Жігітім мені мүлде қызғанбайды
Сәлеметсіздер ме! Жасым 19-да. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз қатты керек болып тұр. Жігітіммен жүргеніме 1 жылдан асты. Қатты жақсы көрем. Ол да жақсы көретін. Бірақ,көп ұрысамыз. Бас кезінде ол мені көп іздейтін, xабарласатын, қызғанатын, ешқайда шығармайтын. Мені осылай жақсы көргені өзіме ұнайтын. Бірақ кейін өзім xабарласпасам xабарласпайды, қызғанбайды мүлде. Соны өзіне айтсам, сыртқа білдірмей қызғанам дейтін. Сол үшін қызғанбайсың деп ренжи беретінмін.
Мен өте қатты қызғаншақпын. Тіпті көшеде бір қызға қараса да ұрысып қалатынбыз. Мен оның ештенесіне қарамай жақсы көрдім. Жағдайы төмен отбасынан болатын, бірақ онысын ойлағанда емеспін, қызықтырмайтын. Анам қарсы еді отбасы ұнамайды деп айтатын. Сонда да үйдегілермен ұрыссамда оны жақсы көруімді тоқтатқан емеспін. Қатты ұрыссақ та алдыма бір келсе ұмытып кететінмін ұрысқанымызды.
Кеше бұрынғы қызына xабарласып жүргенін біліп қойдым. Байқаусызда өзі ұсталып қалды. Неге xабарластың десем, жай дейді. Қатты жүрегім ауырды. Бүгін де маған ескртпестен бір отырысқа барғанын инстадан көріп қалдым. Қатты көңілім қалды, бірақ сонда да қатты сағынып отырмын. Өзім бірінші xабарласып кояйын деп отырмын. Намысым жібермей жатыр. Қатты қызғанам,қатты жақсы көрем. Қимаймын, бірақ ұмытқым келеді. Қалай ұмытсам болады?
Ұрыспаңыздаршы, ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Оны ойламай 1 минутта отырған емеспін. Ешқайда қыдыртпайтын ақшам жоқ деп. Көп xабарласпайды, өзім жазам. Сосын ашуланам. Бірақ достасамыз. Оны ұмыту мүмкін емес сияқты. Қазір де басқа қыздармен қыдырып жүрген шығар деп жарылардай боп отырмын. Үйдегілер де көп ұрсады. Мама да болмайтын нәрсеге ұрыс шығарып айкайлап жүреді унемі. Мені ешкім түсінбейтіндей көрінеді. Шаршадым. Қалай шықсам болады осы жағдайдан? Ойымды ешнарсеге бөле алар емеспін. Бірінші жігітім болған сон бәрі осылай біткенін де қаламаймын. Бірақ мамам ол баламен сөйлесуіме қарсы, көп жылатады деп. Не істесем болады және қызғаншақ мінезімді қалай қойсам болады? Оны жақсы көрмейтіндей жүргім келеді. Барынша жеткізуге тырыстым. Әрине, тек өзімді мақтап оны жаман көрсету ойымда жоқ. Оның адалдығына, мейірімділігіне, адамгершілігіне, бәрінен бұрын мені қатты жақсы көретіні ушін бағалаймын. Бірақ қазір не өзгергенін білмеймін. Мүмкін жалықты ма екен немесе қызық емес болдым ба, басқа қызды ұнатып қалды ма немесе өзім оны қатты жақсы көретінімді көрсетіп қойдым ба, білмеймін.
Аноним