Жігітім мен құрбым опасыздық жасады...

Сəлеметсіздер ме апкелер! Менің басымнан өтіп жатқан дəл қазіргі оқиғам құдды бір кино іспеттес. Жасым 18-де. Иə, əлі жаспын, алда əлі де бағындырар асуым бар екеніне сенемін. Мына қызда қандай мəселе деп ойларсыздар. Сол баяғы махаббат құрғыры адамды ауыртып бітті ғой. Жан құрбым менің сүйгеніме тұрмысқа шығады деп кім ойлаған.

 

Бəрін басынан бастап баяндап берейін.

 

Менің жігітім болатын. Мен онымен 8 ай жүрдім. Оны қатты жақсы көрдім. Ол да мені жақсы көрді ма, көрмеді ма білмеймін. Əйтеуір бақытты едім. Күндер өте келе сүйгенімді құрбыммен таныстырдым. Екеуі жақсы тіл табысып кетті. Менің жан құрбым болатын. Оны қатты сыйлайтынмын. 100 дос бергенше 1 адал дос берген үшін Аллахқа ризашылығымды айтып жүретін едім. Бірде жігітім сол құрбымның тел. нөмірін сұрап алды. Ойымда еш нəрсе жоқ берген едім. Алайда жігітімнің оны ұнатып қалатынын, уатсап желісі арқылы сөйлесетінін мен қайдан біліппін. Күндер өте келе құрбымды көп сұрайтынды шығарды. Кездесуге алып шықсаңшы дейтін еді. Ал мен дəл бір араларында "аңқау" адамдай жүре беріппін.

 

Көктем болатын. Тамаша түн еді. Құрбыма асығып, оны қатты сағынғанымды айтайын деп келе жатқанда жарты жолдан сүйгенім деп, жан құрбым деп аялап, сыйлап жүрген адамдарым құшақтасып, маған опасыздық істерін кім білген. Жасымнан тұйықтау өскен қыз едім. Оларға ештеңе деместен сол жерде іркіліп тоқтап қалып, көзімнен жас парлады. Тамаша түнім, құдды енді күн шықпайтын тас түнекке айналғандай. Үйіме келіп, өз-өзіме келе алмадым. Жасымды тыйып, телефон соқтым. Көтерді. Қайдасың деп сұрақ қойып едім, достарыммен жүрмін артынан соғамын деп тастай салды. Солай қайтадан жылап ұйықтап қалдым. Телефон соқты. Мен оған тез келуін өтіндім. Құрбыма да соғып, сені тəтті шайға шақырамын деп алдап шақырып алдым. Екеуі келді. Сыртта тұрды. Екеуі бір-біріне жалт қарайды. Содан əңгімемнің басын ашып, жаңа ғана екеуіңнің құшақтасып тұрғандарыңды көрдім деп едім. Мойындамады. Қатты сөздер айттым. Құрбым да, жігітім де жылап кешірім сұрап, ақыры мойындады. Сөйтсем, құрбымның аяғы ауыр екен. Денемнен біреу мұздай су төккендей қалшиып сол жерде тұра қалдым. Екеуінің де жүздерін көргім келмеді. Жігітім де маған мені сүймейтіндігін, құрбыма үйленетіндігін айтты. Осы жағдайдан кейін кезекпе-кезек тел. соғып жатты. Көтермедім.

 

Арада 5 күндей өтті. 5 күн өз-өзіме келе алмай, тұс көріп жатқандай болдым. Бірақ ашуымды, ыза, кегімді ақылға жеңдіре білдім, ойландым. Сол 5 күн өткеннен кейін құрбым келіп, жігітімнен бас тартатындығын, баланы алдырып тастайтыгдығын айтқан еді. Оның түрін көргім келмеді. Сонда да мен оған баланы алдырмауын өтіндім. Сəбидің не кінəсі бар. Оған тұрмысқа шық деп, екеуіне де кешірім бердім. Бірақ аузым кешірді дегенмен, мына жұдырықтай жүрегім кешірер емес. Міне 1 жарым айда өте шықты. Екеуі сондай бақытты. Оларды жүрегім кешірмеді деп айтқанмен, Аллахтан олардың бақытын тілеймін. Енді тойға дайындық жүріп жатыр. Құрбым қыз жолдас болуын өтінді. Көңілін қалдырмай, жүрегім сыздаса да келіскен едім. Неліктен мен бұлай жаралдым екен деп кейде налимын?! Тағдыр мені бұлай неге сынап жатыр!? Адам баласына сенуден қалдым. Жүрегім қан жылайды.

 

Енді ата-анам, бауырларым үшін өмір сүремін. Бауырларымды аяққа тұрғызып, ата-анама жемісімді беремін бұйырса. Аллахым сүйгендеріңізден айырмасын! Бақытты болыңыздар! Себебі əр адам бақытты болуға тиіс.

 

 

 

Аноним

Alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста