Жігітімді жалықтырып алдым ба...

Жігітімді жалықтырып алдым ба...

Жігітіммен жүріп жүргенімізге биыл төрт жыл болады. Жігітіммен бір ауылда, бір сыныпта оқығанбыз. Мектептен бері жүреміз. Қазір екеуміз де екінші курста оқимыз. Осынша ұзақ уақыт жүріп жігітімді өзімнен жалықтырып алдым ба деп қорқам. Өйткені ол өзгеріп кетті.

 

Бұрындары бір-бірімізді қатты жақсы көретін едік. Менің сезімім әлі де сол баяғыша. Жігітім бұрынғыдай емес. Басында маған күніге келетін еді. «Сені бір күн көрмей тұра алмаймын» деп айтатын. Ал қазір апталап келмейді. Тіпті бір-екі рет айлап жоғалып кеткені бар.

 

Ондай кездерде үш-төрт күнде телефонмен сөйлесіп тұрамыз. Бірақ әңгімеміз қысқа болады. Ол өзінің келе алмайтынын, бүгін жұмысы көп екендігін, әйтпесе шаршап ұйықтайын деп жатқандығын айтады. Мақұл деймін. Жиі ұрысып қаламыз. Кейде ұрыстың соңында мен жылап қалсам, жұбатпастан кетіп қалады. «Қайта келіп жұбататын шығар» деп сол орнымда ұзақ күтем. Бірақ келмейді. Тоңған соң амал жоқ бөлмеме барамын. Үнемі осылай. Келмейтінін білсем де, күтіп тұрам...

 

Ол жақсы адам. Мені де сол баяғыша жақсы көретініне сенгім келеді. «Өзгеріп кеттің, бұрынғыдай емессің» десем естігісі келмейді. Қатты ашуланады. Не болып жүргенін білгім келеді.

 

Бірдеңе әсер етіп жүр оған. Білем. Әйтпесе, оның бұлай өзгеруі мүмкін емес. Сабағын жақсы оқитын. Ішпейтін. Темекі де шекпейтін. Бірақ, кейде мас келетінді шығарды. «Не болып жүр, ашып айтшы» десем, мастығымен «жаным, қиналып кеттім» деді. «Неге?» дегенімде, айтпай қойды. Әлгі сөзді де сау болса айтпайтын еді. Содан кейін мас болып келсе сыр тартуға тырысам. Тағы бірдеңе айтып қала ма деп. Бірақ, одан соң сөзіне абайлайтын болды.

 

Кейде «бәрі жақсы болады, маған сен» дейтіні бар. Бірақ, қалай? Не болып жүргенін ұғар емеспін. Достарынан сұрасам «ештеңе білмейміз» дейді. Бірге қыдырмағанымызға, оның маған гүл әкелмегеніне қанша уақыт болды. Оларды қойшы, гүлі де, сыйлығы да керек емес, тек бұрынғыша болса екен деймін бәрі. Қатынасымызды бұзу ойыма келмеген. Олай ете алмаймын. Қатты жақсы көремін оны!

 

Осыдан бір апта бұрын болған туған күнімді де ұмытып кетіпті. Құттықтамады. Ал маған одан басқа ешкімнің құттықтағаны керек емес еді.

 

Туған күнімнен үш күн бұрын келген. Содан бері көріскен жоқпыз. Екі рет сөйлестік. Әлеуметтік желіде отырады. Жазсам, жауап бермейді бірақ. Үнемі солай.

 

Жігітіме қалай көмектессем болады? Әйтпесе сезімінің бұрынғыша екендігін қалай біле алам? Кеңес беріп, көмектесіңіздерші, өтінем...

 

(Автор аты-жөнін көрсетпеуді өтінді)

alashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста