Сəлеметсіздер ме əпкелер, қыздар?! Сіздердің ақыл - кеңестеріңіз қажет болып тұр. Менің жасым 20-да. Жігітім бар, өзіммен құрдас. Жүргенімізге бұйырса 9 ай толады. Қасымдағы құрбыларымның көбі тұрмыс құрып, ана атанып жатыр. Ал жігітімнің ойы 5-6 жылдан кейін ғана үйлену.
Екеуміз де 3 курста оқимыз. Оқу бітіргеннен кейін өз басым тұрмыс құрып, аяулы жар, Алла берсе ана атанғым келеді. Ол əрбір қыздың арманы, əрі міндеті ғой. Бірақ жігітімнің ата-анасы 5-6 жылдан кейін үйленесің деп айтыпты.
Ата-анасын əлі танымаймын. Жалғыз əпкесі бар жігітімнің, тұрмысқа 18 жасында шығыпты. Ал өзінің жақын-туыстарының барлығы дерлік 30-ға таяп барып үйленіп, тұрмыс құрады. Ерте шыққан апасы ғана.
Құрбыларыммен кеңессем, тұрмысқа ертерек шыққан дұрыс. Денсаулығың нығаяды деп кеңес береді. Өмірде неше түрлі жағдай болады. Ол тек бір Аллаға ғана аян.
Қорқатыным 25-26 жасқа дейін барып, сол жасқа келгенде екеумізде немесе біреуіміз басқа адам кездестіріп қалсақ деп қорқам. Ал бұл мəселе жайында ойнап та,жайлап айтып та көрдім жігітіме, яғни қазіргі заман бөлек қой, жап-жас болып ата-ана атанып жатыр керемет емес пе деп айтып көрдім. Бірақ жігітімнің ойы өзгерер емес. 5-6 жыл деп қатып қалған.
Оның 5-6 жыл деп тұрғаны үй алу, машина алу. Ал мен үшін ол тек қасымда болса болды, сол нəрселерге бірге жеткім келеді. Қандай қиындық болса да бірге көріп, бірге жеңгім келеді.
Құрбыларыма айтсам жігіт кездеспейді емес, əлі талай жігіт кездеседі дейді. Талай жігіттер шыны керек артымнан қалмай жүгіргендері де болды. Тұрмысқа шық деп талай айтқандар да болды жүрмесек те. Бірақ өзіме ұнамады. Өз жігітімді ұнатам, бірақ ақыл беріңіздерші оның ойын қалай өзгертсем болады? Менің 2-3 жылда тұрмысқа шыққым келеді.
Аноним