Жолдасымның жасы кішілігінен ұяламын

Жолдасымның жасы кішілігінен ұяламын

Бұрын жасы кіші ер адамға тұрмысқа шығатындар некен-саяқ кездесетін. Және ондай жағдай болған күннің өзінде ешкім оны бадырайтып айтпайтын. Қарап отырсақ, бүгінгі күні отырған қыздар арасында жас жігіттерге күйеуге шығу белең алған сықылды. Әнші де басқасы да жарысып жас жігіттерге тұрмысқа шығып жатыр.
Тағдырдың жазуы ма, мен де жасым 35-ке жақындағанда өзімнен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шықтым. Күйеу тақырыбын жинап қойып, енді тұрмысқа шықпаймын-ау деп жүргенде мекемемізге жаңадан келген Берік сезімін білдірді. Алғашында шошып кеттім. Менің інімнен де кіші баланың сезімін білдіруі шошытпай қоймады. Жақын араласып дос болып жүріп, менің де оған деген жүрек түкпірінде бір сезім пайда болғандай болды. Араласа келе өзіме арамыздағы жас айырмашылығы білінбейтіндей көріне бастады. Ақыры төсек қатынасына да бардық. Содан кейін достарымыз арасында шағын отырыс жасап, менің ата-анамның алдынан да өттік, оның ата-анасының ақ батасын алдық. Дегенмен жасы кішіге тұрмысқа шығудың өзіндік қиындықтары да болады екен. Ең алғаш бала көтеру үшін медициналық орталыққа барғанымызда, гинеколог ашықтан ашық «сенің бала кқтеру мүмкіндігің аз, өйткені әйел адамның жасы ұлғайған сайын бала көтеру қабілеті азая береді, ал жолдасыңыз кішкене ем алса қалғанының бәрі дұрыс, дер шағы» дегенде кірер жердің тесігін таппадым. Оңашада жылап та алдым.
Әлі бала көтере алғаным жоқ. Бармаған жерім де қалмады. Әлі де үмітім үзілер емес. Бірақ ол бала аңсап басқаға кетіп қалса қайтемін деген қорқыныш маза бермейді. Күн санап өзіме деген бағалауым төмендеп барады. Үнемі одан үлкен көрініп қалмаймын ба деген қорқыныштың өзі ақ мені қартайтып бара жатқандай. Бастапқыда Беріктің туыстары «кәрі кемпір алдың» деп бұл үйге жоламайтын, кейін ақырын-ақырын араласа бастады. Барынша өзінің де туыстарының да көңілін табуға тырысып келемін, бірақ жас біреуге кетіп қала ма деген уайым жеп барады. Қартайып қалдым ба деп ойлап, барынша қымбат опа-далап сатып алып, бетімді күтуге тырысамын.
Біреулер «Жүрсең, жаспен жүр. Барлық күш-қуат соларда. Жаның жасарады. Ешқандай проблема жоқ. Көрінген нәрсемен миыңды шірітпейді», - деп жатады. Бірақ өзім күн өткен сайын үрейден-ақ қартайып бара жатқан секілдімін. Бір бес жыл өткен соң ол мені тастап кететін шығар, үлкендігім көрініп тұр емес пе» деген ой қинап, сол ойдың әсерінен көзімнің айналасындағы әжімдер тіпті көбейіп кеткен сияқты болды.
Әдетте жасы кіші жігіттер кімдердің құрығына түседі? Әрине, үйі-күйі барлардың. Кәрі қыздардың баспаналы болуы, жақсы жалақы алуы – заңдылық. Себебі олар әбден оқуын оқып, тоқуын тоқып, жағдайын жасап алады. Жылап мазалап жатқан баласы жоқ, жандары тыныш. Қонақ келсе, дастархандары жаюлы, төсектері салулы. Мұндай жайлылықтан кім қашсын. Баспана зары өтіп жүрген әрі жалақысы аздау жігіттер мұндай қыздардан бас тарта алмай қалады.
Менің де тұрақты жұмысым, басымда баспанам, астымда көлігім бар еді. Тұрмысқа шыға сала оған да көлік мінгізуге тырыстым. Енді соңғы кездері бір жерге барсақ, жұрттардың көзқарасынан қашатын болып жүрмін. Екеуміздің жас айырмашылығымызды сезген жұрттың сыбырласа қалуы, мойын бұрып қарауы шаршатты. Жиын-тойларға барғанда жасы үлкен әйелдің беттері әжімденіп, жасының жасамыстығы бәрібір байқалып тұрады екен. «Жас қызбен билеп қоймай ма», «басқа біреуге қарап қоймай ма», «менің кәрілігім көрініп тұр ма екен» деген ойлар тойдан да шаршатып қайтарады.
Қыздарға айтарым, жасы кіші жігітке тұрмысқа шығып үнемі үрейде жүргеннен гөрі, жасы үлкен адамның жұбайы болған дұрыс екен. Әйел ағзасының тозып, төсекке қабілетсіз болатын уақыты ерте ме, кеш пе, бір жетеді. Сонда бәрібір шындықтың беті ашылады. Ер адам өзіне қызық іздейді. Жаныңа оның жастығы сол кезде қайтсе де батады. Өйткені жалындап тұрған жас жігітке қыздар толып жатқан мынадай заманда кәрі кемпірдің қойнында жата берудің қызығы қалмайды. Жасы кішіге тұрмысқа шығу түптің түбінде әйелдің соры да болады екен.

Алма САРҚЫТОВА, Астана 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста