Қала салу, ғимарат тұрғызу кезінде еліміздегі сәулет өнерінің қалыптаспағаны айқын байқалады

Төлеубек ҚАРАМЕНДІТЕГІ, cәулет ғылымының кандидаты, профессор:

– Төлеубек Сейітқалиұлы, сіз 70 жыл­дық ғұмырыңыздың басым бөлі­гін сәулет саласына арнаған тұлғасыз. Ойға түй­геніңіз де аз болмауы керек. Осы орай­да, қалай ойлайсыз, біз қала салу мә­де­ниетін білеміз бе?
– Жоқ, біз қала салу мәдениетін біл­мей­міз. Сол білмейтіндігімізден қала сәу­ле­тін­де көптеген кемшілікке жол беріп те жа­тыр­мыз. Мәселен, дүниежүзінде құнар­лы жер­лерді жекеменшіктің пайдалануына бермей, барынша сақтайды. Жетісудың жері де сондай құнарлы. Бірақ Алматы қала­сының аумағын кеңейткен үстіне кеңей­тіп, құнарлы жердің барлығын жеке­меншікке сатып, оңды-солды пайдаланып жатырмыз. Құнарлы жер – біздің азығы­мыз, асыраушымыз. Жекеменшікке өткен­нен кейін оны қалай болса солай пайда­ла­нып, құнарынан айырады. Іле Алатауының сұлу табиғатына зиян келіп, қала тұрғын­дары мен қалаға келген қонақтар демала­тын табиғи демалыс жерлерінен айырыл­ды. Осыған жаным ауырады. Мәселен, Жа­пон елін мысалға келтірсем, олар қыл­тақандай шөп өсетін жерін құрылыс мақ­са­тында пайдалануға бермейді. Одан гөрі тас, топырақты мұхитқа төгіп жер жасап, қа­ла салып жатыр. Қазір Алматыда жеміс-жидек, көкөніс, ет-сүттің бәрі қымбат. Өйт­кені құнарлы жердің бәрін сатып жі­бер­дік, үстіне апарып қала салдық. Нә­ти­жесінде құнарлы жерлерімізді азайтып ал­дық. Мәселен, Алматы қаласының ауқы­мын кеңейтеміз деп, алманың атасы атанған қаланы апортынан айырдық. Бү­гін­де апорт сорты өте аз кездеседі, қымбат. Егер қаланы есеппен салғанымызда, апорт­ты да сақтап, қаланы да әсемдеп салуы­мызға болар еді. Негізі, қала салу ке­зін­де жердің жағдайынан бастап есепке алу керек. Алматыны тұрғызамыз деп, ал­ма­сыз қалдық, сол секілді өзен жағала­ры­на қала саламыз деп, қала ішінен сылды­рап ағып жатқан суларымызды ластап жатыр­мыз. Сол қала сала алмайтынымыз­дың салдарынан қалаларымыз көктем бол­са суға кетіп, қыс болса жылусыз қа­лып әбігерге түсіп жатырмыз. Айналып кел­генде, мұның бәрі сәулетшілердің бі­лім­сіздігінен деп білемін.
Кеңес Одағы кезінде салынған үйлер қаланың ішіне ауа өткізуге де қолайлы, сейс­микалық тұрғыдан да қауіпсіз бола­тын. Бүгінгідей ғимараттарды бірінің үстіне бірін мінгізіп салмайтын. Ал қазір сол кез­дері салынған үйлердің тәртібін бұзып, көп қателікке жол беріп жатырмыз. Менің оқу орнын бітіргендегі дипломдық жұмысым Алматы қаласы тұрғын үйлерінің орнала­суына арналған болатын. Егер үйлерді шыршаның бұтағы типтес ретпен салатын болсақ әрі барлық тұрғын үй қаз қатар тү­сетін болса, таудан соққан самал желге де кедергі келтірмей, бүгінгі күнгі ауа алмас­паудан туындап отырған экологиялық мә­селені де шешкен болар едік. Тіпті Алма­тының қай тұрғын үйінің терезесінен қара­саң да, әсем Алатау көрініп тұрар еді. Ме­нің бала кезімде Алматының қай бұры­шының да ауасы тап-таза болатын. Тау да анық көрініп тұратын. Негізі, Алматының бар ажары – Алатауы. Сондықтан ғима­рат­тарды таудың әсемдігін көрсетіп тұруды басты мақсатымыз ете отырып салу керек еді. Ал қазір қалай болса солай салынған ғимараттардан ауа айналымы өтпейді. Ала­таудың көркемдік көрінісі былай тұр­сын, ауа айналысы тоқтады. Нәтижесінде қаланың экологиялық ахуалы нашар, тұр­ғындардың ауруы қозып барады деп жа­рия­ға жар салып, мәселені шешудің жол­дарын қарастырып жатырмыз. Бұл айна­лып келгенде мамандардың миына ауыр­лық түсіретіндей де қиын шаруа емес. Бірақ қала салуға деген немқұрайдылығы­мыз­дың салдарынан көп қателік жібердік. Сондықтан қала салуды меңгереміз десек, өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді меңгер­ген, жеріміздің өзгерісін толық білетін сәу­лет­ші мамандарымызды өзіміз дайындау­ға күш салуымыз керек.
– Қазір Сәулетшілер одағының атын көп ести бермейміз. Аталмыш одақ немен айналысып жатыр?
– Рас, Сәулетшілер одағының бар-жоғы білінбейді. Қағаз жүзінде ғана осын­дай бір одақтың бар екені белгілі. Іс жүзін­де ештеңе бітіріп жатқан жоқ. Сәулетшілер­дің де бірігіп, іс тындырып жатқаны жария бола бермейді. Мәселен, мен еліміздегі оқу орнында ашылған сәулетшілік өнердің 1966 жылы бітірген алғашқы түлегімін. Әрқашан сәулет­шілерді дайындап жатқан оқу ордасының тыныс-тіршілігінен хабар­дар болып оты­рамын. Сонда көзімнің жет­кені – бүгінде сәулет өнерінде білім алып жатқан шәкірт­терге басқа мамандықтың ұстаздары сабақ беруде. Ондай ұстаздар білім беріп жатқан шәкірттерден жақсы маман шық­пасы анық. Неше жылдан бері сәулет­ші­лер дайындайтын оқу ордасын мұрнына қазақылықтың исі бармайтын тұлғалар басқарып келеді. Нәтижесінде сәулетші мамандарды дайындауда артта қалып жатырмыз. Сәулет өнері де дамы­май жатыр. 40 жылдан бері елімізде жөні түзу маманның дайындалмауы әлі де бол­са ғимарат салатын болсақ, шетелге мойын созып, маман шақыртуы­мызға әкеліп соғып отыр. Қала салу, ғи­марат тұрғызу кезінде еліміздегі сәулет өнерінің қалып­таспағаны айқын бай­қалады. Бет­ке­ұстар сәулетшілер болма­ғаннан кейін елі­міздегі сәулетшілерде де бедел қал­мады.
– Еліміздегі бой көтерген ғимарат­тарда ұлттық нақыштың көрініс таба бермейтінінің сырын осыдан іздеуге бола ма?
– Рас, соңғы кездері бой көтерген ғима­рат­тарда ұлттық реңктің, қазақылық­тың исі жоқ. Әрбір қаламызға шетелдік мей­ман ат басын тірегенде, ондағы сәулет өне­рінің арқасында ұлттық бояуымызды, ұлтқа тән ерекшелігімізді айқын сезінуі тиіс. Сонда ғана біз қалаларымызбен мақ­тана аламыз. Мәселен, Қытай елінің кез келген ғимаратына қарап қай елде жүр­геніңді айқын сезіне аласың. Ал бізде ұлт­тық стильден гөрі еуропалық стиль басым. Өйткені, бүгінде сәулетшілерді дайындап жатқан мамандардың ойын­ша, қазақта айтарлықтай өнер болған жоқ, сәулет өнерінде көрсетуге болатын­дай ерекшелік жоқ! Ал, шындығында, қазақ­тың ағаш иіп жасаған әрбір оюында мән бар, киізбен көмкерілген қазақы үйле­рінің өзі не тұрады! Біздің ата-баба­ла­рымыз сәулет өнерін жақсы білген. Егер ұйқас­тыра біл­сек, қазақы үйлеріміз бен бүгінгі күнгі за­манауи жетістіктерді қабыс­тыра отырып та­лай нәрсе жасауға болар еді. Бірақ бүгінде ғимараттарды салуға атса­лысып жүрген, сана-се­зімінде қаза­қылық­тың исі жоқ мамандардан он­дай нәрсе күте алмаймыз.
Реті келіп тұрғанда айта кетейін, біз метроны өте қымбатқа салдық. Отыз жыл­ға жуық уақыт ақшаны желге ша­шып салған метродан гөрі қала тұрғындарын тасуға ыңғайлы әрі тезі­рек салынып бітетін неше түрлі жоба бар еді. Мәселен, Алма­тыға Жапон елінде­гідей көлік жүретін аспалы монорельс жолы метродан гөрі әлдеқайда қолайлы. Метро салу кезінде қаланың ерекшелігі ескеріл­меген. Мәселен, Алматы қа­ла­сы­ның асты тасты. Ал метроны қазу ке­зінде тасты жер өте үлкен қиындық туды­рады. Осыған дейін салынған Ташкент пен Мәскеу қалала­рының асты тасты емес. Ал біз осы ерек­шелікті ескермедік. Елімізге метро салу қымбатқа түсті, уақытты да алды. Одан гөрі аспалы монорельс салға­ны­мызда, қаланың бір шетінен, екінші шетіне дейін айқыш-ұйқыш салып тастауға болар еді. Метроны салған қаржыны қала салуға жұмсағанымызда, бүгінгі күні тағы бір қала тұрғызып тастауға болар еді. Алматы­да жер сілкінісі жиі болады. Ертең жер сілкінісі қаттырақ болса, метромызға ай­тар­лықтай зиян тиеді. Ал егер аспалы теміржол сал­ға­нымызда, ол жер сілкінісіне төтеп берер еді. Өйткені жер сілкінсе, ол тер­беліп қана тұрар еді. Ал сонша қаржы төккен метро бүгінде халықтың қажеттілігін қамтамасыз ете алмай отыр.
– Көктем және күз мезгілдері кезінде қа­лаларымыздың суға кетуі үйрен­шікті көрініске айналды. Көкше­тау, Орал, Алматы қалаларының шет­кі аудан­дары, тіпті Астана қаласы да соңғы кездері бірнеше күн қатарынан толассыз жаң­быр жауса, су астында қалуы жиі кез­десуде. Мәселенің шығу төркіні неде?
– Қала салу – үлкен ғылым. Қалада әрбір ғимарат бой көтерер алдында алдын ала бәрі есептелуі тиіс. Қала сала ал­майтыны­мыздың салдарынан «күн жау­май су бо­лып», жаңбыр суының астын­да қалып, әбі­герге түсіп жатырмыз. Ғима­рат түгіл, соңғы жылдары Алматы қала­сында салынған жо­лайрықтарда да көпірлердің асты суға толып кететін болып жүр. Себебі жолайрық салу кезінде бәрі алдын ала дұрыс есеп­телмегендіктен, осындай мәселе туындап отыр. Бүгінде көлік тығы­ны мәселесін ше­ше­ді деп күтілген жол­айрықтарда жаңбыр жауған кезде судың жиналуынан көліктер­дің моторына су тиіп, жолдың қақ орта­сын­да көліктердің өшіп, тұрып қалуына әке­ліп соғуда. Осының салдарынан жол­ай­рық маңында жауын-шашынды күндері көлік қарасы тіпті молая түседі. Шынды­ғын­да, Алматы қаласының орналасуы жаң­быр және қар суының қалып қоймай, ағып кетуіне өте қолайлы. Тек сол қолайлы нәрсені дұрыс пайдалана білуіміз керек еді. Сол секілді төтенше жағдайдың алдын алу мақ­са­тында басқа да қалаларымыздың өз ер­екшелігіне сай түрлі әдістерді қолда­нуы­мыз қажет. Қазір ғимарат салуға қалай болса солай қарайды. Мәселен, Кеңес Одағы кезінде бір ғимарат тұрғызу үшін қоғамда кәдімгі­дей пікірталас туындайтын. Көптің талқы­лауынан өткен соң ғимарат та мінсіз тұр­ғы­зылатын. Қазір ғимарат тұрғызуда осын­дай әдіс жетіспейді. Менің тағы бір таң­ғалатыным, бұрын ғимарат салу кезін­де күннің жарығын тиімді пайда­лануға шейін есептелетін. Қазір неғұрлым күннің сәуле­сін тұмшалап, одан қашады. Ал Кеңес Ода­ғы кезінде дәрігерлердің «күн сәулесі дұрыс түспеген үйде туберкулез, рахит ауруы өршиді» деген кеңесіне шейін есеп­ке алынатын. Тіпті «күн сәулесі дұрыс түсе­тін үйдің тұрғындарының көзі де жақсы көре­ді» дейтін. Қазір күн сәулесін есепке алмай­ды. Есесіне, көзілдірік таға­тын ха­лық­тың саны артты. Құдайдың тегін берген жарығын пайдаланбауы­мыздың салдары­нан денсаулығымыз кері кетіп жатыр. Өз басым әлі күнге дейін газет-журналды тек күн сәулесімен ғана оқуға тырысамын. Жа­сым 70-ке келсе де, көзіл­дірік тақ­пай­мын.
– Еліміздегі сәулет өнерінің кенже­леп отыруының себебін неден іздеуіміз керек?
– Білікті мамандар жетіспейді. «Шым­шық сойса да қасапшы сойсын» дегендей, маман даярлайтын оқу орындарына өз саласының майталмандарын әкелер бол­сақ, сәулет өнерінің дамуына жол ашылар еді. Қалаларымыз да әсемденіп, сәулет­тене түсер еді.
– Қаланың келбетіне көркемдік қо­сып, ажарын аша түсетін нәрсенің бірі – ескерткіштер. Осы орайда, еліміздегі ескерткіштердің орналасуына көңіліңіз тола ма?
– Жоқ, еліміздегі ескерткіштерге рефор­ма жасау керек. Өйткені еліміздегі ескерт­кіштер­дің бірқатары кеңес зама­нының идео­логиясы талаптарына сай жасалған болса, енді бірқатары ықы­лас­пен жасал­ма­ды, лайықты орнын таппады, дұрыс таң­далып алынбады. Ескерткіш­тердің сая­си, тәрбиелік, таным­дық ықпа­лын ескерсек, оларды неғұрлым тезірек жөнге келтіріп, тари­хымыздағы лайықты тұлға­лардың ескерткішін жасап, ұрпаққа үлгі ретінде көр­сетуге тырысуы­мыз керек. Өзім сәулетші болғандық­тан, ескерт­кіш пен оның айналасындағы сәулеті сәйкес кел­мей­тінін жиі байқап жатамын. Кеңес зама­нынан бері сәулет пен мүсін өнер­лерінің сәйкестігі, кеңістік пен көркемдік байла­ныс­тары адамға эсте­тикалық және идео­ло­гиялық әсер бере­тін. Бұл әсердің күші тікелей сәулетші мен мүсіншілердің ал­ды­на қойған мақсат пен талап­та­рына, олар­дың қарым-қабілеті мен дары­нына бай­ла­нысты. Сондықтан қала келбетіне ескерт­кіш­тердің сән беріп, қа­ла тұрғындарына эс­те­тикалық, идеоло­гиялық ықпал ете ала­тындай талаптан көріне білуі маңызды деп санаймын. Қалаларымыз осы талап­тан кө­рінсе деп тілеймін.

Алашқа айтар датым...
Қай саламызды басқаруға да ұлтын сүйетін, қазақ тілін білетін маман келмей, мемлекетіміз одан әрі дами алмайды. Өйткені ана тілімізді меңгермеген, ұлтымызға жаны ашымайтын маман елімізге адал еңбек етпейді. Сондықтан алдағы уақытта әр істің басына, сол орынға лайық тұлғаларды тағайындар алдында ұқыпты болсақ, болашағымыздың жарқын болатынына сенемін.
Тағы бір айта кетер жайт, елімізде сәулетшілер дайындайтын он шақты жоғарғы оқу орны бар. Маман ретінде айтарым, саны көп, сапасы жоқ оқу орындарын біз тез арада қысқартуымыз керек. Өйткені бүгінде сәулетшілер дайындайтын оқу орнының көпшілігінде өз  мамандығының иелері сабақ беріп жатқан жоқ. Мұндай ұстаздардан дәріс алған шәкірттерден ертеңгі күні білікті сәулет маманы шықпасы анық. Сондықтан сәулет өнерін дамыту үшін біз, ең алдымен, талапқа сай маман дайындау ісін дұрыс жолға қою керек екенін ұмытпауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста