндай жағдай болмай­ды, бекітілген қа­ғи­далар бо­йынша мәсли­хат­тың шешімімен ауыл тұрғындары да келі­суі керек. Олар бұл ше­шімді қайтарып не болмаса басқаша та­лап ете алмайды», – дейді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов. Сон­да сайланған әкімді жұрт қаламаса не болады? «Сайланған ауыл әкімін кейіннен тек одан жоғары тұр­ған аудандық әкім ғана жұмыстан босату мүмкіндігі болады. Онда да бұл облыс әкі­мінің келісімімен жүзеге асады. Ол үшін бұлар аудандық сайлау комиссиясына үш күннің ішінде өтініш беру­лері керек», – дей­ді Бақыт Мелдешов. Осындай олқы­лықты аталмыш сайлау барысын қадаға­лау үшін құрылған Сайлау­ды қадағалау жө­ніндегі республикалық комиссиясы да бай­қаған екен.
Сайлау сәнімен өтті, дегенмен жетілдіретін тұсы да бар
Айтпақшы, республикамызда өткен ауыл әкімдерінің сайлауын халықаралық байқаушылар бақыламаған. Нақтырақ айт­қанда, халықаралық байқаушылар жер­гілікті сайлауды байқауға құлықсыз. Сон­дықтан ауыл әкімдерінің сайлауына ха­лықаралық қауымдастықтан еш қызығу­шылық танытылмаған көрінеді. Оның ор­ны­на сайлауды 2 мыңға тарта жергілікті бай­қаушылар қадағалаған. Соның ішінде осы науқан қарсаңында құрылған Сайлау­ды қадағалау жөніндегі республикалық қо­ғам­дық комиссиясы да шама жеткенше байқап көріпті. Құрамында Нұрлан Ораза­лин, Өмірзақ Озғанбаев, Кенжеболат Жол­дыбай секілді танымал тұлғалардан тұра­тын комиссия да сайлаудың заң ая­сын­да өткенін мақұлдайды. Еш оғаштық, заңнан тысқарылық білінбеген. Дегенмен жеке­леген кемшіліктерді келешекте бол­дыр­мау керектігін осы комиссия да ал­ға тартады. Ондай кемшіліктерді өткен сенбіде қо­ғамдық комиссия арнайы бри­финг бары­сында мәлімдеген болатын. «Ауыл әкімі лауазымына сайланатын кан­ди­даттарға қойылатын талаптар тым жо­ға­ры. Оны жұмсарту керек. Өйткені кейде аядай ғана ауылдан әлгі талаптарға толық жауап беретін лайықты кандидаттарды таба алмай қалып жатамыз. Ал заң бо­йынша әкімдікке түсетін кандидаттар екі адамнан кем болмауы тиіс», – дейді қо­ғам­дық комиссияның төрағасы Өмірзақ Озғанбаев. Сөйтіп, комиссия ауыл әкімді­гіне кан­дидаттарға қойылатын талаптарды қайта қарауды ұсынады. Атап айтқанда, үміт­керлердің жұмыс өтіліне қойылатын талап азайтылып, бұл өтілде тек мемлекет­тік қызметте ғана емес, жеке сектордағы бас­шылық қызметі де есепке алынуы ке­рек. Қоғамдық комиссия осы жолы кан­ди­дат­тарды ұсыну мерзімі де қысқа бол­ғанын, нәтижесінде кейбір азаматтар әкім­дікке өздерінің кандидаттары туралы уақтылы өтініштер жасай алмағанын да ескертеді. «Ең басты кемшіліктердің бірі – аудан әкімдерінің жұртшылықпен, жер­гілікті қауым­дастықпен кеңестер өткізудің бірегей тәртібі айқындалмаған. Тіпті кей­бір аудан әкімдері халық ұсынған канди­да­туралар­ды қаперге алмай қойған. Үгіт науқаны барысында да кейбір кемшіліктер орын алғанын атап өтуді жөн санаймыз. Мәселен, «Қазақ үні» газеті Жезқазған өңі­рін­дегі мектеп директорларының осы сай­лауға кандидат ретінде өз ықыластарынан тыс түсіп отырғанын хабарлаған. Сонымен бірге Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты бір ауылда он жеті жыл бойы әкім болып келген азамат Ахметжанов сайлау­ға түсушілер тізіміне оның кандидатура­сы­на аудан әкімінің бөгет жасауына бай­ланысты енбей қалғандығын айтып ша­ғым­данған. Айтылған кемшіліктер елі­міз­де ауыл әкімдерін сайлау алғаш рет өткізі­луімен бай­ланысты орын алғанын айтқымыз келеді. Ауыл әкімдерін кең көлемде сайлау нау­қанының құқықтық және ұйымдастыру­шылық тұстары бұрын-соңды болмаған­ды­ғын ескерелік», – деп атап өтті комиссия төрағасы Өмірзақ Озғанбаев. Бақсақ, кей тұста аудан әкімдері кері әрекеттерге бар­ған. Бірі халықпен кеңесуді керек қыл­маса, екіншісі үміткерді тіркетуге кедергі жасап­ты. Осындай олқылықтар орын алғаны бол­маса, бұл жолғы саяси үдерісті кең ауқым­дағы демократиялық сай­лаудың тұң­ғыш тәжірибесі ретінде қарауға  тура келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста