Бізге күйдің ғылыми негізін қалыптастыратын орталық қажет

Жанғали ЖҮЗБАЕВ, күйші, өнертанушы:

– Жанғали аға, өзіңіз қазіргі күй өне­рінің ақылшы ағаларының біріне ай­налған жансыз. Бүгінгі күй өнерінің ал­ған бағыты қалай және жастардың осы бір тылсым өнерге деген ықыласы қан­дай?
– Бұл күй деген жарықтықтың өзіне тән ке­зеңдері болады. Бір кезеңде дәуірлейді, ен­ді бір кезеңдерде тоқырайды. Бір кезде дағ­дарысқа ұшырайды, тіпті кей кезеңдерде жо­ғалып та кетеді. Күйдің гүлденген уақыты Құр­манғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қо­же­ке, Қазанғап, Бейсембілердің заманы – Қазан төңкерісіне дейінгі кез. Қазан төң­ке­рісінен кейін күй өнері әжептеуір дағ­­­дарысқа ұшырады. Күй дегеніміз де ұлт­тың тілі ғой. ХХ ғасырдың басында қазақтың ру­­хани мә­де­ниеті әлсірей бастады. Кол­лек­тивтендіру бас­талды, жаңа заманды жыр­лаған күй­лердің қатары көбейді. Күйдің ата­дан балаға жал­ғасып келе жатқан мектебі өзі­нің дәстүрлі жо­лынан жаңылды. «Партия ту­ралы», «Кос­мо­навт», «Сегізінші март» де­ген сияқты жа­ңа заманды жырлаған күйлер кең өріс алды. Осындай арнау күйлердің шық­қанын есеп­те­геннің өзінде, оның дә­режесі бұрынғы күй­шілік дәстүрден әлде­қай­да төмен бо­ла­тын. Оның үстіне музыка әле­мінде әуеннің маңайына ықпал ете ала­тын ұялары болады. Мысалы, Қытайдың му­зы­калық ұясы, ежелгі түріктің, оғыздың му­зы­калық ұясы немесе Еуропаның, әсіресе шот­ландықтардың сы­быз­ғы мақамы сияқты үл­кен музыкалық мә­дениеттер болған. Сол секілді сан ғасыр бо­йына қаймағы бұзыл­ма­ған қыпшақ әуезі де өзінің ізін жоғалта бас­таған кез осы уақыт бо­латын. Өйткені му­зыканы дамытудың еу­ро­палық жүйесі батыл қол­ға алынды. Әуен атаулының барлығын но­таға жазу науқаны басталып кетті. Оркестр мә­дениеті, ансамбль мә­дениеті кірді. Бұ­лар­дың барлығы батыс­еу­ропалық мәдениет еді. Опе­ра мен сим­фо­нияны қоспағанның өзін­де, оркестр, ан­самбль, камералық өнер түр­ле­рі салтымызға сіңісе бастады. Жалпы, тү­ріктің музыкасында ұжымдасып өнер көр­сетуді жоққа шығаруға болмайды. Өйт­кені түркі халқы отырық­шы­лар және көш­пен­ділер болып екіге бөлінеді. Қа­ны түрік бол­ғанымен, діні басқа алтай­лық­тар, ха­қас­тар сияқты халықтарда ұжым­дасып өнер көр­сету формасы болған, сон­дық­тан олар­дың күйі бұзылған жоқ. Ал біз­дің қазақта он­дай жора болмағандықтан, күй өнері  кә­дім­гідей дағдарысқа ұшырады. Сырттан қа­раған адамға дамып жатқандай кө­рін­ге­німен, ішкі жан дүниесі бөлшек-бөлшек бо­лып шыға келді.
Содан бері келе 50-жылдар тұсында қа­зақ есін жинады. 55-жылдары қазақ күй­шілігі қайта бой көтерді. Алаш баласы бұ­рынғы ата-бабасынан қалған күйлердің бар­лығын есіне алып, жадын жаңғырта бас­тады. «Ақсақ құланды» аңыратып тартқан Рүс­тембек Омаров, Бөкей ордасының биік күй­лерін толғаған Қали Жантілеуов, Ар­қаның қырық буын қосбасарын шерткен Әбі­кен Хасенов, қобыз бен домбыраны қа­тар сөйлеткен Жаппас Қаламбаев, Аралдан Қа­рақалпаққа дейінгі қоңыр әуенді тү­ген­деген Бақыт Басықараев, Сәдуақас Бал­мағанбетов сияқты күйшілердің арқасында күй өнері – дала мәдениеті қайта түрленді. Осы кезеңде ерекше күйшілік болды. Ғаламат күй мектептеріне жан бітті. Арқаның шертпе күй­лерінің ішінде Аққыз, Уәли Бекенов, Ма­ғауия Хамзин секілді мықтылар шықты. Ке­ңес өкіметінің тұғырына нық қонған кезінде кез келген ауылда радио торабы болатын. Сол радиодан үзбей тек қана ұлттық музыка, оның ішінде күй өнері таңертеңнен кешке де­йін насихатталды. Бұл күйдің дәуірлеген ке­зі еді. Бұл кезең өзінің дәуірлегенімен қой­май, өзінен кейінгі күйшілік мектепті де қа­лып­тастырып үлгерді. Осы кездегі дәулескер күй­шілерден тәлім алған кейінгі буын ре­тінде мен Шәміл Әбіл­таев, Қаршыға Ах­ме­дияров, Таласбек Әсем­құлов, Генерал Ас­қа­ров, Төлеген Мом­беков, Мұхаметжан Ті­леуханов, соны­мен бірге мына берідегі Се­кен Тұрысбе­ков­к­е дейінгі күйшілік кезең, сөз жоқ, сол мектептен сусындаған, қазақ күй өнеріне өзіндік үлесін қосқан азаматтар деп сенімді айта аламын.
Бұдан кейін жаңа ғасыр келді. Менің ай­тып отырғаным екінші мыңжылдық емес. Мә­селен, 80-жылдардан бастап қазақтың тек қана әні емес, жалпы, күйіне ба­тыс­еу­ро­па­лық әуеннің кірігуі жаппай насихатталды. Ке­­ңестің шекарасы тарс жабық болғанымен, музыканың шекарасы айқара ашық еді. Со­ның нәтижесі ретінде қазақ әндерін алғаш басқаша, дәстүрлі емес стильде орындаған «Дос-Мұқасан» тобын тілге тиек еткім келеді. Әрине, «Дос-Мұқасан» қазақ мәдениетінде өзіндік орны бар, жаңаша бағытта ән салған, өте жақсы, ел құрметтейтін ұжым. Дегенмен бұрынғы «Ләйлім шырақты», «Жай­дар­ман­ды» қазақы қалыппен айтқан емес. Жа­ңа­ша бағытта орындады. Ал «Құдаша» әнін Beatles (Битлз) ансамблінің стиліне салып жіберді. Сол секілді нақ сол кездегі күйде де осындай бейшаралық болды. Күйді өңдеу, жөндеу, қысқарту, кесу, қосу, жетілдіру деген ұғымдар пайда болды. Одан кейін ол күйлерді ка­ме­ралық музыкадан бөліп алып, эстрадалық му­зыкаға қосу кең етек алды. Мен эс­тра­далық музыкаға күйді алғаш қосқан «қа­һар­ман­дарын» да білемін. Мысалы, Марат Бал­та­баев, Тасқын Оқапов секілді аза­­мат­­та­рымыз – осы жанрды дамытқандар. Әри­­не, эстрадашылардың көзімен қара­ған­да, олар ерлік жасады. Бірақ бұл ісіміз қазақ күйін Еуропаға таныту емес еді. Сөз жоқ, бұл – қате пікір, қасаң қағида. Егер төл өнерімізді Еуропа тануы керек деп жаппай эстрадалық жанрға сала берсек, онда біздің рухани құн­ды­лықтарымызға орны толмас нұқсан ке­леді. Оның басын ашып айту керек. Ал енді Еу­ропаның біздің музыкамызды тануы тым қа­жеттілік те емес, қажеттілік туғызбайды да. Бұл жерде саяси да мұқтаждық жоқ. Өйткені Еуропа әл-Фарабидің заманында түріктің, оның ішінде қыпшақ жұртының музы­ка­сының биік екенін таныған, мойындап қой­ған. Оны ежелгі Римнің оқымыстылары «Бұл халықпен сөз өнері және саз өнерінде тала­сатын ешкім жоқ» деп жазып кеткен. Музыка тарихынан азғана хабары бар адам оны айт­қызбай-ақ білер еді. Дәл солай бүгінгі кү­ні де кішігірім «топ» кұрып, ызыңдаған, ши­қылдаған бірдеңелерді жинап алып, «...мен қазақ күйін шетелге, Еуропаға таныта­мын...» деп шіренетіндердің әрекеті де бе­кер­шілік.
– Сөзіңізге қарағанда қазақтың күйі өзінің даму тарихында көресіні көрген екен. Қазақтың басындағы қилы тағ­дыры секілді талай бұралаң жолдан өт­кен. Ал кейінгі гүлденген уақыты туралы не айтарыңыз бар?
– Күйдің тоқырауы қалай болғанын кө­зімізбен көрдік. Қазір күйдің тоқырауына со­лақай саясатты кінәлайтындар өте көп. Бі­рақ әңгіме саясатта емес. Жекелеген жа­ғым­паз­дардың, «жантықтардың», құс төсек пен жұм­сақ жастықты жақсы көретін «жам­поз­дардың» әрекетінен күй осындай мүшкіл хал­ге түсті. Мен байларды айтып отырған жоқ­пын. Қазақтың байлары Кеңес өкіметі көр­сеткендей зорлықшыл болған емес. Өнер­ді қолдауға келгенде бірін-бірі басып озу­ға тырысатын бәсеке бар еді араларында. Ме­нің айтып отырғаным, жілік майы жі­лін­шігіне тарамайтын «жаңа заман» арқасында дәу­летке ие болып, жаңа байығандар еді. Міне, осындайлар кеңес кезінде ойсыз бұй­рыққа қол қоя салатын. Осы тоқыраудың же­тегінде жаңа ғасырға келдік. Еуропа мә­дениетіне басыбайлы берілгеніміз сонша – қазақ күйшісін сахнаға шығармайтын дә­режеге жеттік. Қазақ күйінің беделі қалмады. Кон­серваторияны бітірген, жаңаша сауат аш­қан, ескі күйшілікті көрген мықты ма­ман­дарға мүлде сұраныс болған жоқ. Қазақ күйін эстрадаға салып, өңдеп тартушылардың түкірігі жерге тамбай тұрған шақ болды.  Мен мұның барлығын керексіз деп айта алмаймын. Бұл тәсіл қоғамдағы белгілі бір топтың күйге деген ықыласын арттыруға қажет те шығар. Бірақ тұтас ұлт үшін дәл сондай зәрулік бар деп айтуға аузым бар­майды. Бұл қып-қызыл сауда ғой. Сол кез­дегі жағдайларды, күйді табалдырыққа сүйрей «насихаттайтын» конкурстарды, кон­церттерді Алла тағала қазақ музыкасының ба­сына енді бермей-ақ қойсын.
Қашанғы қазақ сорлай берсін, қалай де­генде де, текті халық қой. Заманның дамуы бір қалыпқа түскен соң рухани әлеміндегі бос кеңістікті толтыруға шарқ ұрып баба­сының байырғы күйлерін іздей бастады. «Қа­зақстан» телерадиокешенінде, нақтырақ айт­қанда, «Қазақ» радиосының баста­ма­сымен тұңғыш рет «Мәңгілік сарын» деген ат­пен төл күйлердің антологиясы шыққан кезде халық біртүрлі абдырап қалды. Ондайды күтпегені соншалық – осынау жақ­сылықтың лебі қайдан еседі деп жан-жағына елегізе қарады. Не үшін керек деген де ұғым болған жоқ. Жұртшылық жапа-тармағай таласып, оқушылар да, мұғалімдер де құн­ды­лықты қолға түсіргеніне мәз-мейрам бо­лысып жатты. Тіпті шенеуніктердің өзі бір-біріне сыйлыққа осы антологияны сыйға тар­тып, қолтаңбасымен табыстаған жағ­дай­лар болды. Артынша «Мәңгілік сарынның» екінші томы шыққан кезде халық өзіне керек дүние осы екенін анық түсінді. Одан кейін «Қазақтың мың күйі» шықты. Осы үш антологияның жарық көруі қазақ халқының күйге, музыкаға деген талғамын, тоқырау за­манынан қалыптасқан қате түсінікті түбе­гейлі өзгертті. Осы тарихи жинақ қазақ күй­ші­лерінің миын, жүрегін бір шайып өткені шын­дық. Содан кейін жастар да ата-ба­басынан қалған мәнерді, күйшілік мектепті сақ­тай тартатын деңгейге жетті. Қазақтың күй өнерінің байлығы – әрбір аймақтағы ерек­шелігі анық көріне бастады. Осы ең­бек­тердің шығуына бас болған М.Құлмұхамед сын­­ды арда азамат екенін айта кетуіміз ке­рек. Сондай-ақ ғалымдар тарапынан А.Тоқ­таған, Б.Мүптекеев, С.Ақмолда, А.Мәу­­лет, М.Әбуғазы сияқты азаматтар да күй жи­нақ­тау­да күші мен қажырын аямады.
– Жанғали аға, қазақтың күй өнері төкпе күй және шертпе күй деп бөліне­тінін білеміз. Бірақ күйді бөлу ұлтты бөлу деген желбуаз пікірді ұстанатындар бар. Оларға айтар уәжіңіз қандай?
– Қазақтың күйшілерінің арасында Кеңес өкіметі, қайта құру кезеңінен келе жатқан, күйге жадағай қарайтын, қазақта бір-ақ сарын болуы керек дейтін қате түсінік әлі күнге дейін бой көрсетіп қалады. Күйдің са­рыны неғұрлым көп болса, ол – қазақтың бай­лығы. Қарапайым ғана бір мысал ай­тайын. Жыр өнерін бір деп танысақ, Маң­ғыстаудың, Ноғайдың жырын, Сырдың, Қа­ра­қалпақтың жыр-терме, толғауының бар­­лығын бір мәнермен орында десек, жыр­­дан қандай қадір-қасиет қалады? Онда біз жыр мен термені тақыр кедей етеріміз сөз­сіз. Сол сияқты күйде де мектеп бар. Мек­теп дегеніміздің өзі жетістік. Жалпы, шертпе күй­ді Арқаға тән десек қателесеміз. Өйткені Сүгір бастаған Қаратаудың сазы, анау Алтайдың көмекеймен айтатын әндері секілді шығыстың сыбызғы құсап сұңқыл­дай­тын күйлері бар. Қаз дауысты Қазыбектің сөз­дері секілді шешен формаға құрылған Ар­қаның күйлері бар. Жетісуда Алатаудың ле­біндей есіп тұратын Нұрғисаның шерт­пе­лері бар. Мысалы, «Арман», «Аққу» сынды күй­лерінен қарт Алатауды тел емген екі ха­лықтың әуені сезіледі де тұрады. Бұл бұ­зыл­мауы керек. Егер біз қазіргі кәсіби оқытудан осы­ның барлығын жойып жіберетін болсақ, онда біз барымыздан айырыламыз. Ал күйде мәнер деген жарықтық бір жоғалса, қайта қалпына келмейді. Бізде жоғалған мә­нер өте көп. Тұтас бір күйшілік мектеп жо­йылып кеткен замандар болған. Мысалы, Ақ­баланың мектебі (Ақбала – беріректегі мә­­нер жеткізуші ғана, оның алдындағы күй­ші­­лер­дің аты бұл күнде аталмайды да) ата­лып кет­кен көне Ташкент пен Шымкенттің ара­­лы­ғындағы, бергі жағы мына Қы­зыл­ор­да­ға де­йін келетін Жиделібайсын күйшілік мек­те­бінің басы бола тұра жойылып кеткен. Бұл мек­тептің өмір сүрген мекені – Түркістан, Қа­ра­қалпақ, Аралға дейінгі аралық. Ал енді қазір Қарақалпақтың күйі тірі, Аралдың күй­шілік мәнері де өз тұғырына қонған. Түркіс­тан­дағы мектеп де өз бағытын жоғалтқан жоқ. Себебі ол жерде Нартайдың, Әлше­кей­дің күйшілігі бар. Ал енді Ақбаланың өз күйшілігі жоқ. Оның мынадай себебі бар: Ақбаланың күйшілік мектебі бастау алған жерде отырықшы мәдениет қалыптасқан. Қазір сол өңірде атақоныстың мәнерімен күй тартатын жан жоқ. Ол өңірдегі ежелгі ән Жамал Омарованың «Бипылымен» тоқтады. Қазір сол мәнердегі әуезді ыңылдай алатын адам таппайсың сол өңірден. Ақбаланың күйін тартатындар бар. Бірақ ол Қазанғапқа еліктейді. Себебі Ақбала мәнерінің түп не­гізін танымайды. Осындай өзекті мәсе­ле­лер­дің барлығы жоғарыдағы антологиялар жарыққа шыққан кезде талқылана бастады. Түрлі ғылыми еңбектер, талдау мақалалар жарық көрді. Сондай ғылыми мақалалардың ішіндегі маған ұнағаны – өнертанушы Берік Жүсіптің мақаласы.
Жалпы, антология деген жинақ қой. Енді бұл әрі қарай жалғасуы керек, зерттеу ең­бек­тері керек. Мектептерге бөлу қажет және оны тәжірибеге енгізуге тиістіміз. Арқаның төріне уық қадаған өнердің белді ордасының бірі – біздің әлем әртісі Айман Мұсақожаева басқаратын Қазақ ұлттық өнер университеті. Сарыарқадағы өнердің қайнаған қазанында қазір дәстүрлі музыка  өте жақсы жолға қойылды. Мәселен, әнді алатын болсақ, Жетісу­дің әншілігі бөлек, терме өнері өз алдына, жыршылық өнердің де жілігі басқа, Ғарифолла мектебі өз алдына жеке мектеп болып оқытылып жатыр. Сол сияқты біздің күй өнерінде де осы тәжірибені енгізіп жат­қан майталман мамандар бар. Мысалы, анау Үсен төре, Шал мырзадан бері қарай ке­ле жатқан Қазанғап мектебін жақсы мең­герген Еділ Баcықараев, кешегі Атырау күй­шілік мектебінің алыбы Қаршыға Ахме­дия­ров­тың мәнерін алып қалған Ақбота Тұрым­бетовалар, одан кейін Оралдағы атақты Қали Жантілеуов, ар жағы Сейтек, Ди­наның елі, Бөкей ордасының, жалпы, Орал төңірегіндегі күйшілікті жақсы мең­герген Абылғазы Ахмадиев деген күйші жігіт бар. Маңғыстаудан Абыл, Есір, Есбай, Шам­ғұл, Алым күйлерінің майталманы Жұмабек Қа­дірқұлов деген жас күйшіні атамасқа бол­мас.
Енді шертпе күйді алайық. Жетісу күй­ші­лік мектебінің күйлерін зерттеген және соны өзі тарта алатын Батыржан Әбенов есімді шебер жігіт бар. Ол – Алатаудың арғы беті мен бергі бетінің толық күйлерінің сазын мең­герген, сол дәстүрді ұстанған күйші. Мұ­ның бәрін айтпағанның өзінде, бізде «тө­релер мектебі» деген өз алдына бөлек мек­теп бар. Оның басында Дәулеткерей тұр. Сол кездегі өлшемге саятын болсақ, Дәу­лет­керейдің әкесі Шығай да, аталас туысы Жәң­гір де хан болған, көзі ашық адамдар. Сон­дықтан төрелердің тартысы мен қағысы мүл­де бөлек. Төрелердің күйі тек қана салтанатты шерулерде тартылатын күй екен деуге болмайды. Сол мектептің бүге-шігесін аралаған, сол мектептің күйшілік дәстүрін жаңғыртуға өмірін арнаған Тұрар Әліпбаев деген жігіт бар. Мұның бәрін  тізбелеп айтып отырған себебім мен жоғарыда атап өткен күй­шілердің барлығы – бір-бір күйшілік мек­тептің шырақшысы. Өйткені бізде сол бағытта ғылыми еңбек жасап жүрген, сол бағытта мектеп қалыптастыра алатын күй­шілер бар. Сол себепті бізге күйдің ғылыми не­гізін қалыптастыратын орталық қажет-ақ.
– Жанғали аға, өзіңіз жоғарыда қа­зақ­тың күй мектебінің көпшілік біле бер­мейтін қырларын ашып бердіңіз. Біз­ге белгілісі – шертпе күй мен төкпе күй мек­тебі ғана. Ел аузында осы екі мек­тептің өкілдері арасында алауыздық бар де­генді жиі естиміз. Сіздің ойыңызша, осы екі мектептің күйшілерінің арасында бірлік бар ма?
– Мен өзім, негізі, шертпе күйдің өкі­лі­мін. Мен өнерге, әдебиетке қатысты бөліп тас­­тау, қажетсіз деген ұғымдарды түсін­бей­мін. Алысқа бармай-ақ, осы пікірді қазіргі жағ­­даймен бажайлап көрейік. Мысалы, кө­біміз төкпе күйдің ең мықты өкілі Қалидың шә­­кір­ті, маңғыстаулық Абылдың күйлерін, Нар­­тай­дың күйлерін керемет орындайтын Шә­­міл Әбілтаевтан аса қоймаймыз ғой. Бі­рақ осы Шәкеңнің шығар­ма­шы­лы­ғын алып қа­расақ, өзінің шығарған күйлерінің кө­бісі шерт­пе күй. Төкпе күйдің қайталанбас өкі­лі Қар­шыға Ахмедияровтың күйлерін са­най­тын болсақ, жартысынан астамы шертпе күй. Шерт­пе күйшіміз Мағауия Хамзин Кұр­ман­ғазының «Серперін», «Ақсақ құланды» төк­­пешілерден артық тартпаса кем тарт­пайды. Мұ­ның барлығы күйге деген біт­пейтін ма­хаб­­батты көрсетеді. Өзін таныған, бол­мысын мойындаған күйші ешқашан өзге мек­теп өкілін даттамауға тиіс. Ал ала­уыз­дықты қасақана туғызатындар ел арасында бол­ған, болады, бола береді.
Төкпе күйшінің шертпе күйге, шертпе күй­шінің төкпе күйге деген ынтызарлығы қазақта ешқашан толастаған емес. Бірақ Кеңес өкіметінің идеологиясына сәйкес, бір кездері консерваторияда шертпе күй оқы­тылмасын деген арнайы бұйрық та шыққан. Себебі кеңестік идеология шертпе күйді алашордашылардың мүлкі деп санаған. Мұны ашық айтуымыз керек. Мәселен, Сәкеннің әкесі Сейфолла заманында өте беделді күйші болған және шертпе күйлерді шебер орындаған. Одан бөлек, Қыздарбек, Сембек, Әбди кешегі атылып кеткен, болмаса солақай саясат атын ұмыттырып жібере жаздаған Сайдалы Сары Тоқаның күйлеріне коммунистік партия әбден өштесіп алған. Сол шекпеннен шыққандар әлі күнге шертпе күйді жаратпайды. Ол рас, бірақ жалпы халықтың арасында күйді шертпе, төкпе болғандығынан жек көру деген ұғым жоқ. Төкпе күйдің топырағын мекендеген Адай болса, ол да шертпе күйді жақсы көреді. Өйткені қаны қазақ. Ал қазаққа дұш­пан­дық ойлайтындар күй мектебін бір-бі­ріне қарсы қояды. Бір сөзбен айтқанда, қа­зақтың күй өнеріне жік түсіру, ыдырату, та­мырынан айыру Кеңес өкіметі үшін ба­тыстың симфониялық шығармаларына ши­кізат әзірлеудің алғышарты болатын. Кейбір бел­сенділердің әлі күнге айтып жүргені осы қағида екені даусыз. Ал күйдің түрленіп, құбылып, мектепке жіктелуі Алланың қазаққа берген байлығы деп есептеймін.

Алашқа айтар датым...
Бүгінгі қазақ күйді де, күйшіні де құрметтесін! Жүрек пен сананы тазарту керек. Өз танымын мойындау керек. Қазақ тілі ешқашан жойылмайды. Ол – Қазақстандағы қазақтардың тілі жойылып кеткенде де жойылмайтын мәңгілік тіл. Өзбектің тілі жойылғанымен, қырғыздың тілі жойылмайды. Азиядағы түркітілдес халықтардың тілі жойылғанымен, Осман түркілерінің тілі өз қалпын сақтап қала береді. Қалайда түбірін тауып алады. Ал Алаштың күйі жоғалса, өзбек, қырғыз, түрік қайтадан сол мәнерді ешқашан тауып бермейді. Өйткені ол – осы топыраққа ғана тән өнер. Әр қазақтың таң атпай тыңдайтыны күй болса, жоғалған рухы жаңғырар еді.

Алашқа айтар тілек
«Жастар бұзылып барады» деген сөз мы­на менің замандастарымның аузы­нан шық­са күлкі туғызады. Алайда жас­тар­дың арасында күйді тойға бейімдеп тар­­татындар бар. Оған қарсылығым жоқ. Се­бебі ол – күнкөрісі. Бірақ тойға бе­­­йім­делген күйін сахнаға алып шық­па­са де­ген ағалық ақылымды айтқым ке­леді. Күй­дің де өзіндік сарыны болады. Мы­­са­лы, жазушы атаулының бәрі өз шы­ғар­ма­ларын Ғабит Мүсі­ре­повтің үлгісінде жа­затын болса әде­биеттің құ­ны қалмас еді. Сол сияқты ке­йін­гі күй шы­ғарып жүр­ген іні-қа­рындастарыма да бір­са­рынды күй­ден аулақ болсын дей­мін. Ата-ба­ба­мыз­дан келе жатқан бай­­лы­ғы­мыз­ды, қа­зынамызды кө­зі­міз­дің қа­ра­шы­ғындай сақтауымыз керек.

Ең өзекті пікір
Нарыққа саудагердің ойы бейімделсе, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы бейімделсе, қоғам бейімделсе, ғылым бейімделсе мен оны құп көремін. Ал нарыққа төл өнер бейімделсе, тіпті сөз бейімделе бастаса, онда руханиятыңа ауыр нәубет, жұт келді дей бер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста