Жыныстық қатынаста әйелдің жуан белін жіңішкертетін «поза» бар...
Мұндай «позада» әйел екі аптада 5 кг-ға дейін арықтап, белі айшықтала түседі, - деп жазды ERNUR.KZ.
Жыныстық қатынастың әйелдің де, еркектің де денсаулығына келтіретін пайдасы көп айтылады. Әрі қарай тақырып қуып кете берер болсақ, төсек үстіндегі «ойынның» жұптардың өміріне қаншалықты әсер ететіндігі тәжірибе жүзінде-ақ ақталып жатқанын әрбір оқырман ішінен-ақ мойындап отырған болар?!
Жарайды делік. Ал түрлі «позада» атқарылатын шаруаның әсіресе әйел сымбатына әсер ететіндігін естіген бе едіңіз? Мәселен, денсаулыққа байланысты белгілі бір тұрыста жыныстық қатынасқа түсудің зияны болатыны секілді кейбір «позалардың» (көпшілікке таныс сөзбен қалдырғанды жөн көрдік – ред.) әйел сымбатын одан әрі әрлей түсетіні де болатын көрінеді. Сөзіміз сенімді шығуы үшін неміс сексологтарының мынадай зерттеуі мен нәтижесіне сүйенеміз.
Неміс сексологтары жыныстық қатынас кезіндегі «позаның» әйел сымбатына айтарлықтай әсер ететінін анықтаған. Ең маңыздысы – жыныстық қатынас кезіндегі белгілі бір поза әйелдің бел өлшеміне әсер ететін көрінеді.
Зерттеу кезінде сексологтар 480 жұптың қатысуымен тәжірибе жасаған. Оған қатысқан еркектер мен әйелдерге екі апта бойына белгілі бір позаларда ғана жыныстық қатынасқа түсу ұсынылған.
Тәжірибенің соңында зерттеушілер бастапқы көрсеткіш пен нәтижені салыстыра отырып, қандай поза әйелдердің сымбатын айшықтай түсетінін анықтап білген.
Нәтиже бойынша жыныстық қатынасқа тіке тұрып түсу – әйелдің белін жіңішкерте түсетіні, яғни, толық белдің арықтай бастайтыны анықталған.
Мұның себебі неде екенін де неміс мамандары түсіндіріп берген. Төсекке жатпай тіке тұрған күйде «махаббат ойынымен» айналысу кезінде әйел де, еркек те барынша көп қимыл жасау арқылы денеге күш салады. Соның әсерінен бойдағы калория көптеп жұмсалады.
Зерттеу жасалған екі аптада оған қатысқан әйелдердің басым көпшілігінің белі жіңішкере түсіп, 3-5 кг шамасында артық салмақ тастағаны да анықталған.