Экологиялық мәселелер мемлекеттік шекаралармен шектелмейді

Қонысбек БАЙЕДІЛОВ, «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры, экономика ғылымының кандидаты:

– Қонысбек аға, бізде неліктен ауа райы болжамдарын хабарлайтын ақпа­рат таратушылардың мәліметтері әрқи­лы? Бірінің болжамы бірінің маңайына да жақындамайды, жер мен көктей...
– Қазіргі таңда  қандай тақырыпта бол­сын ақпараттар легі, ақпараттар айналымы сан алуан. Ақпараттардың технологиясы мен құ­рылымының  ауқымы кең.   Ғаламтор  ар­қылы  Жер шарының  әр түкпірінен керекті ақ­па­раттарды алып танысуға және күнделікті өмір­де қолдануға болады. Сол секілді ауа ра­йы  туралы ақпараттарды бұқаралық ақ­па­рат құралдары көршілес Тәуелсіз мем­ле­кеттер достастығына  кіретін  мемлекеттердің Еу­ропа елдерінде жарияланатын  ақпа­рат­та­рын бірінші болып алуға тырысып, со­лар­дың ақпараттарын дұрыс болсын, бұрыс бол­сын халыққа, бұқаралық ақпарат құ­рал­да­рына, теледидар бағдарламаларына  паш ете­ді.  Бұл жағдай дұрыс емес. Себебі Қа­зақ­стан Республикасында ауа райына, қоршаған ор­таның жағдайына, дәлірек айтсақ, ауа тем­­пературасына, қысымы, ылғалдылығы, лас­­та­нуы, радиация жағдайы,  желдің ба­ғы­ты, жыл­дамдығы, жауын-шашын мөлшері, бұлт­­­тылық, қар жамылғысының биіктігі, құ­ра­мы, сулылығы, көшкіні,  өзендер мен көл­дер­­дегі, су қоймаларындағы судың мөлшері, де­ң­­гейі, ағыны, шығыны, температурасы, түсі, топырақтың  температурасы,  ауыл шар­уа­­шылығы дақылдары мен өсімдіктерінің  жағдайларына  толыққанды мониторинг – болжау жүргізетін  мемлекеттік мекеме – Қа­зақ­стан Республикасының Ұлттық гидро­ме­тео­­рологиялық қызметі – құзырлық бас­­қа­рушы   органы – ҚР Қоршаған ортаны қор­ғау министрлігіне қарасты, респу­бл­и­калық мемлекеттік «Қазгидромет» кәсіп­ор­ны.   Сондықтан тұтынушылар  бүкіл рес­пу­бли­ка бойынша   ауа райы, қоршаған орта жағ­дайы  жөніндегі  мәліметтерді рес­пу­бликалық мемлекеттік «Қазгидромет»  кә­сіп­ор­нының  болжамдарына сүйеніп пай­далануы керек. Сонда ғана еліміз бойынша ауа райы жөніндегі ақпарат біркелкі таралып,  ауытқушылықтар, айырмашылықтар   орын алмайтын еді.
– «Қазгидрометтен» мәлімет алу ақы­лы деген рас па? БАҚ өкілдерінің сө­зіне сен­сек, радио мен телевидениеге күн­делікті ауа райы жайлы сіздерден мә­лімет алу ақы­лы болғандықтан, ға­лам­тордағы же­ке сайттарыңызда жа­рия­ланған ақ­параттар алынады екен...
– Республикалық мемлекеттік «Қаз­ги­дро­мет» кәсіпорны  ауа райына, қоршаған ор­таға метеорологиялық, гидрологиялық, эко­логиялық, агрометеорологиялық бол­жау­лар жүргізу және осы жөніндегі  ақ­па­раттармен тұтынушыларды  қамтамасыз ету жө­ніндегі  мемлекеттік тапсырманы бюд­жет­тік бағдарламалар аясында  орындайды.  Жыл сайын  ағымдағы жыл басталысымен,  тұ­тынушылар  тізімі жасалынып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Үкіметтің  ке­лі­сімімен бекітіледі. Сол тізімде көрсетілген тұ­тынушылар, оның ішінде экономика са­ла­лары, Мемлекеттік басқару органдары, Тө­тен­ше жағдайлар, Селден қорғау де­пар­таменттері мен басқармалары және тағы да бас­қа тұтынушылар мемлекеттік тапсырмаға сәй­кес, мемлекеттің қаражатымен ақысыз түр­де керекті ақпараттармен қамтамасыз еті­леді. Ал тізімде көрсетілмеген тұты­ну­шы­ларға ақылы  қызмет  түрі көрсетіледі. Ақ­параттар құны тұтынушылардың  алатын ақпарат түріне, санына, көлеміне, күр­де­лі­лі­гіне, мезгіліне байланысты.  Баға саясаты  мен  баға прескуранты нақтыланып, анық­та­лып, Үкімет пен Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігінің келісімімен бекітіліп қол­да­нылады. Барлық БАҚ-пен қарым-қа­ты­на­сы­мыз ынтымақтастық келісімшарт шеңберінде  жүргізіледі.
– Биыл қыста еліміздің бірқатар ай­ма­ғында мал қырылып қалды. Қысты күн­гі ауа райының жайсыз болатынын ал­дын ала ауылдық аймақтарға хабар­лау мүм­кін болмады ма?
– «Қазгидромет» еліміздің қоршаған ор­та­ның  метеорологиялық, гидрологиялық, эко­логиялық, агрометеорологиялық  қа­уіп­сіз­дігін қамтамасыз ету мақсатында  бірінші, екін­ші, үшінші тәуліктерге, аптаға, он­күн­дік­ке, айға, алты айға қысқа мерзімді, орта мер­зімді және ұзақ мерзімді болжаулар жа­сап, тұтынушыларды   қамтамасыз етеді.  Кә­сіп­­орында  ауа райы жөнінде шығатын ақ­парат өнімдері: күнделікті ги­­дро­­ме­тео­рологиялық бюллетень,  күн­де­лік­­­ті қар  жамылғысы, қар көшкіні бюллетені, күн­­делікті  гидрологиялық бюллетені, тоқсан са­йын шығатын ғылыми-кәсіби гидрометео­ро­логия журналы, агрометеорология бюл­ле­тені, «Қазгидромет»  кәсіпорнының ор­та­лық­тағы және облыстардағы  корпоративтік сайттары, бұқаралық ақпарат құралдарымен, яғ­ни телевидение, радиомен тығыз қарым-қа­тынас нәтижесі,  дөңгелек үстел, конфе­рен­ция, күнделікті қыруар еңбек,  барлығы тұтынушылар үшін, оның ішінде халық пен барлық экономика салалары  үшін жасалып жат­қан дүние. Керекті  ақпараттармен уақ­тылы танысып, оны  жоспарлау мәселелеріне  қол­дана білу кез келген шаруашылық бас­шысы  үшін  маңызы зор іс-шара.  «Қаз­ги­дромет» кәсіпорны тек қана ауа райын бол­жап қана қоймай, сонымен бірге  табиғи апат­тардың халыққа, экономикаға  тигізетін зар­дабын, зиянын азайту, тіпті болдырмау  мақ­сатында  алдын ала ескерту  шараларын да жүргізеді.  Ақпараттар мен ескертулер, ха­­бар­лар   таратылып берілген. «Апат айтып кел­­мейді»,  «Сақтанғанды құдай сақтайды» де­ген нақыл сөздер бар. Қыс кезіндегі ауа райы Қазақстанда құбылмалы, тұрақсыз, қатаң келетіні тағы бар. Сондықтан жылдың әр мезгілі – қыс, көктем, жаз, күз халықтан, эко­номика салаларынан,  әсіресе шар­уа­шы­лық басшыларынан  тиянақты дайындықты та­лап етеді.
– Көктем келіп, қыс бойы жауған қалың қар еріп, көптеген елді мекен су ас­тында қалып жатыр. «Қазгидромет» өз тарапынан мұндай төтенше жағдай­лар­дың алдын алатын қандай шараны қол­ға алды?
– Республикалық мемлекеттік «Қаз­ги­дромет» кәсіпорны 2009 жылдан бастап Ас­тана қаласында  қоныстанған. Барлық об­лыстар мен ірі қалаларда  оның филиалдары   қыз­мет атқарады. Біздің мекеменің Алматы қа­ласы бойынша филиалы – өндірістік құ­рылым. Алматы қаласы мен Алматы об­лы­сының  жеті ауданына:  Райымбек, Ұйғыр, Ең­бекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле аудандарына және Қапшағай қаласының ауа райына, табиғи қоршаған ортасына  мо­ни­то­ринг жүргізеді.  Төтенше жағдайлардың ал­дын алу мақсатында жоғарыда аталған ау­дандар мен қалаларда, биік таулы ме­кен­дерде,  таулы және жазықтағы өзендер мен көл­дерде, су қоймаларында, таулы ал­қап­тар­да орналасқан өндірістік құры­лым­дардың, оның ішінде метеорологиялық, аг­ро­метеорологиялық,  гидрологиялық, эко­логиялық, қар көшкіні бекеттері мен стан­сыларының және олардағы орналасқан ауа райын  болжайтын, бақылайтын қон­дыр­ғы­лар мен  аппараттардың  толық тексеруден өтіп, үздіксіз сапалы қызмет жасауын, қыз­мет­керлер, бақылаушы-болжаушылардың, жұ­мысшылардың әдістемелік-кәсіби да­йын­дығын арттыру, техникалық арнайы оқулар ұйымдастыру, арнайы киім-кешек, бай­ла­ныс, өндірістік құралдармен, көлікпен қам­та­масыз ету шаралары  күнделікті жұмыста жә­не науқан кездерінде  жоспарлы түрде  жүр­гізіледі. Төтенше, қауіп-қатерлі табиғи құ­былыстар мен жағдайлардың алдын алу  мақ­сатында тиісті ақпараттар  бекітілген  бағ­дар, кесте   бойынша  шұғыл түрде та­ра­тылып, хабарланады.  Өндірістік құ­ры­лым­дар ұжымының басқарма әкімшілігі өз жұ­мыс­тарына әрқашан ұқыпты, тиянақты, бір сөз­бен айтқанда, «әскери»  тәртіппен үздіксіз қызмет атқарады.
– Қаңтардың соңында қатты соққан да­уылдан Жамбыл облысы Канцевка ауы­­лының мектеп директоры оқу­шы­ла­рын үйлеріне жеткіземін деп жүріп, өзі үйі­не жетпей қайтыс болды. Бәлкім, да­уыл­дың соғатыны алдын ала ха­бар­лан­ғанда, балалар сабағына бармай, үйде оты­рар ма еді, адам шығыны да болмас па еді, сіз қалай ойлайсыз?
– Жамбыл облысында орын  алған  апат­ты табиғи  жағдай,   қатты дауыл  эко­но­ми­ка­­ға, халыққа   біраз  зардабын тигізгені анық.   Бұл орайда, республикалық «Қаз­ги­дро­мет» кәсіпорны және оның Жамбыл об­лысы бойынша филиалы ауа райына  бол­жам берген кезде,  қатты жел соғатыны жа­йында  ақпараттарды алдын ала Жамбыл об­лысының құзырлы  мекемелеріне таратып, ха­барлаған.  Ал енді сіз айтып отырғандай, оқу ағарту мекемелерінде  оқушылардың  са­бағын тоқтату, олардың үйде отыруын қа­да­ғалау  «Қазгидромет» кәсіпорнының  құ­зы­­рына кірмейді.   Ал біздің ақпаратты бас­шы­­лыққа алып, сол арқылы қауіпсіздікті қам­тамасыз ету  облыстық  жергілікті бас­қа­ру органдарының  қызметі деп білемін.
– Қазгидромет – гидрометеорология жө­нін­дегі зерттеу жүргізетін еліміздегі жалғыз ор­талық. Демек, бүкіл республи­каға си­ноп­ти­калық мәліметтерді өзде­рі­ңіз та­ра­та­сыз­дар. Сіздерде Ауыл ша­руа­­шылығы ми­нистр­лі­гімен, Төтенше жағ­дайлар министрлігімен, об­лыс әкім­дік­терімен арадағы байланыс қа­лай? Қазір елімізде болып жатқан төтенше жайт­тарға қарап, мамандардың атқа­рып жатқан жұмыстарының жүйе­лі­лігіне кез кел­ген­нің сенім артуы қиын­дық тудыратын сияқты...
– Сұрағыңыз өте орынды.  Адам ба­ла­с­ының тұрмыс-тіршілігі, денсаулығы, тіп­ті көңіл күйі де ауа райына бай­ла­нысты десек, қателеспейміз.  Экономика са­лаларының көпшілігінің   жұмыстары, оның ішінде: ауыл шаруашылығы,  көлік, энер­гетика, байланыс, мұнай, газ өндіру шар­уашылықтары да ауа райына, қоршаған ортаның жағдайына көп бай­ла­нысты. Сондықтан Қазақстан Рес­пу­бли­касы Төтенше жағдайлар мен Ауыл шар­уашылығы  министрліктеріне қа­рас­ты Алма­ты облысы  мен Алматы  қала­сын­дағы меке­ме­лермен, облыс және қа­ла әкім­ші­ліктерімен  тығыз қарым-қа­тынастамыз. Ел­басы атап айтқандай, біз­дің негізгі мақ­сатымыз – хал­қы­мыз­дың әл-ауқатын, тұр­мыс-тіршілігін жақ­сар­ту, экономиканы да­мыту. Мақ­са­тымыз біреу – халыққа қызмет ету. 
«Қазгидромет» кәсіпорнының Ал­маты қа­ласы бойынша  филиалы  Ал­ма­ты  об­лыс­тық жә­не Алматы қаласы әкім­ші­­лік­те­рін­де  құ­рылған және қызмет ат­­қаратын  қа­уіп­ті жағ­дай­лардың алдын алу, олардың  зар­даптарын жою жөнін­де­гі тұрақты комис­сия­ның мүшесі ретін­де  де атқарып жатқан іс-шаралары ора­сан. 
– Білуімізше, біздегі атмосфералық ауа­ның ластану деңгейін анықтайтын құ­рал-жабдықтар ескі. Былтыр өзіңіз бас­қарып отырған мекеменің қызмет­кер­лері оларды жаңалауға мемлекеттен қар­жы бөлінбей отыр деген еді. Қазіргі ах­уал қандай, жабдықтарыңыз жаңар­тыл­ды ма?
– Алматы қаласының  атмосфералық ауа­сының  ластануын  бақылайтын  бес  тұ­рақ­ты стационарлық бекет, 11 автоматты  «СКАТ»  қондырғылары  жұмыс жасайды. Бұл  бекеттер мен қондырғылар Алматы қа­ла­сының  әр аудандарында  орналасқан. Оның ішінде   үш тұрақты стационарлық бекет 1960 жылдан,  екеуі  – 2008 жылдан, «СКАТ» қондырғылары   2006 жылдан  жос­парлы  түрде техникалық тапсырыстарға сәйкес  үздіксіз қызмет атқаруда. Күніне үш-төрт ауа сынамалары алынып, арнайы  фи­лиал зертханасында  құрамы  тексеріліп, анық­талып, нәтижесі күнделікті  экологиялық бюл­летеньде жарық көріп, тұтынушыларға та­ратылады.  Айта кететін жағдай, оңтүстік ас­та­намыз Алматы шаһары Орталық Азия­дағы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына  мү­ше мемлекеттердің қатарындағы  ең ірі қар­жылық, экономикалық және мәдени ор­талық екені  белгілі.  Алматы атмосфералық ауа сапасы жөнінен «жоғары  дәрежеде лас­танған» шаһарлар қатарына жатады. Қала­мыздың Бостандық, Алмалы, Жетісу, Әуезов,  Тас­тақ-1 аудандарында атмосфералық ауада шаң-тозаңның, күкірттің қос тоты­ғы­ның, азоттың қос тотығының, фенол мен фор­малдегидтің  мөлшері шектік мүмкіндік нор­масынан әлдеқайда  жоғары дәрежеде екен­дігі  байқалады.  Алматының атмосфе­ра­лық ауасындағы бес ластаушы зиянды зат­тардың  қоспаларының  жылдық  жиынтық ин­дексін алатын болсақ, көрсеткіштер ин­дексі мынаны көрсетеді:    2009 жыл – 15,8,  2010 жыл – 12,9, 2011 жыл – 9,3,  2012 жыл – 11,9, 2013 жылдың қаңтар айы – 15,2, ақпан айы – 11,9.  Бұл көрсеткіштер қала ауа­сының ластануы жоғары дәрежеде екендігін дәлелдейді.  2009 жылдан бастап Үкі­мет тарапынан ҚР Ұлттық гидро­ме­тео­ро­ло­гиялық қызметін жаңғырту, модер­ни­за­ция­лау  бағдарламасы қабылданған бо­ла­тын. Осы бағдарлама аясында кейінгі  үш-төрт жылдың көлемінде  осы мақсатта қа­зіргі заманның талабына сай келетін, да­мы­ған шетелдерде кеңінен қолданылатын ме­теорологиялық, гидрологиялық, эко­ло­гиялық автоматты түрде жұмыс атқаратын қон­дырғылар мен аспаптар, жабдықтар алы­нып, іске қосыла бастады. Ме­тео­ро­ло­гия­лық алаңдарда, гидрологиялық, эко­ло­гиялық  бекеттерде  қызмет жасайтын ма­ман­дар арнайы әдістемелік оқу бағ­­дарламаларын оқып үйреніп, өздерінің бі­лімдерін шыңдай түсуде. Осы уақыт ара­лы­ғында Алматы облысының Балқаш,  Қа­расай аудандарындағы «Суминка», «Ұзын Қар­ғалы» атты жаңа гидрологиялық бе­кет­тері салынып,  іске қосылды. Еңбекшіқазақ ау­данында Бартоғай су қоймасында  ги­дро­ло­гиялық бекеттің жаңадан қызметтік үй-жа­йы салынды. 2013 жылдың бірінші жарты жыл­дығында Алматы облысының Ұйғыр ау­данындағы республикамыздың ірі өзен­де­рінің бірі – Қазақстанның артериясы Іле өзе­ні­нің бойында, Добын айлағында және Ра­йым­бек ауданындағы  Текес  өзенінің бо­­йында, Текес ауылына кіреберісте Қытай Ха­лық Республикасы және Қазақстан Рес­пу­бликасы арасындағы  мемлекетаралық транс­шекаралық өзендердің жағдайына  бай­ланысты мәселелерді шешу мақсатында 2011 жылдан бастап салынған ги­дро­хи­мия­лық бекеттердің ашылу салтанаты  жөніндегі іс-шаралар өтіп,  аталған  бекеттер толы­ғы­мен  жұмысқа кіріседі. Екі  гидрологиялық бе­кет «Темірлік» және «Күрті»  электр то­гы­мен қамтамасыз етілді. Жыл сайын 20-30 жыл жөндеу көрмеген он шақты  метео­ро­ло­гиялық стансылар мен гидрологиялық, эко­логиялық  бекеттер күрделі және ағым­дағы жөндеуден өтуде.  Химия – ана­ли­ти­калық және гидрометеорологиялық қон­дыр­ғылар мен аспаптарды тексеруден, жөн­деуден өткізу, зертханаларды  ак­кре­ди­та­ция­лау науқанынан, процедураларынан өткізілді. Міне, осындай жүргізіліп жатқан шар­уалар легі мемлекет және Үкімет тара­пы­нан  көрсетіліп жатқан  қолдаулардың нә­ти­жесі деп білеміз. Қазіргі таңда  2014-2016 жылдардың бюджет жобасы қаралып, өз­ге­рістер, қосымшалар  енгізілуде.  Сонымен қатар 2013 жылдың бюджет жоспары нақ­ты­лануда. ҚР Ұлттық гидрометеорология қызметінің болашағы  үлкен үміт күттіреді.
– ҚР Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігі Экологиялық реттеу және ба­қы­лау комитетінің төрағасы Данияр Ерен­шінов: «Мемлекет ауа райын алдын ала нақты анықтайтын құрылғыларды са­тып алуға қажетті қаржыны аямай бе­реді, бірақ олар шаң басқан күйі тұрады. Се­бебі бұл саладағы кадр мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ», – деген болатын. Бұған сіз не дейсіз?
– Бұл жайт, негізінде, бүкіл Қазақстан Рес­публикасындағы қазіргі жағдайды баян­дайтын ауқымды жалпылама ақпарат деп ой­лаймын. Республикалық мемлекеттік «Қаз­гидромет» кәсіпорнының Алматы қа­ла­сы бойынша филиалында жағдай басқаша. Биыл «Қазгидромет» кәсіпорнының құ­рылғанына – 91 жыл.  2009 жылдың ба­сы­нан «Қазгидромет» Алматы қаласынан Ас­тана қаласына  көшірілді.  Негізгі, мықты, кә­сіпқой  маман-синоптиктер, гидрологтер, эко­логтер, агрометеорологтер, қар өлшеу, қар көшкіні  мамандардың көпшілігі отбасы  жағдайларына, денсаулығына байланысты Ас­тана қаласына көше алмады, сол себепті олар­дың біразы Алматы қаласы бойынша  фи­лиалына  ауысып, қызметтерін жал­ғас­ты­руда.  Тарихи, үлкен шаңырақ болғаннан ке­йін  бұл саладағы мықты мамандардың көп­шілігі Алматы қаласында шоғырланған. Сонымен қатар Алматы қаласында  болашақ ма­мандар дайындау, оларды жұмысқа бау­лу,  мемлекеттік қызметке, жұмысқа тәр­бие­леу  мәселелерін шешу де  дұрыс жолға қо­йылған.  Сол себепті  «Қазгидрометтің» Ал­маты қаласы бойынша филиалы  ма­ман­дар тапшылығын көрген емес, баланста тұр­ған  гидрометеорологиялық қондыр­ғы­лар мен аспаптар да түгелімен тоқтаусыз қызмет атқаруда.
– Әңгімеңізге көп рақмет, аға.

Бір тілек
Алаш жұрт­шы­лығының айнасына айналған сүйікті газетіміз «Алаш айнасының» тұрақты «Дат!» айдарын пайдаланып, ұлы еліміз – қазақ халқын және әріптестерімді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтағым келеді.
Көктеммен бірге қасиетті наурыз айы бірқатар  ұлы мерекелерімен өзінің шат­ты­ғын, қуанышын ала келеді. Наурыз айының 22-інші жұлдызында Бүкіл дүниежүзілік ха­­лықаралық Наурыз мейрамы және осы күні  Бүкіл дүниежүзілік халықаралық Су ре­­сурстары мейрамы, ал 23-інші наурызда Бүкіл дүниежүзілік халықаралық метео­ро­лог­­тер күні тойланды. Сондықтан, бірін­шіден, барлық қазақстандықтарды, әріптес­те­­рімізді жаңарудың, бейбіт өмір мен ізгілік мерекесі, ұлт мейрамы – Наурыз ме­ре­ке­сімен құттықтаймын. Ортақ үйіміз – Қазақстан гүлдене берсін деп тілеймін. Екін­­шіден, Халық­ара­лық су және метеорологтердің кәсіби мейрамы – біздің әріптес­те­ріміз: синоптик­терге, гидрологтерге, экологтерге қар жамылғысын, қар көшкінін бақылайтын, болжайтын мамандарға ортақ мереке. Республикалық мемлекеттік «Қазгидромет» кәсіпорнында, оның облыстық филиал­да­рында, жалпы айтқанда,  республика бо­йынша 3000-нан астам адам қызмет етеді. Олар өздерінің ерен еңбектерінің арқасында  күні-түні үздіксіз еліміздің, жеріміздің гидрометеорологиялық қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етумен қатар, ел эко­но­микасының дамуына, мемлекетіміздің нығаюына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына үлесін қосуда. Құрметті әріптес­тер! Өткен кәсіби мейрамдарыңыз құтты бол­сын! Мықты  денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас, шығар­ма­шылық табыстар мен жаңалықтар тілеймін!

Алашқа айтар датым...
– Қазіргі таңда ғаламшар мен адамзаттың болашағы, сайып келгенде, қоршаған ортадағы күрделі, оның ішінде: жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі, мәңгілік мұз­дық­тардың еруі, ауаның ластануы, атмосфераның  жер беті қабатының  радиациалық жә­не тағы да басқа жағдайлар жөніндегі мәселелерді шешудегі тікелей  мүм­кін­дік­те­рі­мізге байланысты болып отыр. Заманауи әлемнің экологиялық жағдайы мен мә­селе­ле­рі  тек өзекті мәселелердің қатарында ғана емес, сонымен қатар сан қырлы, күрделі мә­се­ле. Аталмыш мәселелер барлық салаларда көрініс табады, әсіресе ауыл шар­уа­шы­лы­ғында, химия өндірісінде, қара және түрлі-түсті металлургия және атом энергети­ка­сын­да, демек, ғаламшарымыздың барлық аймақтарына да қатысы бар. Қоршаған ор­та­ның өзгеруі, бұзылуы – Жер шарының барлық елдерінде белең алып отырған мәсе­ле, себебі экологиялық мәселелер «мемлекеттік шекаралармен шектелмейді». Сол себепті бұл мәселелерді бүкіл әлем бірлесе шешуі керек. Осы ретте  «Туған жерді сүю, қасиетін ұғу, сүю үшін білу, күзетінде тұру – парыз» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста