Жыныстық қатынастың ләззат алудан бөлек, өзіне тән артықшылықтары да бар. Салмақ тастау ғана емес, иммундық жүйенің күшеюі, қатерлі ісік қаупінің алдын-алу сияқты денсаулық үшін жыныстық қатынастың пайдасы мол екенін ескере кетпеске болмас.
Ең бірінші көпшілікке белігілі бір пайдасы деп, физикалық қозғалыс пен жаттығуды айта аламыз. Басқа жаттығулар тәрізді жыныстық қатынас та калория кетіріп, артық салмақпен күресуге көмектеседі. Бұл да физикалық жаттығу тәрізді есептелінеді, яғгни, сексуальді қозғалыстың жиілігі мен ұзақтығына байланысты калория тартыла бастайды. Мәселен, төсек қатынасы барысында бір сағатта 143-тен 214 –ке шейін калория кетіруге болады.
Күйзелістен құтылудың оңтайлы жолы жыныстық қатынас. Ол ағзаның қабілетін жақсартып, күйзеліс күйінен шығуға мүмкіндік береді. Ал оның әсері артериальді қан қысымының деңгейінен байқалады екен. Яғни, төсек қатынасы аяқталғаннан кейін күйзелісті бастарынан оңай өткереді, осы кезде артериальді қан қысымы да төмендеп тұрады.
Жыныстық қатынастың обырға қарсы әсері бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Үнемі қатынаста болу еркектердегі қатерлі ісіктің (простат) алдын алады. Демек, қаншалықты еркектерде шәует шығару (эякуляция) жиіленсе, соншалықты қуықалды без ісігінің қаупі азая түседі.
Иммунитет үшін де жыныстық қатынастың пайдасы бар. Жыныстық қатынаста денеге қарсы(антител) иммуноглобулиндердің көбеюінен адам ағзасындағы иммундық жүйенің мүмкіндіктерін көтереді. Денеге қарсы, яғни антитела асқорыту жолдарын, ауық қуысын және тыныс жолдарын патогендік микроағзалардан қорғап тұрады.
Жақсы ұйқының кепілі жыныстық қатынаста бола алады. Ләззат алу кезінде ағза ұйқы кезінде ғана шығатын окситоцин, пролактин және вазопрессин сынды заттарды өндіреді екен.Сонымен қатар, төсек қатынасынан кейінгі физикалық әлсіреу де ұйқының күшті болуына әсер ететіні анық.
Жыныстық қатынастың денсаулыққа пайдасы
Последние статьи автора