Жігітімнің отбасы мені жау көреді
Нәзік жанды әйелдер қауымы, мен сіздердің ой-аікірлеріңізді білгім келеді. Осы сайтты үнемі оқимын.  Ешқашан өзім де хат жазамын деп ойламаушы едім. Бірақ міне, бүгін бар күшімді жиып оқырман қауымға өз сырымды айтқым келіп отыр. Біреуі күлер, біреуі мазақтар, біреуі жанашырлықпен ақыл-кеңесін айтар. Әркім өз өмірінің патшасы, өмірде өз сүрлеуін жақсылап сала білуі керек деген қағиданы өз жаныма жақын тұтамын. менің бүгінгі сыр шашпағым өз жігітім жайлы. мен қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әке-шешем жұмыс істейтін ауылда өз абыройлары, беделдері бар кісі. Алдымда туған әпкем бар. Ол әпкемді кішкентай күнінде апам бағып алғаннан кейін, ол апама табиғи. Сондықтан мен ғана үйдің еркесі де кенжесі де болып өстім. Әкемнің айтып отыратын "Ұлым да, қызым да - сенсің" деген баласымын. Ерке болғанда да есерсоқ алды-артын ойламайтын ерке емеспін. Бар болса сұрайтынмын, жоқ болса ата-анамды қинамайтынмын. Мектепті, колледжді, университетті үзді бітіріп шықтым. Қазірде өз мамандығыммен болмаса да жұмыс істеп отырмын. Ешқашан тұрмысқа шықпаймын, әке-шешемнің қамын жасап, үнемі қастарында боламын деп ойлап жүретінмін. Бірақ адамның дегені емес, Алланың қалауы болады ғой.
 
 
 
 
Включить звук
 
 
activ.kz
Осыдан бір жыл бұрын "Вконтакте" желісінде бір жігітпен таныстым. Басында тек қызығушылықпен сөйлесіп жүріп, қалайша ол жігітті ұнатып қалғанымды білгенім жоқ. Ол - Алматының жігіті, менен үш жас үлкен. Біз басында 3 ай интернет арқылы сөйлесіп жүрдік. Себебі мен ауылдың қызы, аудан орталығында жұмыс жасайтынмын. 22 Наурызға қарсы Алматыға бардым. Сол кезде кездестік.Оның тілінің майдалығы, адам көңіліне қарап сөйлей алуы, кез келген жанның көңілін тез қарата алуына ғашық болып едім. Жігітке сай бойы, ойы болғаннан кейін басқалар сияқты сұлулықтың артына түспедім. Ол мен үшін ең сұлу жан. Сіңілдерім басында сен бұл жігіттен артығына лайықсың десе де, мән бермедім. Менің әңгімемнен кейбіріңіз сонда ол ұсқынсыз болғаны ма деп ойлайтын шығарсыдар. Жо-жоқ ол бойы ұзын, арықша келген, аққұбаша, очки таққан көзінде мейірімге толы жанарын байқадым. Бірден мені достарымен таныстырды. Үйінде екі әпкесі, ұлдан жалғыз. Екі әпкесі тұрмыста. Орысша тәрбиеленген отбасында жалғыз ұл болғаннан кейін ерке өсіпті. Бірақ Ерке болғанмен қолынан бәрі келеді. Өзі шешім қабылдай алады. Отбасында да ешкім бетіне келіп көрмепті. Мені еркелетіп өз махабатына бөлегенде менен бақытты жан жоқ. Менің білмегенімді үйретіп, ешқашан сен білмейсің деп бетіме басқан емес. Бірақ маған қазірден айтайын мен басқалар сияқты емеспін. Өз дегеніммен жүремін, қыздың соңынан кету, айтқанын істеу деген менде жоқ. Егер мені солай қабылдаймын десең, мен - сендікпін деді. Мен қарсы болмадым. Себебі өз отбасымда әкемнің қас-қабағына қарап отыратын біз үшін бұл қалыпты жайт. Ұзағырақ болса кешірім сұраймын. Тек сіздерден ақыл-кеңес сұрарда мені жақсылап түсінсе екен деп, барынша түсінікті жазуға тырысып жатырмын.
Ол маған саған дейін қаншама қыздармен жүрдім, бірақ ешкімге үйленем деген ойым болған жоқ дейді. Сосын ол мені отбасымен таныстырды. Әкесі өте жақсы кісі екен. орысшалау мінезі болғанмен, ақкөңіл. Анасы да жақсы, бірақ бір қарағанда мен ол кісінің мінезді екенін байқадым. Ішімнен жігітім үшін бәріне де көнемін, бұл кісіні де өз анамдай сыйлаймын деп уәде бердім. Біз осы жылы жаңа үй салдық. Шығын да көп болды. Ол қолынан келгенше көмектесіп, суын, светін, жылуын үйдің өзі тартып берді. Әке-шешемде оның жасқсы бала екенін көріп, маған келісімін берді. Ендігі мәселе: үйдегілер оның отбасы келіп саған сырға салып қойсын деп отыр. Ал ол үйіндегі анасымен ренжісіп қалғанына міне 6 ай болды. Не үйіне бармайды, не сөйлеспейді. Өз бетімен күн көріп жүр. Мен оның үйінен кеткенін кейін естідім. Анасы мен әпкелері мені кіналайды. Мен жігітімді қарсы қойып жүр деп ойлайды екен. Маған жақында әпкесі хабарласып сен неге үйге қайтуға көндірмейсің, жаңа жылға дейін көндір  деп қатты жекіп сөйледі. Мен оларды жамандап, қарсы қойсам бір жөн ғой. Сонда да ол кісіге еш сөз қйтармай қолымнан келгенше тырысамын, көндіруге деп айттым. Жігітіме жалынып та, жылап та, ақырын да айттым. Сен үйдің жалғызы шешең сені уайымдап жатыр деп. Бірақ көнер түрі жоқ. Маған сен араласпа, сенің еш қатысың жоқ. Мен не істеп жүргенімді білемін. Осы уақытқа дейін елдің көңіліне қарап келдім, менің көңіліме қарап жатқан ешкім жоқ. Мен өз туыстарымның қандай екенін білдім &ndash дейді. Оның бар айтатыны &ndash Өмірде барым да &ndash тек сен дейді. Қазір қатты қиналып жүр, бірақ маған көрсеткісі келмейді. Осындай қиын кезде оған демеу болғым келеді. Соңғы рет ашуыңды басшы, барып «мамадан кешірім сұрашы» деп айтқанымда, мен ашуланып тұрғаным жоқ. Жалғыздықтан қорықпаймын. Мен олардың амандықтарын тілеймін, жағдайларын жасап қойдым. Мен осындаймын, мені өзгерте алмайсың деді. Ал мен әпкесіне қалай айтамын. Мені жауларындай көреді. Бауыры телефонды алмаса да маған звондап, айқайлап тауып бер дейді. Бірақ ол кіселер маған осылай деді деп еш жамандаған емеспін. Егер маған айтқандарын айтсам, ол тіптен туыстарына қарамай кетеді ғой. Енді басым қатып жүр, не істесем болады екен?
Үйдегілер де сырға салсын дейді... Ал ол қазірше ақша жинап алайын деп, жаңа жұмыс бастап жатыр. Ендігі қорқынышым қашан әпкесі звондап тағы қатты сөздер айтады екен деп алаңдап жүремін. Мен де айталмайды емес, айта аламын. Бірақ болашақта көрісетін адам болған соң, барынша шыдап жүрмін. Оқырмандарым ұзақ болса ренжімеңіздерші. Сіздерден өтінерім, маған ақыл-кеңестеріңізді айтыңыздаршы. Жігітім жаман адам емес, егер ол ренжісе, ренжитіндей бір нәрсе болған ғой, әйтпесе ондай қадамға бармас еді. 
Гүлмира, Алматы облысы