«Жастар» спорт сарайы – Талдықорғанның кіре берісінде қаланың сән-салтанатын арттырып, айбарын асырып тұрған спорттық нысан. Соңғы үлгіде салынған сарайдың төбесі киелі шаңырақпен көмкерілген.
«Жастар» спорт сарайы — республикалық және халықаралық масштабтардағы ірі жарыстарды өткізуге, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға лайықталған. Ғимаратта түрлі жаттығуларға арналған спорт жабдықтарының барлық түрлері қарастырылған. Мұнда 1,5 мың көрерменге лайықталған трибуна, шағын футболға және баскетболға арналған спорт аренасы бар әмбебап зал, би залы, самбо, дзюдо, таэквондо, бокс, еркін және классикалық күрес залдарымен қатар жеке мұражайы бар. Үшінші қабатында журналистер үшін баспасөз орталығы жасалған. Ғимаратта спортшыларға арналған қонақүй, фитнес орталық, монша мен бассейн және ойын-сауық орталығы да қамтылған.
Жастар спорт сарайы
Последние статьи автора